ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Бизнесте өткен 50 жылдық өмірден түй-



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Бизнесте өткен 50 жылдық өмірден түй-
генім, егер ерте оянсам, күндік ие болар 
жетістігім көбірек болады, демек өмірде 
де жетістігім көбірек болмақ. 
Ричард Брэнсон, ғарышқа аттанған миллиардер
Утро вечера мудрене́е 
орыс мақалы


130


131
ДОСТЫҚ
«
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
».
Адам өмірін дос пен достықсыз елестету мүм-
кін емес. Досы мен достығына қарап адамға 
баға беруге болады. Досына қарайтынымыз – 
оған соншалықты көп әсер ететін басқа біре-
удің бола қоюы кемде-кем. Достығына қарап, 
жақын адамдарына жасайтын мәмілесін білу-
ге болады.
Адам – жалғыз өмір сүре алмайды. Табиғаты 
тұрғысынан алғанда бір-бірінің жәрдеміне, 
сүйемелдеуіне әрқашан мұқтаж. Әр уақытта 
қолдап демеп отыратын дос адамға керек-ақ. 
Достық әсіресе балалық шақта, жастық ке-
зеңде маңыздырақ. Себебі адамның жасы 
ұлғайған сайын бала-шағасы, жұбайы сын-
ды адамдар әр уақытта жанынан табылатын-
дықтан, досқа деген қажеттілікті сәл азырақ 
сезінуі мүмкін. Бірақ айналып келгенде сол 
жас кездегі достар адамның болашақ өмірі-
не де үлкен өзгерістер енгізеді. Тіпті өмірлік 
бағыт-бағдарына ықпал ететін де осы кезең-
дегі достық деп айтсақ артық айтқандық бол-
мас.


132
Өмірдің оттай лаулап тұрған кезеңінде ба-
сынан өтіп жатқандарын басқа үлкендермен 
бөліспесе де, жанындағы жора-жолдаста-
рымен бөліседі. Күнделікті өмірдің қызығын 
да, қиыншылығын да соларға айтады. Қандай 
да бір мәселеде шығу жолын, шешімін жол-
дастары ұсынатындықтан, олардың оң неме-
се теріс әсерлері болатынының себептерінің 
бірі осы жерде жатса керек. 
Адамның жаңа дос кездестіретін жерлері көп. 
Мысалы, аулада, көшеде, оқу орнында неме-
се жұмыс орнында. Олармен ортақ ісі болған-
дықтан, тығыз араласып, шынайы досқа ай-
налады. 
Сыныптастар мен әріптестерді таңдау көп 
жағдайда адамның өз еркінде болмағанымен, 
жақын дос таңдау әр уақытта өз еркінде. Тіпті 
мәселенің негізі осында жатыр десек болады. 
«Менің достарым кім?», «Кіммен дос бо-
луым қажет?», «Достарымның бойында жақ-
сы қасиеттер басым ба, әлде керісінше жаман 
әдеттері көп пе?» деген сынды сұрақтар өзін 
жетілдірем, өз өмірінің тізгінін өз қолында 
ұстаймын деген әрбір жанды мазалауы тиіс. 
Себебі «сынықтан басқаның бәрі жұғады» де-
мекші, жанымыздан жиі табылатын адамдар-
дың мінез-құлқы мен әдеттері уақыт өте келе 
өз бойымыздан көрініс тауып жатса, таңы-
рқаудың еш қажеті жоқ. Осыған байланысты 


133
әдеп-ахлағы нашар, тәрбиесі мардымсыз, 
жағымсыз қылықтары көп, жаман әдеттерге 
әуес адамға жолдас болсаңыз, осы айтылған-
дардың бірі болмаса бірі уақыт өте келе сіз 
үшін қалыпты, үйреншікті жағдайға айналып, 
бұларды істеуді әбестік көрмеуіңіз мүмкін. 
Мысалы, бұл істерге шылым шегу, дөрекі әрі 
жаман сөздерді араластырып сөйлеу, үлкенді 
сыйламау, біреудің ақысын жеу сынды әре-
кеттерді жатқызуға болады. Қазақ айтпақшы: 
«
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық
». 
Осындай жаман достардан сақтанудың ең 
алғашқы қадамы ретінде жаңа сыныпқа ба-
рарда, университетке түскенде, жаңа жұмысқа 
орналасқанда және осы сынды басқа ортаға 
барар алдында осы жайттарды есте сақтау 
қажет. Өйткені дос таңдау дегеніміз өмірлік 
бағытыңды белгілеу дегенді белдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет