Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде Әож 378. 147 ТҮрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата16.04.2023
өлшемі339,25 Kb.
#174617
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
0 2-АТА-АНА ӨТІНІШ қаржылайға 2022 үлгі, 9 с 130 1,2,3 ,4 т
Түркология, № 4, 2017
2. Белгілеген тақырыптарға, белгілі семантикалық өрістерге
байланысты сөздер. 
3. Оқулықта қолдану үшін өмір шындығынан алынған
құжаттарда кездесетін сөздер. 
Семантикалық өрістерді мүмкіндігінше толық беруге көңіл 
бөлдік. Мысалы, біреу “evli misiniz?” деп сұраса студент “bekârım, 
arkadaşım var, nişanlıyım, evliyim, dulum, boşandım...” сияқты әр түрлі 
жауапты қайтара алуға тиіс.
Түрік тілі үндіеуропалық тілдер шоғырына жатпайтын тіл 
болғандықтан түрік тілінің лексикасы жалпы алғанда фламандық 
студенттерімізге жат. Бұл фламандық студенттерге түрік тілін оқуды 
қиындатады.
Бірақ лексиканы үйренуді жеңілдететін бір фактор түрік тіліне
Еуропа тілдерінен, әсіресе француз тілінен енген кірме сөздер бар, 
көбісі интернационалдық сөз деп аталатын бұл кірме сөздер 
студенттерімізге ана тілі нидерланд тілінен немесе олар үйренген өзге 
Еуропа тілдерінен таныс болуы мүмкін. Мысалы:
taksi, otobüs, metro, telefon, televizyon 
Түрік тілімен ортақ бұл сөздердің осы тілдердегі мағынасы 
түрікшемен бірдей болса, оларды жиілігіне қарамастан диалог пен 
жаттығуларымызда қолдана аламыз.
Қазақ студенттері үшін жағдай өзгеше, түрік тіліндегі кірме 
сөздердің қазақ тілі мен түрік тілі бір тіл тобына, түркі тілдері тобына 
жатқандықтан және тарихи тұрғыдан бір мәдениет аумағына 
кіргендіктен ортақ түркі, араби және парсы сөздердің саны өте жоғары. 
Көптеген ортақ сөздерде фонологиялық өзгерістердің нәтижесінде 
айырмашылықтар пайда болған. Мысалы: түрік тіліндегі сөз 
басындағы y- дыбысына қазақ тілінде ж- дыбысы сәйкес келеді. 
Түркологияда осыған ұқсас бірқатар сәйкестіктер анықталған. Мұндай 
сәйкестіктерді білетін студенттер түрік және қазақ тілдеріндегі ортақ 
сөздерді жылдамырақ таниды.
Тілді үйренгенде мағыналары әр түрлі, бірақ тұлғалары бірдей 
сөздер қате түсініп қолдану қаупі бар. Бұл қауіп “аудармашының 
жалған 
достары” 
деп 
аталады. 
Жалған 
достар 
тобына 
интернационалдық сөздер де кіреді: Мысалы, түрік тіліндегі 
“enteresan” сөзінің мағынасы нидерланд тіліндегі “interessant” сөзінің 
мағынасынан өзгеше. Ана тілі түркі тілдері тобына жататын 
студенттерге түрік тілін оқыту барысында бұл мәселеге арнайы көңіл


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет