Жаңа сабақты түсіндіруде


Электрондық әдістемелік кешендерді пайдаланудың тиімді жолдары



бет14/18
Дата31.03.2023
өлшемі3,38 Mb.
#173407
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Документ Microsoft Office Word, isk o vzis zadol, Кураков Н.А, Документ Microsoft Word (6), 4-апта, БИСЕНГАЗИЕВА БОХОРОВА, 11, Білім беру бағдарламасы, Айырша (тимус) без гормондары
3.2 Электрондық әдістемелік кешендерді пайдаланудың тиімді жолдары

Оқу үрдісінде теориялық және әдістемелік білімді ұдайы толықтырып үздіксіз іздену-бүгінгі ақпараттық қоғамның басты талаптарының бірі. Соның ішінде электронды оқулықты білім беру үрдісінде пайдалану. Электронды оқулық-комплексті емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе. Электронды оқулықты сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.


Электронды оқулықтың тиімді жағы көп: физикадан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электронды оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік және т.б. материалдардың барлығын пайдалана аламыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар бұл оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін туғызады.
Ал электрондық оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймай, оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаттары:
- Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады;
- Ақпараттық ізденіс қабілетін дамытады;
- Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;
- Оқушылардың алған білім, білік дағды деңгейін бағалайды;
- Тақырып бойынша оқушының ынта-жігерін, ойлауын, ізденісін қалыптастырады;
- Сарамандық тапсырмалар орындайды және т.б.
- Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады.
Заман талабына сай ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады. Электрондық оқулықпен оқыту жүйесінің құрылымдылық диаграммасын қарастырайық. Оның құраушы элементтері «оқушы-компьютер-мұғалім» арасындағы қарым-қатынас. Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды [43].
Электрондық әдістемелік кешен немесе оқулық күндізгі әсіресе дистанциялық оқу бөлімінде оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшін қажет. Өйткені ол: оқытылатын материалды басқалардың көмегімен түсінуді жеңілдетеді;

  • дайындық деңгейіне байланысты студенттің қажеттіліктеріне сәйкес интеллектуалдық мүмкіншіліктерімен және амбицияларымен
    адаптацияны жібереді.

  • көптеген түрлендірулерден және есептеулерден босатады, есептің мәніне шоғырланып, есептер шығару және мысалдар қарастыру;

  • жұмыстың барлық кезеңдеріне байланысты өзін-өзі тексеру үшін кең мүмкіншіліктер туғызады;

  • жұмысты ұқыпты және көрнекі түрде безендіріп, мұғалімге файл түрінде өткізуге мүмкіндік туғызады.

Электрондық оқулық оқушыға берілген пән бойынша жан-жақты білім алу үшін қажет.
ЭК арнайы аудиторияларда өтетін практикалық сабақтарда пайдалы. Өйткені ол:

  • компьютердің көмегімен көптеген есептер шығаруға, алынған шешімдерді анализдеуге кететін уақытты босатады;

  • мұғалімге сабақты компьютерде өздік жұмыс ретінде өткізуге
    мүмкіндік туғызады;

  • мұғалімге компьютердің көмегімен оқитындардың білім деңгейін бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейін және мазмұнын беруге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі кезде Республикалық білім беру ақпараттандыру орталығы негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.
Оқушылар үшін электрондық оқулық - мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік сынаққа дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Сонымен қатар, ол студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электронды оқулықтарды әзірлеп оны дамытудағы негізгі мақсат - түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыру.
Электрондық оқулық - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол студентке өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Және де электрондық оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде пайдалану - алғашқы қадам, яғни бұл білім жүйесін дамытудың көрнекті белесі, ол мүғалімнің қазіргі кездегі рөлін дұрыс түсінуге мүмкіндік тұғызады.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа атқарылуда.
Қазіргі заман талабына сай болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және пайдалану. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықтарды пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмай отыр. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтежиесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады [44].
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электорндық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электорндық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.
Электорндық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Кейін сынақ не эмтихан тапсырылуы тиіс болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады.

  1. Мазмұндау - мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру.Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтерді де қолдану.

  2. Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, граффик түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.

  3. Өзін - өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі.Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.

Қорыта келе, электорнды оқулықтың құрамында:

  • титул беті;

  • мазмұны;

  • аннотация;

  • оқу материалыңың толық мазмұны (схемалар, кестелер, графиктер, иллюстрациялар);

  • автор жөнінде мәлімет;

  • праграммамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс;

  • Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:

  • оқытудың сапасы артады;

  • оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

  • уақыт үнемделеді;

  • мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру,бақылау алу, бағалау,білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс- әрекетке көшуіне алып келеді;

  • түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;

  • түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;

Сонымен, болашақта мұғалімдердің электорндық оқулықтарды қолдануы -шығармашылықпен жұмыс жасауға, белсенділікті арттыруға т.с.с мүмкіндіктердің көп екенін көріп отырсыздар.
Олай болса, әр ұстаз қауымы осы жаңа ақпараттық технологиялардың қыр – сырын жетік игеріп, жеке электорндық оқулықтар шығарып, болашаққа нық қадам басайық.
Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет