Жайық өзенінде мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту жолдары



Дата08.02.2022
өлшемі83,51 Kb.
#124642

Жайық өзенінде мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту жолдары
Мамандығы 5В011300 Биология
Ғылыми жетекші, биология ғылымдарының кандидаты, доцент: Бисенов У.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Биология және ауылшаруашылық пәндері кафедрасы
Әбілхаир Эльмира Исатайқызы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І Тарау. БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
    • Бекіре тұқымдас балықтардың биологиялық сипаты
    • Бекіре тұқымдас балықтардың географиялық ерекшеліктері
    • Бекіре тұқымдас балықтардың қоғамдағы маңызы және бекіре балық шаруашылығының даму тарихы

    • ІІ ТАРАУ. БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРДЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ОҚЫТУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
      2.1 Оқытудың дидактикалық принциптері
      2.3 Оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар
      ҚОРЫТЫНДЫ
      ҚОСЫМШАЛАР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Дипломдық жұмысқа материал көзі ретінде « Атырау бекіре өсіру зауытындағы» бекіре балықтарын жасанды өсіру технологиясы туралы материалдар алынған. Сонымен қатар,шет елдік және отандық әдебиеттер көзіне шолу жасалынды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңда бүкіл әлемде соның ішінде, Қазақстан балық шаруашылығында маңызы бар, әрі қорғауға алынған түр ретінде Бекіре балықтарының экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына түсінікті болатындай оқытудың жолдарын ашып көрсету. Экологияны және тірі ағзаларды қорғау құндылықтарын бойларына сіңіру.
  • Жұмыстың міндеттері:
  • Бекірені тұқымдас балықтардың жалпы сипаттамасына әдеби шолу жасау;
  • Бекіре шабақтарына биологиялық талдау жасау.
  • Бекіре тұқымдас балықтардың географиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру;
  • Оқытудың дидактикалық принциптеріне тоқталу;
  • Оқытуда қолданылатын инновациялық технологияларды пайдалану арқылы бекіре балықтарының экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту;

Бекіре бaлықтары шеміршекті ганоидты балықтар тобына жататын өте ерте балықтары болып тaбылaды. Шеміршекті-ганоидтар бір ғана отряд – Бекіретәрізділерді (Asipenseriformes) қамтиды. Оларда үш тұқымдас болған, қазір тек екі тұқымдасы ғана сақталып қалған. Олар: Бекіретектестер (Asipenseridae) мен Ескекмұрындылар (Polyodontidae).
Қазіргі ихтиофаунада 25 түрі бар деп есептелінеді.
Бекіре балықтарының қанқасы шеміршектен құралады, денесі созылынқы, құйрық жүзбе қанаты гетероцеркальды ассиметриялық. Бас бөлігінде сүйекті жабындылар болады, ал денесін қырлы сүйектер жабқан. Жүрегінде артериальді конус, ішегінде спиральды клапан бар.
Жалпы білім беретін мектепте биологияны оқыту процесі дидактика анықтаған принциптерді ескере отырып жүзеге асырылады және онда оқытылатын барлық пәндер үшін жалпы ережелер бойынша қызмет етеді. Дидактикалық принциптер мектептердің оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы тарихи тәжірибесін теориялық талдау негізінде белгіленеді.
Биологияны оқыту әдістемесі өзінің құрылыстарында ең алдымен білім беру, ғылыми, қол жетімділік, жүйелілік, сабақтастық, көрнекілік, теорияның практикамен байланысы, білімді игерудің беріктігі мен санасы (хабардарлығы) сияқты дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Осы қағидалардың әрқайсысы оқу материалының мазмұнын таңдауда және оны құрылымдауда да, оқу процесін ұйымдастыруда да маңызды. Оқытудың барлық принциптері бір-бірімен байланысты және бірлікте қолданылады. Мысалы, оқытудағы ғылыми принципті, ең алдымен, қол жетімділік, жүйелілік және сабақтастық принциптерінсіз жүзеге асыру мүмкін емес.
Оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялардың ең неізгі 3 түрін ажыратамыз.
  • Дамыта оқыту технологиясы (әңгіме айту, сұрақ-жауап,яғни баланы физиологиялық тұрғыдан және логикалық тұрғыдан қозғау)
  • Сындарлы оқыту технологиясында сіз керісінше,демалуыңыз мүмкін. Бұнда оқушы өзіне жауапкершілікті көп алады. Мысалы, дебат қорғауы мүмкін не болмаса бала өзі ізденіп,өзі жарыс сөзге түседі. Америкадан енген проблемаға бағытталған оқыту технологиясы (Problem-based Learning) – ProblemBL атты жаңа оқыту технологиясын пайдалануға болады. Мысалы, бала өзі ізденіп сізге жоба ретінде қорғауы мүмкін, яғни оқушының осы тақырыпқа қызығушылығы артып, экологиялық ерекшеліктерін айтып беруі мүмкін немесе проблемасын шешіп беруі мүмкін.
  • Ойын технологиясы-бұл технология бойынша баланың ойлау қабілетінің шапшаңдығын, ұтқырлық, тез шешім қабылдай алу, белсенділік, ұйымшылдық қабілеттерін арттыруға болады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық , әлеуметтік сезімдері оянады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.C.В.Понамарев, Д.И.Иванов «Осетроводство на интенсивной основе» Москва 2009
2. Курс лекций по дисциплине «Осетроводство». Часть 3 «Перспективные направления осетроводства (Астраханьский гос.техн.ун-т) Астрахань,2001
3.Savery J.R. Overview of Problem-based Learning: Definitions and Distinctions. The Interdisciplinary of Journal of Problem-based Learning. – 2006. – Vol 1, № 1. – p. 9-20.
4.Hmelo-Silver, C. E. (2004). Problem-based learning: What and how do students learn? Educational Psychology Review, 16(3), 235-266
5. И.Найма. Развитие современных педагогических техноло- гий (организационно-деятельностный подход): Дис.канд. пед. наук. - Пя тигорск, 1993.-С. 97.
6. Суртаева Н. Н. Проектирование педагогических технологий в профессио- нальной подготовке учителя (на примере естественно-научных дисцип- лин): Дис... докт. пед. наук. - М., 1995. - С. 219 - 225.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет