Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер



бет14/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама
Абайды оқы, жалықпа атты мәнерлеп оқу сайысы, Спорт-өмір көркі спорттық жарыс (1), prezentatsiya microsoft office powerpoint, pdf24 merged
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

7-сынып



Сабақтың тақырыптары Сағат саны

І бөлім.Жақсылық - жан азығы (8 сағат)

1

Әке балаға сыншы (М.Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясы, «Шытырманда» тарауы)

2 сағат

2

Абай және Ж.Аймауытов

1 сағат

3

Абайдың «Үшінші» қарасөзі

1 сағат

4

А. Құнанбаев «Жүректе қайрат болмаса»

1 сағат

5

Абайдың «Он төртінші» қара сөзі

1 сағат

6

А. Құнанбаев «Жақсылық ұзақ тұрмайды»

1 сағат

7

А. Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла»

1 сағат

ІІ бөлім. Абай аманаты- адал еңбек (8 сағат)

8

А.Құнанбаев «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»

1 сағат

9

Абайдың «Отыз үшінші» қарасөзі

1 сағат

10

А. Құнанбаев «Түбінде баянды еңбек егін салған»

2 сағат

11

Абайдың Крыловтан аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа»

1 сағат

12

А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

2 сағат

13

Шығармашылық жұмыс

1 сағат

ІІІ бөлім. Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма (10 сағат)

14

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы («Қияда» тарауы)

2 сағат

15

А. Құнанбаев «Болыс болдым мінеки»

1 сағат

16

А. Құнанбаев «Мәз болады болысың»

1 сағат

17

Абайдың «Екінші» қарасөзі

1 сағат

18

А. Құнанбаев «Байлар жүр жиған малын қорғалатып»

1 сағат

19

А. Құнанбаев «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма»

2 сағат

20

А.Құнанбаев «Күлембайға»

1 сағат

21

Абайдың «Сегізінші» қарасөзі

1 сағат

IV бөлім. Абай өнегесі-ұлт мұрасы (8 сағат)

22

Б.Ерденбеков «Абай мектебіндегі айтыс жанры»

1 сағат

23

Абайдың «Жиырма екінші» қарасөзі

1 сағат

24

А.Құнанбаев «Жол көрмек, жоба білмек, жихан кезбек»

1 сағат

25

А.Құнанбаев «Мен боламын демеңдер»

1 сағат

26

А.Құнанбаев «Ойға түстім, толғандым»

1 сағат

27

А.Құнанбаев «Тоты құс түсті көбелек»

1 сағат

28

Шығармашылық жұмыс

1 сағат

29

Қорытынды

1 сағат

Барлығы 34 сағат

Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны

І бөлім. Жақсылық - жан азығы (8 сағат)


Әке балаға сыншы (М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы,
«Шытырманда» тарауы). М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Шытырманда» тарауының идеялық мазмұны. Абайдың әкесінің ерекшелігі, аға сұлтан, қоғам қайраткері ретінде Құнанбайдың орны. Тараудағы Абайдың өсу жолы. Құнанбайдың да баспалдақтары. Абайды қоғамдық іске араласуы, Құнабайдың ықпалы, әке сыны. Абайдың азаматтық болмысының қалыптасуы
(2 сағат.)
Абай және Ж. Аймауытов. Қазақ әдебиетінде «Абайтану» ғылымының көшбастаушыларының бірі -Ж.Аймауытовтың Абай жайындағы зерттеу- мақалалары, «Абай» журналының баспасөз тарихындағы маңыздылығы, Жүсіпбектің «Абайдың өнері һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар» атты мақалаларындағы ақын өмірі мен шығармашылық өнерінің тереңдей талдануы. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Үшінші» қарасөзі. Абай қара сөздерінің жазылу тарихы мен мәні, мазмұны. Қарасөздегі ақынның халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері. Ақынның биліктің құрылымы жөніндегі ойлары. Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы. Қарасөздің стильдік ерекшелігі,
(көсемсөз, яғни публицистика) (1 сағат)
А. Құнанбаев «Жүректе қайрат болмаса». Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселе. Өлеңдегі жүректің асылдығы мен нәзіктігі. Ақын адамның адамдығы, ғұламалығы, кісілігі тек бір ғана «ақыл мен сезімінде» деуінің мәні. Адамзат сенімі, жүректің қалауы, өмірдегі дұрыс жолды таңдау. Өз пайдасынан басқаны ойлау, қара ниеттер, ақыл мен қайраттың ісі. Ел ішіндегі надандық. Ақынның күйініші, замана туралы ойы. Өлеңнің бүгінгі өмірмен байланысы. Өлеңнің басқа тілдерге аударылуы. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Он төртінші» қарасөзі. Қарасөздің тақырыптық- идеялық сипаты. Қарасөздегі «жүрек», «жүректі адам» ұғымдары. Ақын заманындағы халық болмысы. Азып-тозудың ақылсыздықтан емес, ақыл тыңдамаудан туатындығы. Харекетке бастайтын қайрат, жігер болмағандықтан істің өнбейтіндігі. Жүректі адамның іс әрекеті. Қарасөздің бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіндегі маңыздылығы. (1 сағат)
А.Құнанбаев «Жақсылық ұзақ тұрмайды». Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселелер. Қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама. Үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері. Адамға тән аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла». Өлеңнің тақырыптық-идеялық сипаты. Алауыздық, пасықтық, көре алмаушылық, топшылдық, қиянатшылдық, дүниеқорлық, өзгеге жалпақтап, өзіңді менсінбеу, жайдақтық, жалтақтық, билікке, мансапқа құмарлық, сатқындық, надандық мәслелері. Өлеңнің бүгінгі таңдағы, ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы. (1 сағат.)

ІІ бөлім. Абай аманаты- адал еңбек (8 сағат)


А. Құнанбаев «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап. Өлеңнің тақырыптық-идеялық сипаты. Кісілікке деген құрмет ізгілік, шындық, әділеттілік мәселелер. Өмірлік құндылықтың адам өміріндегі маңызы. Абайдың адамнан кісілік қасиетті, қарым-қатынастың құндылығын іздеуі. Қазақ кісілікті өнегемен тәрбиелейтіндігін, әдептің нақты үлгісімен үйлестіре көрсетуі.
(1 сағат.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет