Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері



бет12/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С
Бақылау сұрақтары:
1. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бірінші сыңары
2.Матаса байланысқан есімді сөз тіркестерінің екінші сыңары
3.Матаса байланысқан сөз тіркестерінің мағыналары
4.Матаса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
СӨЖ тапсырмалары: Қазіргі қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесінің зерттелу жайы (реферат)
Әдебиеттер:
1.Қобыланова А., Рахметова Р.,Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,2005ж.
2.Аманжолов С., Әбілқаев А.,Ұйықбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім.-Алматы,1957ж.
3.Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі.-Алматы,1997ж.
4.Әбілқаев А. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі.-Алматы,1986ж.
5.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі.-Алматы, 1992ж.
6.Балақаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казакхском языке.-Алматы,1957
7.Баскаков А.Н. Словососочетания в каракалпакском языке. «Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков». Часть 3,Синтаксис. М,. 1951.
8.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері.-Алматы,1981.
9.Сайрамбаев Т.Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі.-Алматы,1991.
10.Хасанов С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б.Кестелі
грамматика.-Алматы,1996.

5-лекция. Тақырыбы: Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері


Жоспар:
1.Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі
Меңгерілуші дегеніміз-бағыныңқы сөз. Меңгеруші дегеніміз-меңгерілушінің белгілі бір жалғауда тұруын талап ететін бағындырушы сөз. Меңгерілушінің белгілі бір жалғауда тұруын меңгеру арқылы байланысу дейміз. Сөйлем мүшесі жағынан меңгеруші сөз баяндауыш болады да, меңгерілуші сөз тура, жанама толықтауыш болады. Сондықтан меңгерудің баяндауыш пен толықтауыш арасындағы байланыс екенін көреміз.
Сөйлемге енген бірнеше сөздің әрқайсысы жанама септеудің біреуінде ғана тұрады. Сөйлемдегі бір сөзге барыс септік пен ілік септікті қатарынан жалғауға болмайды. Себеп: сөздердің меңгеруі мен меігерілуінің заңдылықтарында. Сөйлемдегі сөздердің біреуінің әсерімен екіншісі жанама септіктің біреуінде ғана тұра алады.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер ондай сөз тіркестерінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың халін, күйін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады. Олар мынадай есімдер:
1. Сын есімдер. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Бірақ олардың бәрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, заттың түсін білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, күйеден қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі – сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі, өзіңе жақсы, маған түсінікті, тазалыққа жаман, ақшаға сараң, жусаннан биік.
Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктерінде айтылып, сын есіммен тіркесетін сөздер толықтауыштық қатынаста жұмсалады: Жуас түйе жүндеуге жақсы. Жақсы-ісімен жақсы. Бұнда сидиған сирек шөптер қап-қара.
2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көйлек сияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам, сын сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші бөлшегі болып көп жұмсалады. Елім менің жерге бай, Айдынды шалқар көлге бай(Жамбыл).Қашпақ, қумақ - ерге сын, көшпек, қонбақ - жерге сын(Мақал).
3. Заттың күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, көп, аз, мәлім, мүмкін тәрізді заттың әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады: Астында семіз сары жорға аты бар (Әуезов). Аспанда алақандай бұлт жоқ (Мұқанов). Сақтықта қорлық жоқ. Біткен іске сыншы көп (Мақал). Әйелдердің сайлауға да, сайлануға да правосы еркектермен бірдей (Ата Заң).
4. Сан есімдер мен есімдіктер меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесінің меңгеруші сыңары ретінде аз кездеседі: Ішінде қазақтан төртеуміз (Мұқанов).Ол жақта егіске дайындық қалай? (Мүсірепов). Демек, мұндай сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, негізгі сөзге түйдектелген көмекші сөздер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет