ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Көп адамдар 25 жасында-ақ өліп қалады



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Көп адамдар 25 жасында-ақ өліп қалады. 
Бірақ оларды 75 жасында жерлейді. 
Бенджамин Франклин
Адам өмірінің ең биік шыңы – жастық
Гете
Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары 
да жоқ.
Ғабиден Мұстафин
Жастық шақ – әсем зат, оны жастардың 
оңды-солды шашуы қылмыс. 
Бернард Шоу
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ…
 Абай


15
Жастық шақ – ең үлкен сиқыршы. 
Пушкин
«Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!»
Мағжан Жұмабаев
Жасында тырысқан – қартайғанда 
қуанады.
Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң жоқ бермесі. 
Сәбит Мұқанов


16


17
БІЛІМ
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?!
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кіремін...»
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
Білімді жас кезде үйрену қажет. Өйткені осы 
уақытта үйренген ілім адам жадында ұзақ 
сақталады. Бұған әсер ететін бірнеше фактор 
бар:
1. Жас күнінде адамның жаттау қабілеті 
мықты болады. Сондықтан білім жолындағы 
саяхат ерте күннен басталуы тиіс.
2. Уақыт тұрғысынан алғанда ең қолайлы 
уақыт, ол – осы жас кез. Себебі білім алу – оны 
үйренуден, тиісті деңгейде көңіл бөлуден, үй-
ренгенді қайта-қайта қайталаудан, тіпті кейде 
көп жаттығу жасап машығудан тұратын күр-


18
делі процесс. Мұның бәріне емін-еркін уақыт 
бөлу – жастық шақта ғана бар мүмкіндік. Жас 
ұлғайған сайын күйбең тірлік көбейеді. Қар-
балас ішінде өткен өмірден білімге уақыт ар-
нау қиындай түседі.
3. Жас кезде адамның ойын жинақтауы жеңіл 
болады. Себебі адам ойын шашырататын 
факторлар жас ұлғайған сайын көбейе береді. 
Оны жауапкершіліктердің көбеюімен түсін-
діре аламыз. Бала-шаға мен отбасы алдын-
дағы, жұмыс алдындағы және жалпы ел мен 
қоғам алдындағы жауапкершіліктер.
Білімнің іргетасы жас кезде қалануы керек. 
Білім туралы түсінік жас кезде қалыптаспаса, 
онда өмір бойы ол адамның біліммен ара-қа-
тынасы дұрыс бола қоймайды. Ал жас кезде 
негізі құрылған ілімге өмір бойы жаңа ілім-
дерді кірпіш қалағандай қалап отыру қиынға 
соқпайды. «Білім тал бесіктен жер бесікке 
дейін» деген халық даналығын өмірлік прин-
цип етіп алу үшін үнемі білімін толықтырып 
отыру дағдысы осы кезеңнен бастау алса 
нұр үстіне нұр болмақ. Жастар білім алуға 
кедергі болатын жайттарды айтып сылтау-
ратқанымен, жалпы алғанда адам өмірінде 
жастық шақтан артық білім қонатын уақыт 
жоқ. Керісінше жас кезінде аяғын шалған 
бүкіл кедергілерді жеңіп шыққан жастардың 
өмірде қандай жетістіктерге жеткеніне тарих 


19
куә. Сол кедергілердің бәрін кесіп өтіп, өз-
өзін жеңе білу, жалқаулығымен күресіп, бала-
лығын қиып, уақытын білім үшін пида етіп, 
күш-қайратын осы жолда сарп ету – нағыз ер-
лік. Бұған байланысты Хакім Абай «Ғылым 
таппай мақтанба» атты өлеңінде:
«...Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз, 
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз», – дей отырып, 
білім алу жолында дүниені де, малды да, ба-
лалық пен жастық шақты да қиюға тұратын 
ерекше атап өтеді. Жас уақытта көңіл гүлдей 
жайнап тұрған кезеңді білім алумен өткізу не-
ткен ғанибет десеңізші! Ал осы кезеңді ілім-
білімнен мақұрұм ету – болашақ өмірге балта 
шапқанмен пара-пар. Өз өмірін түнекке итер-
мелеумен тең.


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет