Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы



бет222/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   252
Байланысты:
дебат Office Word
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы.



Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін:
1) жетімдік; 2) ата-ана қамқорлығының болмауы; 3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; 4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; 5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі; 6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; 7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; 8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы; 9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; 10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   252




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет