Жаңа технология элементтерін тиімді қолдану


Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып ,білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді



бет2/6
Дата20.09.2022
өлшемі223,41 Kb.
#150125
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
zhana tech 263
Бала құқығы тренинг

Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып ,білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану-оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.

  • Қазіргі кезде неліктен білім технологиясы жайлы көп айитылуда? Жаңа заманымыздың білім жүйесі оқу- тәрбие үрдісінде технологиядағы түрлілігімен сипатталады.Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға ерекше көңіл бөлудің себебі неде?Біріншіден, педагогикада іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға қажеттіліктің тууы. Екіншіден , оқытуда жеке белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру. Ең соңында технологияны жобалау –оқушы мен ұстаз арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып, білімге қызығушылығын арттыруды бір жүиеге келтіру, әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу.Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт.
  • Бұл жетістіктерге тәжірибе алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді.Демек білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту –бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып , шығармашылық пен жұмыс істеуге үйретуіміз керек.Тиімді әдістердің бірі-электрондық оқулықтармен жұмыс істеу.
  • Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді,.Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызғады, өз білімін көтеруге ұмтылады.Компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірибелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды.
  • Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпаратты технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын ,қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін –өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады.
  • Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау,жұмыс істеу қабілеті дамиды.Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады.
  • Ал,ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
  • Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар,шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады,оқуға деген қызығушылығын арттырады,уақытында тапсырмаларды орындай алады,ғылыми –зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі,уақытты үнемдейді,қайталау мүмкіндігін кеңейтеді,орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.
  • Қазақ тілін үйренуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту.Осылай біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп,жақсы психологиялық жағдай жасаймыз.Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп,бір мезгілде іске асыамыз.Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз,сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды,интенсивті болады.
  • Қазақ тілі сабағында компьютеді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады.Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады,өйткені, кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп,көмекке келеді.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді.Осы технологиялардың ішінде жобалау әдісі арқылы оқыту-тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
  • Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бі жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясын қолдана бастадық.
  • Жобалау технологияның маңыздылығы- оқушыладың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді.Жоба түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі.Осы технология белгіленген нәтижеге жетіп,қорытынды шығаруға бағытталған.Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып,мәселені шешу баысында алан білімдеріне сүйене отырып ізденеді.Кез-келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше,жұптық ,топтық жұмыс істеу іскеліктерін әрқашан жобалау тәсілі бойынша іске асырылады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет