ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Мақсаты биіктеген сайын адам да рухани



Pdf көрінісі
бет6/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Мақсаты биіктеген сайын адам да рухани 
толыса береді.
Фридрих Шиллер


27


28


29
КІТАП ОҚУ
«…Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. 
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!»
– деп 
хакім Абай жырламақшы, адамның өзін та-
нуы, әлемнен Жаратушының хикметін сезуі 
– адамның бұл өмірдегі басты миссиясы. Бұл 
өлеңінде Абай өмірдің тағы бір ақиқатын 
айтады. Ол – адам өмірінің бір орында тұр-
майтыны, судай ағып кете баратыны. Осын-
дай жылдамдықпен өтіп жатқан өмір ағысы 
ішінде өз миссиямыз орындалуы тиіс. Оның 
толқындары бізді бағытымыздан жаңылдыр-
мауы шарт. Миссия толық орындалуы үшін 
нақты мақсаттар керек. Себебі мақсатсыз 
жолға шыққан қайықтың өзіндік бағыты бол-
майды. Өмір ағысы ондай адамды әбден әбі-
герге салады. Ондай қайық тауға да, тасқа да 
соғылып, ақыр аяғы алпауыт толқындар оны 
жағадан бір-ақ шығарады. Орыс ертегісіндегі 
сынық астауына қайта оралған кемпірдей бар 
нәрседен мақұрым қалады.


30
Адам баласы дүние есігін енді ашқан сәтін-
де қара сия түспеген ақ қағаздай таза бола-
ды. Осы ақ қағаз адам қаласа да, қаламаса да, 
қандай да бір нақыштармен тола бастайды. 
Ақ қағазды шимай-шатпақсыз ұқыпты түрде 
әдемі өрнектермен бейнелеу – нағыз дана-
лықтың нышаны. Бірақ адам бұл жалғанда 
дана болып, біліп тумайды. Өмір ағысына 
енді қосылып, желкенін жаңа ашып жатқан-
дар үшін басты жол – осы істің майталман-
дарына жүгіну. Қазақта «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет