«ЖАҢартылатын энергия көздерін пайдалану»



бет8/10
Дата25.11.2022
өлшемі2,43 Mb.
#159802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
РГР 2 ИВИЭ (1)
зазание для магистров 1 курса
Биомасса газдандыру
1 килограмм биомассадан шамамен 2,5 нм3 генераторлық газ алуға болады, оның негізгі жанғыш компоненттері көміртек тотығы (СО) және сутегі (H2) болып табылады. Газдандыру процесін жүргізу әдісі мен шикізатқа байланысты төмен калориялық (қатты балластырылған) немесе орташа калориялық генераторлық газ алуға болады. Метанды ферменттеу арқылы мал көңінен биогаз алынады. Биогаз 55-75%-ға метаннан және 25-45%-ға СО2-ден тұрады. Мал көңінің бір тоннасынан (құрғақ салмағы) 250-350 текше метр биогаз шығады. Биогаз өндіретін қолданыстағы зауыттардың саны бойынша әлемдік көшбасшы - Қытай. Лэндфилл-газ - биогаз сорттарының бірі. Ол коммуналдық қалдықтардың полигонында пайда болады. АҚШ-та 2002 жылы 350 лэндфилл-газ өндіретін зауытты пайдалануда болды, осындай зауыттар саны Еуропада – 750, әлемдегі жалпы саны - 1152, өндірілетін энергияның жалпы сомасы - 3929 МВт, қалдықтарды өңдеу көлемі - 4,548 млрд тонна.
Ресурстар
Ресей жыл сайын құрғақ органикалық қалдықтардың баламасында 300 млн тоннаға дейін жинайды: 250 млн тонна ауыл шаруашылығы өндірісінде, 50 млн тонна тұрмыстық қалдықтар ретінде. АҚШ бос жерлерде жыл сайын биомассаның 1,3 млрд тоннасын (Switchgrass - тары алуаны) өсіре алады. Осы биомассадан тәулігіне мұнайдың 4,5 млн барреліне тең биоотын көлемін өндіруге болады.
III Қорытынды
Биомассаның энергетика саласындағы қолдануы
Биомасса жанғыш тақтатастар, уран, көмір, мұнай және табиғи газдан кейін қазіргі уақытта қол жетімді энергия көздерінің алтыншы қоры. Шамамен жердің толық биологиялық салмағы 2,4·1012 тонна мөлшерімен бағаланады. Биомасса тікелей күн, жел, су және геотермалды энергияларынан кейін өнімділігі бойынша бесінші жаңартылатын энергия көзі, Жыл сайын жер бетінде шамамен 170 млрд тонна бастауыш биомасса өндіріледі және шамамен сол мөлшер жойылады. Биомасса әлемдік экономикада пайдалануы бойынша ең ірі жаңартылатын ресурс (бір жылда 500 млн тоннадан астам) Биомасса жылу, электркуаты, биотын, биогаз (метан, сутегі) өндіру үшін пайдаланылады. Биомасса отынының басым бөлігі (80%), ең алдымен ағаш, дамып жатқан елдерде үй жылыту және тамақ дайындау үшін пайдаланылады.

Қазақстан Республикасында тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі шешілу жолында. Сол себептен, қоқыс газын алу және пайдалану өте өзекті мәселе болып табылады. Мысалы, Халықаралық энергетикалық ұйымның мәліметі бойынша, бір полигоннан алынатын газ, 200 мың пәтерді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады және ол жаңа энергия көзі. Тұрмыстық қатты қалдықтарды энергия көзі ретінде пайдалану жақын арада қолдану үстінде. Сонымен қатар, биогазды өндіру «жасыл экономика» бағытында өте өзекті болып табылады. Егер біз ауыл шаруашылығы қалдықтарын, Қазақстан Республикасының энергия өндірісінің теориялық әлеуеті ретінде қарастыратын болсақ, онда өсімдік, мал қалдықтарынан, коммуналдық қалдықтарынан, сұйық және қатты қалдықтардан және ағынды сулардың тұнба қалдықтарынан энергия алуын анықтайтын «биомасса энергиясы» деген түсінік қалыптасады. Қоқыс газы – биогаз сорттарының бірі. Ол полигоннан тұрмыстық қалдықтарды тығыздау нәтижесінде алынады. Полигондағы қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс газының түзілуі және қоршаған ортаға әсерін барынша азайту сұрақтары өте өзекті болып табылады. Газды өндіру және келешекте пайдалану экологиялық және экономикалық тұрғыдан ең қолайлы және ақылға қонымды перспективалы шешімдер болып табылады. Қоқыс газды өндіру және тасымалдау жөніндегі қымбат іс-шаралар тұтас кешенді талап етеді.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс» университеті
«Электр энергетика және электр техника» институты 
«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет