Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны



бет9/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны

6. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихы – қазіргі заманғы өркениеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани негіздерінің қалыптасу кезеңі. Қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың альернативтілігі.


7. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (11 сағат):
Ұлыбритания және Франция (1 сағат), Ұлыбританияның әлеуметтік-саяси және экономикалық жүйесінің өзгерістері1906 ж. Парламенттік сайлау және либералдардың жеңісі. ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік реформалар. 1911 жылғы парламенттік реформа. Ирландия үшін гомрул мәселесі және конституциялық дағдарыс. Лейбористік партияның құрылуы. Тред-юнионизм. Сыртқы саясат. ХХ ғасырдың басындағы Францияның саяси және экономикалық дамуы (1902 ж. Парламенттік сайлау. Радикалдық кабинеттер, олардың ішкі және сыртқы саясаты. «Мильеран казусы» және француз социалистік қозғалысының жіктелуі. Сыртқы саясат;
Германия және Италия (1 сағат), ХХ ғасырдың басындағы Германияның экономикалық дамуы. Алдыңғы қатарлы техниканы қолдану және өндірісті кең механизацияландыру» (Саяси даму. Б.фон Бюлов. Көппартиялық жүйе. Жұмысшы және социалистік қозғалыстар. Э. Бернштейн. СДПГ үш ағымының құрылуы. ХХ ғ. басындағы халықаралық дағдарыс және Германияның оқшаулануы. Ішкі саяси шиеленістің күшеюі. Елде саяси дағдарыстың өсуі. ХХ ғ. басындағы Италия. Экономикалық даму. Аграрлық мәселе. Джолитти дәуірі. Әлеуметтік реформалар. Ұлтшылдықтың күшеюі. Италияның сыртқы саясаты. Түркиямен соғыс. Австрия-Венгриямен арадағы шиеленіс. Италияның Үштік одаққа кіруі. Африкадағы отарлық басқыншылығы;
көп ұлтты империялар (2 сағат), Австрия-Венгрия империясы. Екібірлік монархия (Габсбургтер монархиясы құрамындағы славян халықтары. Ресей империясы. Ресейлік капитализм әлемдік монополиялық шаруашылық жүйесінде. ХХ ғ. басындағы экономикалық дағдарыс. 1909-1913 жж. өнеркәсіптің дамуы. Патшалық биліктің ішкі саясатындағы ұлттық мәселе. 1905-1907 жж. революция. Либералды саяси партиялардың құрылуы. Мемлекеттік Дума. Столыпиннің аграрлық реформасы. Қоныстандыру саясаты;
ХХ ғ. басындағы АҚШ (1 сағат), либералды реформизм, оның әлеуметтік және идеялық тарихы» («Прогрессизм дәуірі. Т. Рузвельт. Республикалық партияның бөлшектенуі. 1912 ж. Президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. В. Вильсон;
ХХ ғ. басындағы Азия елдері (1 сағат), «Азия және Африка елдерін дүниежүзілік экономикалық жүйеге енгізу үдерісінің аяқталуы» (Шығыс елдерінде көпсалалы құрылымның пайда болуы. Азиядағы отарлар, жартылай отарлар және тәуелді елдер. ХХ ғ. басындағы Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері;
Азияның оянуы (1 сағат), Ирандағы конституциялық қозғалыстың басты кезеңдері» (1906-1907 жылдардағы Конституция. Иран мәжілісінің құрамы және оның қызметі. Ирандағы революция және ұлы державалардың саясаты. Ирандық қоғамның дамуы үшін конституцияның маңызы. Қытайдағы Синьхай революциясы. Сунь Ятсеннің үш принципі. Цин үкіметінің «жаңа саясаты» және жария реформаторлық қозғалыстың дамуы. Азамат соғысы және оның зардаптары. Түркияда ұлттық және діни шиеленістердің өршуі. Жастүріктер революциясы. Жастүріктер билік басында. Империяның ыдырауының жалғасы;
ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар (1 сағат), ХХ ғ. басындағы әлемнің саяси картасы» Әлемді территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы және оны қайта бөлісу жолындағы күрестің басталуы. ХІХ ғ. соңы –ХХ ғғ. басындағы халықаралық қатынастар. «Үштік одақ» және Антанта: құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі шиеленістер. ХХ ғасырдағы жергілікті қақтығыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттарының пайда болуы;
Бірінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), «Шілде дағдарысы және дүниежүзілік соғыстың басталуы» 1914-1918 жж. әскери қимылдардың басты кезеңдері. Соммдағы және Верден маңындағы Марнедегі шайқас. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарудың жаңа түрлерін пайдалану. Соғысушы елдердің экономиксын қайта құру. Батыс және Шығыстағы әскери қимылдар. 1917 жылғы әскери қимылдар. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кіруі. Соғысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық және саяси қайшылықтардың күшеюі. Соғыстың аяқталу кезеңі. Үштік одақ елдерінің жеңілуі. Компьен уақытша бітімі;
Қайталау (1 сағат).
8. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері (26 сағат):
соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі (1 сағат), Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Бітім шарттарының Версальдық жүйесі. Вашингтон кон­фе­ренциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары;
Батыс елдері дамуының негізгі бағыттары (1 сағат), батыстың басты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы және реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм және демократия. Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар;
Германия (3 сағат), соғыстың соңғы жылындағы Германияның экономикалық және саяси жағдайы. 1918-1919 жж. революция. Веймар конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі және сыртқы саясаты;
НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік және оның жүзеге аспауы. 1923 ж. саяси дағдарыс. Гамбруктегі көтеріліс. Дауэс жоспары. Германияның Ұлттар Лигасына кіруі. Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Юнга жаспары. Жұмыссыздықтың өсуі. Фашистік қауіптің күшеюі. Нацистердің өкімет басына келуі. Тоталитарлық режим орнату;
Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Жаппай жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономи­калық саясаты. Германия экономикасын дамытудың төртжылдық жоспары. Фашистердің нәсілдік саясаты;
Италия» (2 сағат), әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Жұмысшы және шаруалар көтерілісі. Фашистік ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини. «Римге жорық». Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Фашистерге қарсы оппозицияның жеңілуі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Корпоративтік мемлекетті ұйымдастыру;
Испания (2 сағат), Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және экономикалық жағдайы. 1930-1931 жж. саяси дағдарыс. Революцияның басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтық майданның құрылуы және сайлаудағы жеңісі;
1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы. Фашистік мемлекеттердің интервенциясы. Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі. Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Франконың ішкі және сыртқы саясаты;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (4 сағат):
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада көпұлттық империялардың ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы» (Аймақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Австрия. Австриядағы революция. Республиканың жариялануы» (Австриядағы фашизм. Италиямен жақындасуы. 1934 ж. Венадағы нацистік бүлік. К. Шушниг үкіметі. Австриядағы аншлюс;
Венгрия. Венгриядағы революция. Кеңестік үкіметтің құрылуы. Интер­венция. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау және М. Хортидің авторитарлық үкіметінің орнауы. Террор. ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Венгрияның дамуы. Авторитарлық диктатураның күшеюі. Чехословакия. 1918 ж. Чехиядағы революция. Республиканың құрылуы. Т. Масарик. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Аграрлық реформа. Ұлттық өнеркәсіптің дамуы. Ұлттық мәселе. Судет дағдарысы. Мюнхен конференциясы. Чехословакия тәуелсіз мемлекетінің жойылуы;
Польша. Поляк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші Речь Поспо­ли­тая. Парламентаризм негізінің құрылуы. Аграрлық реформа. 1926 ж. мемлекеттік төңкеріс.Санация» режимі. Экономикалық дағдарыс. Экономиканы мемлекеттік реттеу. 1935 ж. Конституция. Югославия. Серб, хорват, словендер Королдігінің құрылуы. Конституциялық монархия. Экономикалық даму. Аграрлық реформа. Ұлттық мәселе. Югославия Королдігі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның саяси өмірге әсері. Александр патшаның өлтірілуі;
Болгария. Авторитарлық режимнің орнауы. А. Цанков. 1923 ж. қыркүйек көтерілісі. Парламенттік басқаруға көшу. Болгариядағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптары. Ұлттық блокты құру және оның парламенттік сайлаудағы жеңісі. 1934 ж. әскери төңкеріс. Румыния. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі территориялық өзгерістер. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Саяси партиялардың құрылуы. Аграрлық реформа. Монархиялық дағдарыс. Карол II. Ұлтшыл-царанистердің күшеюі. Парламенттік жүйені жою;
Франция (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің экономикалық және саяси жағдайы. 1919 ж. парламенттік сайлау. Ұлттық одақ үкіметінің ішкі саясаты және әлеуметтік заңдары. Экономиканың тұрақтануының ерекшеліктері. «Солшыл одақ» үкіметі. Э. Эррио. Қаржы дағдарысы;
дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Саяси күрестің шиеленісуі.  Фашистік қозғалыс. 1934 ж. ақпан оқиғасы. Халықтық майдан және оның сайлау қарсаңындағы бағдарламасы. 1936 ж. парламенттік сайлау. Халықтық майдан үкіметі. Л. Блюм. Халықтық майдан үкіметінің реформалары. Халықтық майдандағы алауыздық және оның ыдырауы.
Ұлыбритания (2 сағат), Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 1918 ж. парламенттік сайлау. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Ирландия мәселесі. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл;
дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері. Екінші лейбористік үкімет. Р. Макдональдтың «ұлттық үкіметі». Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу. Ұлттық үкіметтің реформалары. Консервативтік үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. 1935 ж. әулеттік билік дағдарысы;
қайталау (1 сағат);
Ресей және КСРО (3 сағат), Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату және республиканың құрылғанын жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес. Большевиктердің өкімет басына келуі. Құрылтай жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан шығуы;
азамат соғысы және интервенция. Соғыс коммунизмі» саясаты және ЖЭС. КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция. Әміршіл-әкімшіл жүйенің орнауы және И.В. Сталин­нің жеке билігінің күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-жыл­дардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Тоталитарлық мемлекеттің пайда болуы. Жаппай жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция;
Америка Құрама Штаттары (2 сағат), АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда. Республикандардың билік басына келуі. «Просперити» кезеңіндегі АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Екіпартиялық жүйенің дамуы. 1924 ж. сайлау және К.Кулидждің республикалық әкімшілігінің нығаюы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы;
1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты» және кейнсиандық теория. Этатизм. «Жаңа бағыт» саясатын жүргізудің негізгі бағыттары. Қаржы саласын сауықтыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік саладағы саясат. Вагнер заңы;
Латын Америкасы елдері (2 сағат), Латын Америкасы елдерінің соғыстан кейінгі экономикалық және саяси жағдайы. Мексикадағы революцияның нәтижелері. Революциялық каудильизм және оның мәні. Өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Аймақтың экономикасындағы шетелдік салымдардың рөлі. Латын Америкасы елдеріндегі саяси жүйе;
Латын Америкасы елдері дүние­жүзілік экономикалық дағдарыс­ кезеңінде. Дәстүрлі экспорттық өнімге әлемдік сұраныстың төмендеуі. Шетелдік салымдардың қысқаруы. Демократиялық және авторитарлық режимдер. Революция және контрреволюция. Латын Америкасындағы халықтық майдан. Латын Америкасы елдеріндегі либералдық реформалар. Аргентинадағы президент И. Иригойеннің саясаты. 1930 ж. Бразилиядағы революция. 1937 ж. Конституция. Латын Америкасы елдері екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде;
қайталау (1 сағат).
9. 1918-1945 жж. Азия және Африка елдері (19 сағат):
Шығыс елдері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік- тарихи үдерісте (1 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері. Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесі. Ұлт-азаттық көтерілістердің өршуі. Зайырлы ұлтшылдық және дін. Ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологиялық негізі: суньятсенизм, гандизм, кемализм;
Жапония» (2 сағат), Жапония Версаль-Вашингтон жүйесінде. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1918 жылғы «күріш бүлігі». Като үкіметі. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты);
дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және тоталитарлық-милитаристік бағыттың күшеюі. «Жас офицерлер» және 1932, 1936 жылдардағы бүлік. «Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті;
Түркия» (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясының жеңілуі. Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта мемлекеттерінің басып алуы. Сұлтандық биліктің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік. Революцияның жеңісі және республиканың жариялануы. Лозанна конференциясы;
Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы Конституция. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі Халықтық-республикалық партияның рөлі. Түркия Республикасының 30 – 40-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы;
Қытай (2 сағат), Азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун мәселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Гоминьданның қызметі. Сунятсенизмнің эволюциясы. Гоминьданға Кеңес Одағының көмек беруі. Азамат соғысы. Чан Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру;
Гоминьданның реформалары. Этатистік экономикалық моделді іске асырудың ерекшеліктері. Көппартиялы бюрократиялық мемлекеттің құрылу жүйесі. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі;
Монғолия (1 сағат), Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құры­луы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау әрекеті. Х. Чой­балсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары;
қайталау (1 сағат);
Ауғанстан (1 сағат), жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған қақтығысы. Аманолланың билігі кезіндегі Ауғанстанның дамуы. 1923 ж. конституция. Реформалар. 20-ж. соңы мен 30-жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах билігінің орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Ауғанстанның ішкі және сыртқы саясаты;
Иран (1сағат), Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске Кеңес үкіметінің араласуы. Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар әулетінің биліктен кетуі. Реза-шах Пехлевидің әкімшілік, экономикалық және мәдени реформалары;
Үндістан (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан. Үндістандағы британдық саясаттың жаңа кезеңі. Үндістан халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Бірінші азаматтық бағынбау науқаны. Үндістандағы 20-жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері;
1930-1940-жылдардағы Үндістанның дамуы. Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің қызметі. Мұсылмандар Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея;
Азияның араб елдері (1 сағат), Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Ирак, Сирия, Ливанның ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;
Палестина мәселесі (1 сағат), Бальфур декларациясы және иммиграция мәселесі. Палестинаның Ұлыбританияның мандаттық иелігіне айналуы. Британ үкіметінің 20-30- жылдардағы саясаты. Араб және еврей қоғамдары арасындағы қарым-қатынас. 1936 ж. көтеріліс. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Палестина; Африкадағы араб елдері (1 сағат), Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан және Ливия;
Тропикалық және Оңтүстік Африка (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Африканың саяси картасындағы өзгерістер. Африкадағы мандаттық жүйе. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка қоғамының әлеуметтік даму ерекшеліктері. Трайбализм. Африка халықтарының азаттық күресі. Африкалық халықтардың отаршылдыққа қарсы наразылығының түрлері. Қалаларда мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси ұйымдардың пайда болуы. Африкалық азаттық қозғалыс идеологиясының ерекшеліктері. Италия-Абисиния соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тропикалық және Оңтүстік Африка;
қайталау (1 сағат).
10. Халықаралық қатынастар (3 сағат):
ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықара­лық қатынастардың тұрақтануы. Генуя конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы. Бриан – Келлог пактісі. Репарация мәселесі және Юнг жоспары;
Еуропаның орталығы мен Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында халық­аралық қатынастардың шиеленісуі. Маньчжуриядағы Жапония басқыншылығының күшеюі. Нацистік Германияның Версаль бітімінің шарттарын бұзуы. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы.Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы;
1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу (аншлюс).Судет мәселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жаса­мау туралы кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу мәселесі.
11. Екінші дүниежүзілік соғыс (4 сағат):
екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскер­лерінің Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс;
Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі. «Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Үштік пакт. «Барбаросса» жоспары;
Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва түбіндегі шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс қимылдары. Антигит­лерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;
екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс. Сталинград және Курск шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы. Италияның тізе бүгуі. Ялта конференциясы. Германия мен Жапонияның талқандалуы. Кеңес Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы.
12. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (3 сағат):
ғылым. жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы (автокөлік жасау, авиация, радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасының дамуы;
мәдениет. Мәдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм. Әдебиет пен өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм. Бұқаралық мәдениет;
Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді жою. Халықтық мәдениет үлгілері мен ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының жетістіктері. Әдебиет және өнер. Қоғамдық ғылымдарды, әдебиет пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм және мәдениет. Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары;
13. Қорытынды қайталау (1 сағат).



Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет