Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде Әож 378. 147 ТҮрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата16.04.2023
өлшемі339,25 Kb.
#174617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
0 2-АТА-АНА ӨТІНІШ қаржылайға 2022 үлгі, 9 с 130 1,2,3 ,4 т
Түркология, № 4, 2017 
1. Түрік тілін кімдерге оқытамыз, оқыттық? 
Мен алғаш рет
1973 жылы, 13 жасымда, ата-анаммен бірге Түркияға жасаған 
саяхатымызда түрік тілінде сөйледім. Түрік халқы мені өте жылы, өте 
қонақжай түрде қарсы алды. Сол себепті екі жылдаң соң екінші реткі 
Түркия саяхатынан кейін түрік тілін толық үйренуге шешім 
қабылдадым. Бірінші сабағымды 1977 жылы орта мектептің соңғы 
класында бердім. Бірінші оқушым Түркияға саяхатқа шығуды 
жоспарлаған француз тілінің мұғалімі болды. Университетте оқып 
жүрген кезімде жеке адамдарға түрік тілінен сабақ берсем, 1985 жылы 
Гент университетінің Шетел тілдері орталығында екі түрік тілі курсын 
ұйымдастырдым. Бұл курстарға студенттер және түрік тілін үйренгісі 
келетін жандар қатысты. Сондай-ақ Гент қаласындағы тағы бір 
қоғамдық ұйыммен бірге түрік тілі курсын ұйымдастырдым. 1993 
жылы әйелім Линда Гезелспен бірге өз институтымыз «Ориентал, 
Шығыс тілдері мен мәдениеттерін оқыту орталығын» аштық. Түрік тілі 
және араб тілін үйрету курстарын ұйымдастырдық. Бұл курсқа да 
студенттер мен тіл үйренгісі келетін түрлі мамандық иелері қатысты. 
2006 жылы Гент университетінің Тілмаштық және аудармашылық 
департаментінде түрік тілі бөлімі ашылғанда, бөлім басшысы ретінде 
студенттерге түрік тілінен сабақ бердім. “Haydi Türkçe Konuşalım” 
атты түрік тілін оқыту тәжірибелеріміздің негізінде құрастырылған екі 
томдық оқулық 2008, 2012 жылдары баспадан шықты.
Оқулықтың мазмұнын түсіну үшін ең алдымен түрік тілі 
курстарының 
контекстіне 
және 
курсқа 
қатысушылардың 
ерекшеліктеріне назар аудару керек. Контекст тұрғысынан екі факт 
маңызды болды: Бірінші факт: 1964 жылдан бастап Бельгия мен 
Түркия арасында қол қойылған келісім негізінде жұмыс істеу 
мақсатымен Бельгияға Түркиядан иммигранттар келе бастады, Бельгия 
қоғамы ішінде Түрік ұлттық қоғамы пайда болды. Екінші факт: Түркия 
1970 жылдан соң Бельгиялықтар үшін тартымды бір демалыс елі 
(орны) бола бастады.
Түрік тілі курсындағы тіл үйренушілер тобы мынадай 
категориялардан тұратын: 
- түрік тілін Түркияда қолданғысы келетін туристер, гидтер, 
археологтар; 
- түрік тілін Бельгияда қолданғысы келетін, мамандықтары 
бойынша Бельгияға келіп білім жетілдіріп жатқан түріктермен 
кездесетін оқытушылар, дәрігерлер, медбикелер, дәріханашылар, 


59 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет