Жаңа сабақты түсіндіруде



бет2/18
Дата31.03.2023
өлшемі3,38 Mb.
#173407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Документ Microsoft Office Word, isk o vzis zadol, Кураков Н.А, Документ Microsoft Word (6), 4-апта, БИСЕНГАЗИЕВА БОХОРОВА, 11, Білім беру бағдарламасы, Айырша (тимус) без гормондары
Зерттеу нысаны: физикада білім беруді ақпараттандыру.
Зерттеу пәні: орта мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану.
Зертттеу мақсаты: ақпараттық коммуникативтік технологияларды физика пәнін орта мектептерде оқытуда электронды оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділігін арттыру, мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зертттеу міндеттері:

  • мектеп оқушыларына физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктерін айқындау;

  • оқушылардың білім сапасын арттыру үшін ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесін жасау;

  • физиканы оқытуда электрондық оқулықты пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Зерттеу әдістері: білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жүргізу; физика пәні бойынша Delphi ортасында жасалған электрондық оқулықтарға, әдістемелік құралдарға ғылыми-әдістемелік негізде талдау жасау; үйретуші мультимедиялық бағдарламалар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • мектеп оқушыларының және студенттердің білім сапасын арттыру үшін ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда қолданудың ерекшеліктері айқындалды;

  • физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесі мен электрондық оқулық жасалды.

Зерттеудің жетекші идеясы: ақпараттық технологиялардың әдістемелік мүмкіндіктерін анықтау негізінде оларды оқыту процесінде тиімді түрде пайдаланса, орта мектептерде физиканы оқыту нәтижелері жоғары болады.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші және екінші кезеңде білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық коммуникативтік технологиялық құралдардың дамуы мен оқытудың ақпараттық технологияларының негізгі бағыттары мен бастапқы түсініктері анықталды; психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену мен теориялық талдау процесінде және функционалдық негіздеу арқылы физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың негіздері айқындалды; физика курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттарын IT-технологияларды пайдаланып оқытудың мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді.
Үшінші кезеңде анықталған әдістемелік шарттарға сәйкес физиканы оқытуда 11-сыныпқа арналған электрондық оқулықтар жасалып, алынған нәтижелер талданды; жұмысты рәсімдеу аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет