Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет3/19
Дата26.06.2018
өлшемі2.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Зерттелуі: Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Саура жерінің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2014 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілік етуімен Саура бекінісіне археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Қысқаша анықтамасы: Саура бекінісінің қираған үйіндісі бұрыннан белгілі. Бекініс қабырғаларының қалдықтары 30 м созылып жатқан шойын тас үйінділеріне айналған. Сай түбінде сулы сазды мергель қабаттарынан аққан бұлақтардан жиналған тұнық сулы Қаракүп көлі орналасқан. Көлдің тереңдігі 5 метр. Бұл жерде бір топ су тасбақалары мекендейді. Тас қабаты бөлшектері және табылған кремний бұйымдары мен мыс өнімдері негізінде бекініс қола дәуірі деп белгіленді.

Археологиялық зерттеулер жергілікті археологтардың күшімен жүргізілді. Қазба жұмыстарының алғашқы кезеңінде құрылыс қабаттарының тас қирандылары толық аршылып, құрылымдық жоспар жасалды. Кейін тас үйінділерін кезең бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп, олардың құрылымы зерттеліп, көптеген қималары сызбаға түсірілді. Үйінділерді тазарту барысында ерте темір дәуіріне жататын нашар сақталған ересек әйелдің мәйіті табылды. Қабірден екі қыш ыдыс, темір пышақ, бірнеше моншақтар мен ұршыққа арналған ауырлық тастары табылды.

Ежелгі қабаттар деңгейінде, бүкіл бастапқы құрылыстың іргетастары жетерліктей анықталуы негізінде фортификациялық құрылыстың толық құрылымы айқындалды. Зерттеу соңында археологтар ескерткіштің табиғи бет-бейнесін қалыптастыруға тырысты.

Алғашында сырты қабыршақты плиталармен қапталған бекініс қабырғалары тұрғызылды. Жоспарда қабырғалары ішкі және сыртқы екі бұрыштары иректеле майысқан пішінді болып келеді. Ішкі бұрышынан желдеме ойығы қалдырылып, сыртына қарай тікбұрышты қалың қабырғалы бөлме салынған. Бекініс қабырғалары кіреберісінен және үйінділер арасынан бекініс уақытын – қола дәуірі (б.э.д. 2 мыңжылд ортасы) деп шамалаған археологтардың алғашқы болжамдарын нақтылайтын қыш ыдыстардың бірнеше бөлшектері табылды. Бекініс ұзақ тұрмаған, жер сілкінісі нәтижесінде құлап қалған. Саура бекінісі – Арал-Каспий аймағы территориясында алғаш зерттелген қола дәуірінің фортификациялық объектісі.

Саура бекінісіндегі ең маңызды табылған заттардың бірі кіре беріс плиталарының біріне салынған геометриялық фигураның суреті болып табылады. Сурет қызыл минералды бояумен салынып, 21 ұяшықтан тұратын торды құрайды. Бұл сурет тылсым дүние мағынасын білдіруі мүмкін.

Зерттеудің екінші кезеңінде, археологтар бекініс құрылысы қабаттарын қайта қалпына келтіруге тырысты. Сондай-ақ олар барлық іргетастарды сол қалпында сақтап, табиғи тастармен қаланған жаңа қабатпен жапты.



Аңыз-әңгіме: Саура шатқалы – ғажайып әлем. Қалың өскен жұпаргүлді жыңғылдар көмкерілген бұралаңдаған сүрлеу жол бойымен төңірегін әсем жартастар қоршаған, оның етегінен аққан бұлақтардан құралған айдың көлге келуге болады. Алуан түрлі өсімдіктермен көмкерілген айдын көл тек осы жерге тән батпақ тасбақаларының тұрақты мекеніне айналған. Суретке түсіретін, не бейнеге түсіретін камерасы бар туристерге айдын көл мен хош иісті өсімдіктердің саф ауасымен рахаттана тыныстап, тасбақалардың тіршілігін қызықтап қарауына мүмкіндігі бар. Туристер тау шатқалының бастауында өсіп тұрған биік ағаштың көлеңкесінде демалуына болады.

Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағаты материалдары;



2. Маңғыстау экотуризм журналы.

Самал сайы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Зерттелуі: 2004 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі зерттеген. Қорым алғаш 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Мұндағы бұлақ суы өзағысымен төмен барып жылғаға құйылады. Шатқалдың ұзындығы 1,5 шақырым шамасында. Бұлақ бойында сирек және реликтті емдік өсімдіктер және ағаштар өсіп тұр. Шатқал айналасында энеолит кезеңінің және е.т. дәуірінің ескерткіштері мол орналасқан. Шатқал аумағы – 6 га.

Аңыз-әңгіме: Маңғыстаудың шеті жоқ ащы және кермек сулы құдықтары мен бұлақтарының арасындағы тұщы сулы бұлақтар бұл өңірдің тіршілік атаулыға нәр беретін нағыз байлықтары болып табылады. Ыстық кезеңдерде су көздерінің көп бөлігі кеуіп кетеді. Самал сайындағы шағын бұлақ көзі қысы-жазы ағып жатуымен ерекшеленеді. Сай ішінде бағзы замандардан бері долана, тікенді қара өрік, қамыс ағаштары және түрлі емдік шөптер өседі, олардың кейбіреулері Қызыл кітапқа енгізілген. Бұлаққа кіре берісте-ақ, жалбыздың хош иісі мұрныңа келеді. Жаңа ғана құрғақ та, ыстық айдала, кенеттен жап-жасыл шөптер мен сылдыраған салқын самал бұлақты, жанға рахат жерге тап болғанда, не істеріңді білмей, абдырап қаласың.

Дерек көзі:

  1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағатының материалдары.


Тамшалы сайы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 35 км шығыс бағытта, Тамшалы жерінде орналасқан.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет