Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш



бет22/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С

10-лекция. Тақырыбы:Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш


1. Бастауыш туралы жалпы түсінік. Бастауыштың мағыналық, тұлғалық белгілері
2. Бастауыш болатын сөз таптары
3. Бастауыштың құрамына қарай түрлері
Сөйлем мүшелері өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді. Олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер тұрлаулы мүшелер деп аталады. Оларға бастауыш пен баяндауыш жатады. Тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып тікелей соларды, не бірін-бірі анықтап, пысықтап, толықтап тұратын мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Тұрлаусыз мүшелерге анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады.
Сөйлемді құрайтын сөздер сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Бұл мүшелердің өздеріне тән атқаратын қызметтері болады. Сөйлем мүшелері өздерінің қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді. Олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Сөйлем құрауға негіз болатын,өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін тұрлаулы мүшелер дейміз. Тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады.
Тұрлаулы мүшелердің ең басты, негізгі мүшесі – бастауыш. Бастауыш сөйлемде екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде арнайы түрде бастауыш болады, екіншіден, бастауыш жасырын келеді. Грамматикалық бастауыштың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде тұрған кім? не? деген сұрауға жауап беретін логикалық субъекті толығымен кіреді.
Қазақ тіл білімі мен түркітануда бастауыштың ережелері туралы мына жайттардың айтылатынын көруге болады:
1. Бастауыштың ойдың иесі болуы.
2. Оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы.
3. Бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы.
4. Бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни, атау септікте келуі.
5. Баяндауышпен жақтық және сандық қиысуы.
Сөйлемнің негізі – предикативтілік категориясы. Ал предикативтіліктің негізі – бастауыш. Өйткені бастауыш сөйлемнің басқа мүшелерінен тәуелсіз бірден-бір мүшесі болып есептеледі. Кейбір сөйлемдерде бастауыштың түсіріліп қолданылатыны кездеседі. Бұдан бастауыштың маңызы баяндауыштан төмен деген ұғым тумауға тиіс. Өйткені бастауыш контекстен белгілі болып тұрады. Ал контекстен тыс айтылған баяндауыштың жақтық мәні белгілі болғанмен, заттық бастауышы белгісіз болады.
Сонымен, сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, белгілі тұлғада онымен тікелей байланыста және өзіндік сұраулары бар сөйлем мүшесін бастауыш деп атайды.
Бастауыш құрамына қарай, яғни бір сөзден немесе одан артық сөздер тобынан жасалуына байланысты дара және күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Құрамына қарай осылай бөлінген бастауыштар жасалатын сөз таптарына қарай көп өзгеріске түспейді. Дара бастауыштар негізінен зат есімдер мен жіктеу есімдіктерінен жасалады. Бастауыштар сонымен бірге басқа сөз таптарынан да жасала береді. Бірақ бұл жағдайда ол сөз таптары өздерінің негізгі мағынасына қосымша мағына жамап, яғни зат есім мағынасында қолданылады.
Белгілі бір синтаксистік қызметті атқарушы сөйлем мүшесінің өздеріне тән арнайы, негізгі сөз табы болады. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш болатын сөз табы – зат есім. Ең алдымен зат есімдер жекеше атау септігінде тұрып, содан соң көптік және тәуелдік формаларды жалғап барып бастауыш болады. Ұзын тұмсықты қара қоңыр құстар ақ қайраңға қарай қиқулап жүзіп келеді (Ә.Сәрсенбаев). Жарқын ағай бұдан кейін де ұзақ әңгімелесті (Ә.Сәрсенбаев). Петр қазір қойын дәптерін батпақтан тазалап жатыр (Ғ.Мүсірепов).
Көптік мағына өз бойында болатын зат есімдер жекеше формада тұрып та бастауыш қызметінде жұмсалады: Сиыр атаулы көлбей-көлбей жатып алыпты (М.Әуезов).
Тәуелдік жалғаулы зат есімдер де бастауыш қызметінде қолданылады. Мұндағы ерекшелік бір заттың екінші бір затқа меншіктілік мағынасының болуына байланысты: Ұлы күйшінің есімі елге кеңінен танылды (Р.Иманғалиев).
Есімдіктердің барлық түрінен бастауыш жасала береді. Дегенмен зат есім сияқты негізгі қызметі бастауыш болып есептелетін есімдік топтары бар. Олар - жіктеу, өздік есімдіктері. Сен жеңгеніңе, мен жеңілгеніме мақтанамын.(Ғ.Мүсірепов). Біз сені алып кетсек қайтеді деп ойладық (Ғ.Мүсірепов). Ол жазғы таңғы ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. Өзі үш кісінің жұмысын атқарса да, жатарда анау істелмеді, мынау істелмеді деп уайымдамайтын.
Сілтеу, сұрау және есімдіктің өзге мағыналық топтары да бастауыш болады. Бұл - Байжанның талай келген үйі (Мұқанов).Әркім әр түрлі шаруамен қарбаласады ( Әуезов). Қасында ешкім болған жоқ ( Досжанов).
Сапалық есімдерге сын есім, сан есім жататындығы мәлім. Бұлар субстантивтеніп барып бастауыш болады. Субстантивтенген сын, сан есім, есімшелер өздері анықтайтын зат есімнің мәнін иеленіп барып бастауыш қызметін атқарады. Мұндай жағдайда сын есімдердің сапалық мағыналары жойылмай сақталып әрі заттық, әрі сындық мағыналарды білдіре алады. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады ( Мақал). Арбалы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды ( Майлин).
Заттық мағынаға ауысып бастауыш қызметін атқаратын сөз таптарының бірі-сан есім. Екеуі сол жаққа жөнеле берді (Ғ.Сланов). Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса,төбедегі келеді(М.М.).
Заттық мағынаны білдіру арқылы бастауыш қызметінде тұратын сөз таптарының бірі – етістік. Нақты айтқанда етістіктің есімше, қимыл есімі, ортақ етіс категориясы субстантивтеніп бастауыш қызметін атқарады. Есімше өзінің қимылдық сапасын сақтап, қосымша заттық мағына үстеп бастауыш қызметінде қолданылады: Білмеген білгеннен сұрасын. Көрмес түйені де көрмес(Мақал).
Бастауыш қимыл есімінен де жасалады. Мысалы, Жету жол мұраты, кету қыз мұраты (мақал).
Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Бұрындары бүгінінен ертеңі қызығырақ, мәндірек көрініп, ылғи алға ұмтылдыра түсуші еді ( Досжанов). Кейде үстеулерге көмекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалады. Мысалы, Бүгін деген – қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).
Одағайдың бастауыш қызметінде жұмсалуы: «Уһ, аһ» үдей түсті.
Еліктеуіштің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Вагонетка айдаушы жұмысшылардың тарс-тұрсы естіледі (Мұстафин).
Тұрақты тіркестердің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Қазір ойласам, сол оқиғалардың ақылыма сыймайтындары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет