Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері


Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешімдер қабылдау уақыты



бет3/16
Дата21.07.2020
өлшемі48,57 Kb.
#63565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешімдер қабылдау уақыты

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағда­рыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті. 

Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. 

Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық. 

Ұлттық және трансұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларындағы “қазақстандық үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік. 

Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік. 

Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алды. 

“Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.

Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса маңызды жұмысты біз тұңғыш рет жүргіздік. Халық бізге риза – біз жақсы жұмыс атқардық. 

Барлығы да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды. 

Біз рецессияға жол бермедік, өйткені, не істеу керектігін білдік және мұны жедел істедік. 

Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: “Табыс кім батыл қимылдаса, соның үлесіне жиі түседі”. Ал біз батыл қимылдадық. 

2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық. 

Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.

Өткен жылы біз Қор қаржысының бір бөлігін жұмсадық, ал бүгінде Қордың көлемі өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенін атап өту маңызды.

Қордың арқасында біз дағдарысқа қарсы шараларды жүргізіп қана қойған жоқпыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған маңызды активтерді қайтардық. Бұл – Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, “Богатырь” разрезі, Қашағандағы біздің үлесіміз, Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты. 

Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. 

Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 

Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз. 

3. 2020 Стратегиялық жоспары –көшбасшылыққа қазақстандық жол 

Бізге мыналарды атқару керек: 

1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу

2. Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу; 

3. Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау; 

4. Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.




Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет