Сынып жетекші және оның міндеттері

Дата30.01.2023
өлшемі132,23 Kb.
#166796
түріСабақ
Байланысты:
сынып жетекш1
Мурагаттану, offiwiz file, Нурс отчет, Электр аппараттары Дәріс -4, БОӨЖ 2

Сынып жетекшісі және оның міндеттері

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітеді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінсн тағайындалып, олар білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің аукымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленуішілердің мемлекеттік зандарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды.

Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектедді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

  • Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
  • • жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

    • сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

    • оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы;

    • тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;

    • оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

    • сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;

    • оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

-тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

-ұжымды ұйымдастыру және дамыту.

- оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.

Осы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар:

-диагностикалық; -коммуникативтік;

-тәрбиелік; -жобалаушылық;

-ұйымдастырушылық; -әрекеттік,

-дамытушылық; -әдептілік,

-ынталандырушылық; -бағалаушылық;

-қорғаушылық-қамқоршылық; -түзетушілік.

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет