ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Өмір сүрудің екі заңын білген адам



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Өмір сүрудің екі заңын білген адам
бақытты болар. Бірі - не болса соны 
жей бермей, азығына талғаммен
қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен 
дос болмай, айналысындағы достарын 
жөнімен таңдай білетін адам.
Омар Хайям


126


127
БИОЛОГИЯЛЫҚ УАҚЫТ 
Таңсәріде оянған дұрыс, себебі бұл әдет 
мықты денсаулыққа, байлық пен даналыққа 
жетелейді. 
Аристотель
Адам баласы уақытқа бағынуға мәжбүр. Әр 
нәрсенің өз уақыты бар. Кез келген іске ти-
есілі уақытына мән беретін болсақ, ұтымды 
нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мысалы, 
таңғы уақыт – өзімізді дамытып, ой-өрісімізді 
кеңейтетін, өнімді жұмыс істеп, шығар-
машылықпен айналысатын уақыт. Түске 
дейін тапжылмай жұмыс атқарғаннан кейін, 
бойымыздағы күшті қайта қалпына келтіріп 
алу үшін түскі уақытта бір мызғып алудың 
маңыздылығы жоғары. Түскі уақытта сәл 
көз ілдіріп, демалып алған адам кешке дей-
ін кез келген істе белсенділік таныта алады. 
20-40 минуттан тұратын түскі уақыттағы 
ұйқы адамның биологиялық уақытына, жа-
ратылыс ерекшелігіне үйлеседі. Кейде бір 
сағаттан көп ұйқы кейбір адамдар үшін түн-
де ұйықтай алмау сынды қолайсыздық ту-
дыруы мүмкін. Ал жарты сағат көлемінде 
жеңіл көз ілдірудің кімге болсын берер пай-


128
дасы зор. Бұл уақытта терең ұйқыға шомбаса 
да, адам миы жақсы тынығып үлгереді. Се-
бебі адам миына көз арқылы толассыз ақпа-
рат келіп түседі. Ал осындай шамалы уақыт 
көз жұмылған сәтте ми нейрондарына жаңа 
ақпарат келіп түспегендіктен, ол өз жұмысын 
қайта қалпына келтіріп үлгереді. Бұл әсіресе 
шығармашылықпен айналысатын, қағазбен 
немесе компьютермен жұмыс жасайтындар 
үшін таптырмас мүмкіндік. Ал физикалық 
жұмыс істеушілер үшін дененің бірер сәт қи-
мылсыз күйге келуі шаршаған жасушалардың 
сергіп қалатын уақыты. Түстен кейін ақылға 
көп күш түспейтін іспен шұғылдану да үлкен 
маңыздылыққа ие. Басқаша айтқанда күннің 
алғашқы бөлігін миға күш түсіретін, сәл ауы-
рлау істерге арнап, ал оның екінші бөлігін сәл 
жеңілдеу іске арнаған дұрыс. Түнгі уақытқа 
келер болсақ, адамның ең жақсы тынығатын 
кезеңі - осы уақыт болып есептеледі. Сон-
дықтан ұйқы уақыты - түнгі уақыт. Күндіз ұй-
ықтап, түнде ояу жүру салауатты өмір салты-
ның негіздеріне қайшы. 
Биологиялық уақыт – ол адам баласына беріл-
ген жаратылыс заңдылығы. Күн тәртібіміз-
де оны есепке алу - жақсы денсаулық кепілі 
екенін естен шағармаған абзал.


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет