Жаннат туралы білгім келеді



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#179050
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Жаннат туралы білгім келеді
answer key
Жаннатта Раббымызды көре
аламыз ба?
Жаннат халқына көрген бүкіл нығметтерінен де артық тағы бір сый
бар. Бұл туралы Алла Тағала Құранда былай дейді:
«...жақсылық істегендерге ең керемет сый (жаннат) жəне одан да артық
сый (Алланың жамалын тамашалау) бұйырады»
38
.
38 «Юнус» сүресі, 26-аят
Бұл туралы Пайғамбарымыздың хадисінде келген болатын. Жаннатқа
кіргендердің ең жақсы армандарының бірі– Алланы көру.
Пайғамбарымыз бір хадисінде: 
«Жаннаттықтар жаннатқа кіргеннен
кейін Алла Тағала: «Сендер менен тағы бір нəрсе беруімді
қалайсыңдар ма?» – деп сұрайды. Олар: «Сен біздің жүзімізді
ағартпадың ба? Бізді жаннат тұрғындарының қатарына қосып,
тозақтан құтқармадың ба?» – дейді. Перде көтерілгенде
жаннаттағылар үшін Раббыларына қараудан артық нəрсе
болмайды». 
Бұл өмірде Жаннат нығметтерінің ешбірін елестете
алмайтын болсақ, олардан да артық Раббымыздың ұлы дидарын
көрудің қандай керемет сезім екенін өзіңіз ойлай беріңіз...


Тозаққа баратындар...
Оқудың аяқталуына екі күн қалғанда, мектеп директоры сыныпқа
келіп:
– Құрметті оқушылар! Араларыңызда кейбір оқушылар жыл бойы
жақсы оқып, еңбектенді. Тапсырмаларын дəл уақытында тапсырды.
Əрі жақсы оқу үшін аз ұйықтап, аз ойнады. Мұғалімдерінің айтқан əр
сөзіне құлақ салды. Олардың жаса дегенін жасап, тыйым салған
нəрселерінен аулақ жүрді. Мектеп ережесін бұзбай, тəртіпті болды. Əрі
достарына да зиян тигізбеді. Егер байқамай қателік жасап қойса, дереу
кешірім сұрады. Ал кейбір оқушылар не сабақ оқымады, не өздеріне
берілген тапсырмаларды орындамады. Мұғалімдер айтқан
ескертулерге құлақ аспай, сыныпта жасамағандары қалмады. Мектеп
ережелеріне бағынбай, тіпті маған, мына директордың өзіне
құрметсіздік көрсетті. Ол аз болғандай басқаларды мазақ етіп:
«Бостан-босқа оқып жүрсіңдер... Сендердің жақсы оқығандарың
ешкімге керек емес! Сабақты күшті оқысаңдар, сендерге біреу бірдеңе
бере ме?» деп қарсы шықты. Бүгін, міне, оқу бітті. Мен мына жақсы
оқыған, тəртіпті, еңбекқор оқушылармен бірге өздеріңе де «Мақтау
қағазын» бергім келіп отыр, – дей келе, əлгі өзі атаған жалқауларға да
сый-сияпат берсе қалай болар еді?!
– Оһо, қандай керемет! Мына директор жақсы адам екен. Бірақ жақсы
оқығандарға обал болды. Ақыры соңында бəріміз де келесі сыныпқа
аман-есен көштік қой. Тəртіпсіз, əдепсіз, жалқау болғаным қандай
жақсы болды! Мұғалімдерді тыңдамағаным бекер емес екен, – дейтін
еді тəртіпсіз оқушылар. Ал əлгі жақсы оқығандардың қатарында сен де
болсаң, директордың мына сөзіне қайран қалар едің.
– Мұнысы несі?! Менің жыл бойы жасағаным, еңбегімнің бəрі босқа
кеткені ме? Ұйқымды қиып, терлеп-тепшіп сабақ оқыдым. Əттең,
оқымағанымда ғой! Əттең, мен де мектеп ережесіне бағынбай, түрлі
бұзақылықтар істегенім де ғой! Мұғалімдерімнің де айтқанын
тыңдамасам... Бұл не деген əділетсіздік! – деп қатты ренжитін едің.


Бұл өмір де мектеп сияқты. Кейбір адамдар Алланың əмірлеріне
бойсұнып өмір сүреді. Тіпті пайғамбарлардың көрсеткен жолымен
жүреді. Құлшылық жасайды. Əртүрлі жасандылық, кесапат істерден
бойын аулақ ұстайды. Ешкімнің ақысын жемейді. Бұл дүниеде жасаған
əрбір амалдың есебі болатынын біледі. Ал басқа адамдар оларға:
«Сендер өз-өздеріңді алдап жүрсіңдер! Бұл əлемнің иесі жоқ! Бостан-
босқа құлшылық жасап, шаршамаңдар! Ешқандай есеп күні жоқ!
Ақырет те, Жаннат деген де жоқ! Бұлардың бəрі бос сөз!»
Бірақ ақырет күні келген кезде Раббымыз иман келтіргендер мен
Аллаға сенбегендердің жағдайына бірдей қарамайды. Жақсы құлдарға
Жаннат деген сый берілгенде, жамандық пен күнə атаулыдан көз
ашпаған пендеге сай жаза тағайындалған. Оларды ешқашан сенбеген
Жаннаттарына кіргізе салмайды. Əбу Жаһил мен Əбу Бəкірдің бір
жерде болуы мүмкін емес. «Құдай жоқ, Пайғамбарлар өтірікші,
кітаптар ойдан шығарылған...» дегендер мен иман келтірген
мүміндердің жағдайы бірдей болмайды. Залымдар мен бейкүнə
жандар, өтірікшілер мен шыншылдар, əділетсіздер мен адал жандар, өз
пайдалары үшін жазықсыз кішкентай сəбилерге оқ атқандар тең бе?!
Иман еткендер үшін Жұмақ дайындалса, əрине, күпірлік келтіргендер
үшін лайықты орын Тозақ бар. Жаннат – сый үшін болса, Тозақ та жаза
үшін жаратылған.


Тамұқ қандай жаман жер...
«Сондай-ақ Раббысын мойындамай күпірлік ететіндерге (немесе
Аллаға қатысты ақиқаттарды жоққа шығаратындарға) де жалын атқан
жаһаннам азабы бар. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман
барар жер!
Олар жаһаннамға тасталғанда, жаһаннамның (оларды жұтып қойғысы
келіп қатты ышқынғандағы) жан түршігерлік гуілі мен бұрқ-сарқ
қайнаған дауысын естиді.
Жаһаннам долданғаннан жарылуға шақ қалады. Оған күнəһарлардың
жаңа бір легі тасталған сайын, ондағы сақшы періштелер олардан:
«Сендерге ескертуші пайғамбар келмеп пе еді?» − деп сұрайды.
Сонда олар: «Иə, бізге ескертуші пайғамбар келуін келді ғой, алайда
біз оны өтірікшіге балап, өзіне де, сөзіне де сенбедік, Һəм оларға:
«Алла еш нəрсе де түсірген жоқ, сендер қатты адасудасыңдар, басқа
түк те емес», − деген едік», − деп жауап береді.
Сондай-ақ олар: «Егер кезінде олардың ескертулеріне құлақ
асқанымызда, яки ақылға салып ойланғанымызда, қазір мына жалын
атқан отқа тасталып жатқандардың ішінде болмас едік!» − деп аһ
ұрады»
39
.
39 «Мүлк» сүресі, 6–10-аяттар
Раббым, біздің тозаққа түсуге бейіл адам болудан сақтағайсың! Бізге
Жаннаттық болуды нəсіп еткейсің! Бізге тура жол нəсіп ет! Тура жолға
бастайтын ақыл мен сана бер! Жолымызға ешқандай кедергілерді
ұшыратпа! Əмин!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет