10 БИЛЕТ
Тапсырма 1. Науқас Ф., 22 жаста, ЖИТС. Қазіргі уақытта пневмония бойынша ем қабылдауда. Пациентті қақырықпен жөтел, терең тыныс алу және жөтел кезіндегі кеуде қуысының ауыруы, үдемелі ентігу, бас ауруы, бұлшық еттер мен буындардың ауыруы, дене қызуының 39,30С дейін жоғарылауы мазалайды.
Жалпы қан анализі: Нb - 100 г/л, эритроциттер - 3,1·1012/л. лейкоциттер – 2,9·109/л: эозинофильдер – 1%, базофильдер - 0%, т/я нейтрофильдер – 7%, с/я нейтрофильдер - 81%, лимфоциттер - 10%, моноциттер - 1%. Тромбоциттер - 130,0·109/л. ЭТЖ - 45 мм/с.
Полимеразды тізбекті реакция көмегімен респираторлық жолдағы бөліндіні зерттеу: ДНК Pneumocystis jirovecii (carinii) ДНҚ-сы анықталған.
1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Бұл жағдайда инфекциялық процестің дамуы туралы айтуға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз. Бұл жағдайда макро - және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы қандай? Инфекция қоздырғыштарынан организмді қорғаудың қандай механизмдері бар?
2. Бұл жағдайда пирогендердің шығу тегі қандай? Қандағы лейкоциттердің жалпы санының төмендеуі аясында науқаста дене қызуының жоғарылауын түсіндіріңіз. Бұл жағдайда ыстық түсіретін препараттарды тағайындау керек пе және неге?
3. Ерте жастағы балалардағы қызба дамуының және температуралық гомеостаздың ерекшеліктерін атаңыз.
Жауабым
1. Науқаста патогенді фактордың 2ші кезеңі. Науқаста инфекция әсерінен қан жасушалары өзгерілген, дәлел ретінде қан анализіннен байқаймыз.
3.Жаңа туған балаларда химиялық термореттеу немесе жылу өңдіру реттеу біршама жетілген болсада, физикалық және жылуды сыртқа шығару реттеу көпке дейін жетілмеген болады. Сол себептен олар ересек адамға қарағанда тез қыздырылады. Ерте жастағы балаларда қызуы біресе көтіріліп біресе төмен болып тұрады. Оларда сыртқа шығару және физикалық термореттеу қабілеті жетілмеген.
Тапсырма 2. Нәресте М., 11 айлық, педиатрға тексерілуге келген. Анасының айтуынша бала соңғы 3 айданбері мазасыз, ұйықысы нашар, тершеңдік, кейде құрысулар пайда болады.
Анамнезінде: нәресте қыста, шала туылған. Бала емізуде 3 айға дейін болған, содан кейін жасанды тамақтануға ауыстырылған. Жиі суық тиіп ауырады. Таза ауада сирек болады.
Объективті: басында маңдай дөңесі мен шүйде бұдыры айқын көрінеді. Тісі - 2. Желкесінде шашы жоқ. Бұлшықеттерінің айқын гипотониясы, бала өздігінен отыра алмайды, оны отырғызуға тырысқан кезде омыртқасының деформациясы байқалады. Кеуде қүысы деформацияланған – «құстөс көкірек», қабырғаларында - «тәспі тәріздес» бұдырлар байқалады. Аяқтары — Х-тәрізді қисайған. Баланың психомоторлық дамуы артта қалған.
Биохимиялық қан анализі:
жалпы нәруыз - 63 г/л (норма 51-73 г/л)
холестерин - 4,6 ммоль/л (2,9-5,2 ммоль/л)
глюкоза - 4,3 ммоль/л (норма 3,3-5,6 ммоль/л)
сілтілі фосфатаза - 985 Бірл/л (норма 122 – 469 Бірл/л)
1. Бұл жағдайда зат алмасудың қандай бұзылысы туралы ойлауға болады? Сіздің қорытындыңызды растау үшін балада қанның биохимиялық анализінде қандай қосымша көрсеткіштерді анықтау керек? Осы ауру кезінде олардың деректері қалай өзгереді? Бұл зат алмасуды реттеуге қандай гормондар қатысады? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Науқаста қандай аурудың дамуын болжауға болады? Бұл аурудың этиологиясы мен патогенезі қандай?
3. Бұл аурудың алдын алу және емдеу принциптері қандай? Неліктен тағам құрамындағы майлардың балансын қадағалау маңызды?
Жауабым
Балада нәруыз бұзылысы дамымаған,жалпы нәруыз - 63 г/л норма .
Барлық биохимиялық қан анализдері норма қалыпты.
Сіздің қорытындыңызды растау үшін балада қанның биохимиялық анализінде қандай қосымша көрсеткіштерді анықтау керек?
Яғни амбулаториялық деңгейде жүргізілетін болсақ қосымша диагностикалық тексеріп-қарау қажет олар;
-ЖНА;
-биохимиялық қан анализі яғни фосфор, калий, СФ, кальций
- аяқтардың КТ (бұзылыс сипатын нақтылау және операциялық емге көрсетімдер туралы мәселені шешу үшін);
- ЭКГ.
екі проекцияда екі аяқ-қолдың рентгенографиясы.
Бұл балада мен Мешел ауруы деп болжап отырмын өйткені мешел – ол ерте шақтағы балалардың жүйелі ауруы, бұл аурудың негізі кальий мен фосфор алмасудың бұзылуын құрайды. Сүйек өсудің бұзылуы анықталады, нерв жүйесі және ішкі ағзалар функциялары зардап шегеді. Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі- Д витаминінің жетіспеуі.Бас сүйектері жағынан-сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі,үлкен еңбектің уақтынан кеш жабылуы, тістерінің кеш шығуы байқалады.
Патогенезі
Рахитпен ауырғанда кальцийферолдың жеткіліксіздігі алмасу працестерінде едәуір өзгерістер туғызады. Аурудың патогенезінде фосфор-кальций алмасуының бұзылуы ерекше орын алады. Кальциферолдың тапшылығы кальций мен фосфордың ішектерде сорылу механизмінін, бүзылуына әкеп соғады, мүнын, өзі осы минералдық заттардын, қан плазмасындағы, клеткадан тыс сұйықтар мен сүйек тканьдарындағы мөлшерінін. кемуіне байланысты болады. Рахитпен ауыратындардың қанында анорганикалық фосфордың мөлшері ауру күшейіп тұрғанда дені сау балалардағы 1,454- 1,615 ммоль/л орнына 0,484—0,646 ммоль/л мөлшерінё дейін төмендейді. Аурудың күшеюіне байланысты кальцийдің мөлшері де 2,614—2,739 ммоль/л орнына 2,365— 2,490 ммоль/л мөлшеріне дейін кемиді.
Емдеу мақсаттары:
аяқ-қолдың деформациясын жою,косметикалық ақауды жою және науқастың өмір сүру сапасын жақсарту сонымен қатар 15 ші жалпы диеталық үстел
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері олар
-ЕДШ
-массаж,
-физиоемдеу;
-деформацияны консервативтік түзету мақсатында гипс таңғыштарын -кезең-кезеңмен орау;
-ортездер мен шиналарды салу.
Майды – зиянды, өміріміз бен денсаулығымыз үшін қауіпті, бірақ өмірлік қажеттілік бар. Біз көп зиянды майларды жеп, әсіресе үйден тыс жерде тамақтанып жатқанда, дененің нақты жұмыс істеуі үшін біз жасуша мембраналары үшін, жасушалар үшін өте маңызды майлар аз тұтынамыз.
Тапсырма 3. Науқас Н., 42 жаста, 15 жыл бойы ішімдік ішеді. Дене салмағы 45 кг бойы 182 см.
РО2 альв.ауадағы = 108 мм сын.бағ.
РаO2 = 95 мм сын.бағ.
SaO2 = 97%
PvO2 = 78 мм сын.бағ.
SvO2 = 86%
О2 бойынша а/в айырмашылық = 0,5көл%
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Жауабым
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
РО2 альв.ауадағы = 108 мм сын.бағ Н қалыпты
РаO2 = 95 мм сын.бағ Н қалыпты
SaO2 = 97% Н қалыпты
PvO2 = 78 мм жоғары ↑ жоғары
SvO2 = 86% жоғары ↑ жоғары
а/v айырмашылық = 0,5көл% ↓ төмен
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |