Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


А. Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі



бет13/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама
Абайды оқы, жалықпа атты мәнерлеп оқу сайысы, Спорт-өмір көркі спорттық жарыс (1), prezentatsiya microsoft office powerpoint, pdf24 merged
А. Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау.
Көтерілген басты мәселе. Абайдың өлең, ән-күй туралы көзқарасы. Ақынның көңіл күйі, әннің адамға әсері. Өлеңнің идеялық және көркемдік қасиеті. «Әнді сүйсең, менше сүй» деген өлең жолдарының мәні. Өлең құрылысына талдау.
Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Сезім мен табиғат көріністерін астастырып берудегі ақын шеберлігі. Қазақ тіршілігінің суреттелуі. Ақын поэтикасының сұлулығы, үйлесім, гармония. Жанды және жансыз табиғат, тіршілік лүпілі. Адам сезімінің терең сыры.
Өлеңді әнмен үйлестіру. Ақын көрсеткен сезімді, сұлулықты сезіну. Өлеңнің өзіндік ерекшелігі, тәрбиелік мәні, поэтикалық тілі. Өнер, табиғат, сезімді бағалауға, сүюге тәрбиелеу. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген басты мәселе. Өлеңдегі тақырыптың жан-жақтылығы. Абайдың ән мен күй, өнер құдіреті, жақсы әннің эстетикалық мәні туралы толғанысы. Ақынның әнге қояр шарты, сын. Ақылдың сөзіндей өнерді іздеу. Тыңдаушыға сын. Жарамды ән тыңдауға шақыру. Абайдың ірі суретші, ойшылдығы, ақындығының кең құлаштығы. Ақынның өз халқының әнін өзгеше ыстық көңілмен сүйетіндігі. Әннің адам жанына әсері, емі. Абайдың халықтық музыка өнеріне берген аса зор бағасы, халық әнінің эстетикалық көркем жағы, әлеуметтік мәні. Өлеңді әнмен үйлестіру. Әннің әуен- сазы халық сарынында қалыптасуы. Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы. (1 сағат)
Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абай көзқарасы негізінде өнерге, әнге қойылатын талаптар негізінде сызба, постер қорғау. Абайдың ақындық үлгісімен жазылған қазіргі ақын-жазушылар шығармашылығын зерттеу. Қазіргі поэзия мен ән өнеріне байланысты оқушылардың шығармашылық жұмыстарын (эссе, кіші зерттеу жұмыстары, мақала, баяндама) жүргізу. Абайға арнап жас ұрпақтың атынан хат жаздыру.
Оқушыларды өлең жазуға баулу. Абай шығармашылығынан сахналық қойылымдар. (1 сағат) Қорытынды. Жыл көлемінде оқытылған «Абайды білмек парыз», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Ғылым оқып, ой тапқан», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» тараулары бойынша әдеби-музыкалық кеш, композиция, монтаж тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытуға назар аудару. (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет