Жаңа сабақты түсіндіруде


Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі



бет15/18
Дата31.03.2023
өлшемі3,38 Mb.
#173407
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Документ Microsoft Office Word, isk o vzis zadol, Кураков Н.А, Документ Microsoft Word (6), 4-апта, БИСЕНГАЗИЕВА БОХОРОВА, 11, Білім беру бағдарламасы, Айырша (тимус) без гормондары
3.3 Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі

Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.


Оқу жүйесінде информациялық технологияны жалпы қолданудың мазмұнынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді. Олар:

  • компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса
    пайдалануға болатынын анықтау;

  • оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;

  • компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;

  • әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес
    келетін компьютерлік оқу құралын жасау.

  • Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің "алшақтығы" білім берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.

Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

  • таратылып берілетін оқу материалдары;

  • бақылау және тесттен өткізу материалдары;

  • жаттығулар;

  • топпен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге
    арналған әдістемелер;

  • әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра
    пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-
    бірімен алмастыру жолады;

  • экраннан берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын
    компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы
    беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс [45].
Мұнда мынандай негізгі талаптардың орындалуын атап өтсек, олар:

  • компьютерде қолданылатын ақпараттық-оқу материалдары мен
    тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;

  • берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін
    жасау, яғни оқу процесіне сай компьютердің функционалдық
    ерекшеліктерін ескере отырып, бұрынғы дидактикалық тәсілдерді
    жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы қажет;

  • оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір
    тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке
    "сценарийін" жасайтындай мүмкіндіктер болуы қажет;

  • даярланған программаның "ашықтық" деңгейін анықтау, яғни оны
    пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу
    жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы
    керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе
    оқу процесін басқару бөлігін жетілдіру, т.с.с.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі, олар: Delphi, Visual Basic, Power Builder, Power Point, т.б. Бұларды пайдаланудың артықшылықтары:

  • программа жасау мерзімін қысқарту;

  • программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да
    оны сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;

  • оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны
    пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру
    мүмкіндіктерін беру;

  • оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда)
    тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет