Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне лайықты болуы керек. Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ,жас ұрпаққа білім беру ісін де әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстасақ қателеспеспіз.
Қорыта келгенде, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерін тиімді пайдаланып отыру оқушының ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын, шығармашылық талабын дамыту барысында біршама нәтижесін бере алады деп ойлаймын.
Берілген сөйлемдерге жан-жақты талдау. Өз пікірін білдіреді. Бастауыш сыныптардан тіл білімінің фонетика саласымен таныс болғандықтан фонетикалық талдауды дыбыстарға сатылай комплексті талдау мен математикалық тәсілмен талдаттым.
Ол үшін педагогика ғылымының кандидаты, доцент Н.Оразқынованың сатылай комплексті талдау сызбаларын тиімді пайдаланып отырамын.
“Фонетика” тарауын өткенде мына сызбаны қолдандым.
сөз
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:жуан, жіңішке.Аралас буынды сөздер.
2.Буын: ашық, тұйық, бітеу.
3.Тасымал
4.Екпін.
5.Буын үндестігі.
6.Дыбыс үндестігі:
а) ілгерінді ықпал
ә) кейінді ықпал
б) тоғыспалы ықпал