Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет5/19
Дата26.06.2018
өлшемі2.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Өтес селосынан 40 км оңтүстік-батыс бағытта, Үстірт қырынан Маңғыстаудың ойына түсетін жолдың (Қаратүйе-Маната жолы) бойында орналасқан.

Қысқаша анықтамасы: Үстіртің қыры мен Маңғыстаудың қара ойын жалғастырып жатқан он төрт құлама жолдың негізгісі «Маната» деп аталады. Ертеректе арқарлар мен адамдар ғана жүре алатын жалғыз аяқ жол, уақыт өте келе жүк тиеген керуен өте алатын жолға айналды. Осы құлама жолдың екінші аты - «Қаратүйе-Маната». Маната – Маңғыстаудың қақпасы іспетті. Күзде арқадан арқаланып, жайлаудан қыстауға түбекке қайтқан көштің Манатаға жеткендігі, ең алдымен көзге түсетіні – Маңғыстаудың ойындағы Отпан тауының төбесі еді делінетін. Алыстағы мұнар тұманның үстінен төңкерілген қазандай болып жатқан Отпантауды көргенде көшпелілер үйге келгендей қуанатын.

Аңыз-әңгіме: Түйе жүре алатын жол бірте-бірте кеңейтіліп автомобиль жолына айналды. 50-70 жылдардағы осы жол арқылы ойдан қырға шығып жүрген жүргізушілердің арасындағы аңызда осы жол аса қауіпті деп саналатын. Осы жерде жарқабақтан ұшып кетіп жазым болу, қирап қалу оқиғасы кездесіп тұратын. Осындай қайғылы оқиғалардың болу себебін жергілікті халық тек бір жәйтпен түсіндіретін. Ол – жарқабақтан түсетін жолдың шетіндегі көне бейіт, әулие бейіт еді, көліктердің жолдан шығып, жарқабақтан құлауы оның жүргізушілердің осы бейітте жатқан Ман-ата деген әулиеге тәу етпей, бет сипамай кетуінен деп түсінілетін. Осы түсінікке ешкім қарсы шығып, дау айтып көрген емес, өйткені әулиелерге деген сенім қазақтың бойында болуы табиғи нәрсе. Манатаның Маңғыстаудағы басқа аймақтармен жалғастыратын басты тарихи жолдың бойында тұруы. Маната әулиенің тегін қазақ пен түрікпеннің меншіктей алмауына қарап осы әулиенің өте ерте замандардікі деп түсінілуі осы ұқсастықтардың жайдан-жай еместігін, яғни кездейсоқ еместігіне сендіре түседі.

Дерек көзі:

  1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007 жыл;

  2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары.


Махтум баба мешіті


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет