Жаннат туралы білгім келеді


Жан тапсыру немесе өлім деген



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#179050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Жаннат туралы білгім келеді
answer key
Жан тапсыру немесе өлім деген
не?
Мен өліммен алғаш рет алты жасымда таныстым. Жаздың ыстық
күндерінің бірі еді. Жұпар иісі аңқыған гүлдердің ортасында ерекше
бой көтерген өрік ағашының түбінде əткеншек теуіп отырдым.
Байқасам, бір топ адам бесік сияқты бір затты арқалап алып барады.
Айналасында дауыс сала жылап кетіп бара жатқандар да бар. Бірі дұға
айтып əлдекім үшін Алладан кешірім тілеп барады. Олар əлгі бесікті
көтерген күйі мазарға апаратын жолмен тіке тартты. Мен дəл осы
күнге дейін адамдардың осылай жиналып дауыс сала жылап, дұға
тілегенін, бесік көтеріп мазарға қарай бет алғанын еш уақытта көрген
емеспін. Əткеншекті кілт тоқтатып, əлгі топқа көз алмай ұзақ қарап
қалыппын. Алты жасар баланың қайтыс болған кісіні шығарып салуды
көріп тұрғаны осы. Əйелдер жағы дауыс салып жылап жатыр.
Бұрын-соңды əйелдердің дəл осылай жылағанын естіген де, көрген де
емесін. Ол ол ма, үлкен ағатайлардың өздері көздері жасқа толып, тіпті
кейбірі еңкілдеп қоя бергеніне куə болдым. Осыншалықты азынаған
топты, үрей билеген үйді көрген кезде, денем одан сайын түршігіп
сала берді. Енді əлгі үйдің ішінен зарлы дауыспен оқылған Құран
даусы құлағыма жетті. Əлгі дауыс асықпай, зарлата оқып келді де, «Лə
илəһə иллаллаһ» деп дауысын соза түсіп тынды. Əлгі дауыс тына
қалғаны сол еді, əр жерден күбір-күбір еткен, «Əмин» деп дауыстаған
үн шығып жатты. Енді бір жақтан «Қайтеміз, тағдыры солай да» десе,
енді бірі «Алланың жазғанына көнеміз де...» деген сияқты түрлі сөздер
естіліп жатыр. Бұл көрініс менің көңіліме бір мұң артып кеткендей
болды. Ішімнен жылағым келді. Көзіме жас үйіріле бергені сол еді,
Арманды көріп қалдым. Ол – менің ең жақын досым. Өзі өте ақылды
бала. Білмейтіні жоқ.
Жасы менен үлкендеу болғандықтан ба, мен оның сөзін мұқият
тыңдап, білмейтін нəрселерімнің барлығын содан сұраушы едім. Оның


жауабының дұрыс-бұрысына қарап жатқан мен жоқ. Ол да жауап
беруден тартынған емес. Мен көңіл-күйіме соққы берген əлгі
көріністен əсерленгенім сонша – амандық-саулық сұраспай жатып,
Арманға төтесінен сұрақты қойып қалдым:
– Арман, ана біреу əкетіп бара жатқан бесік сияқты нəрсені көрдің бе,
ол не, ішінде не бар? – дедім аптығып.
– Оны табыт дейді, – деп қысқа қайырды Арманым.
– Иə, соның ішінде не бар? – деп бастырмалата жөнелгенде, Арман:
– Сен естіген жоқпысың, адам қайтыс болды ғой, – деді.
– Оны неге табытқа салып əкетті?
– Оны мазарға апарады.
– Ол жақта не бар?
– Мазарлар...
– Мазар деген не?
– Өлген адамды жерлейтін жер...
– Көме ме?
– Иə, көмеді. Басқа не істейді енді? Біз анам екеуіміз үнемі мазарға
барып, ата-бабаларымызға Құран бағыштап, дұға оқып тұрамыз...
– Адамды қалай көмеді?
– Дүниеден өткен соң ғана.
– Менің өлгім келмейді.
– Бəріміз бір күні өлеміз ғой...


– Бəріміз бе?
– Бəрі.
– Неге өлуіміз керек?
– Солай болуы керек.
– Өлгендер мазарда не істейді?
– Егер жақсы адам болса, сол жақтан Жаннатқа барады.
– Жаннатқа солай барамыз ба?
– Өй, сені ме?! Өлмесек, Жаннатқа бара алмаймыз!
– Онда мазар жақсы екен ғой!
– Иə, Жаннатқа баратындар үшін жақсы.
Екеуміз үнсіз қалып, тар көшеде табыт көтеріп бара жатқан адамдар
көзден ғайып болғанша, көз алмай қарап тұрдық. Бір үнсіздік басып
тұрғандай. Тек қана өрік ағашын айналшықтай ұшып жүрген аралар
мен шыбындардың дыбысы ғана естілді. Кенет Арман менің қолымнан
тартып:
– Алдыңғы аптада жаңбыр жауды емес пе? – деді.
– Иə, содан?!
– Добымыз шалшықта қалып қойыпты.
– Сөйтсе не болыпты?
– Сол суда кішкентай итшабақтар жиналып қалған!
– Итшабақ деген не?


– Кəдімгі итшабақ қой. Өскесін құрбақаға айналады!
– Солай ма?
– Оны да білмейсің бе?
– Жоқ, мен қайдан білем ондайды!
– Кеттік, барып қарайық...
– Кеттік-кеттік!
Сол күні шалшықтағы итшабақтарды қаңылтыр құтыға салып, үстіне
жаңбыр суын құйдық та, кеш батқанша қаңылтыр ыдыста сақтадық.
Біресе татуласа ойнап, біресе əлденеге таласа өкпелесіп жүріп, сол
күнді қызықпен өткіздік. Біресе көбелектің артынан қудық, біресе тұт
ағашына жабысқан құрттарды тамашалап біраз жүрдік. Бір кезде
аралардан қашамыз деп, қаңылтыр ыдыстағы итшабақтар қолымыздан
түсіп, жан-жаққа шашылып қалды. Шөптердің арасынан əлгілерді тез-
тез теріп алдық та, өлмесін деп суға лақтырып жібердік.
Бір қызығы, ойнап жүрген кезде ойымызға бағана ғана көрген өлім де,
мазар туралы да бірде-бір ой келмеді. Мен тұт ағашындағы құрттарға
қарап жүріп Арманнан: «Адамдар мазарда ұзақ бола ма?» деп сұрап
едім, ол болса, көбелектер туралы айтып: «Мына құрттар енді
қуыршаққа, одан кейін көбелекке айналады» деп түсіндірді. Сол күні
ол маған керемет хикая айтып беремін деген болатын...
Бірақ сол күннен кейін бірде-бір рет өлім туралы ауыз ашпады. Демек,
ол өлім туралы мен білмейтін нəрселерді біледі. Өйткені оның əкесі
ертеректе қайтыс болып кеткен... Қалай болғанда да, менің ештеңеден
хабарым жоқ еді.
Түнде аспанды қою қара бұлт басқанымен, жұлдыздар түнгі аспанда
жаққан шамдай жарқырап тұратын. Сол кездері мен ұзақ уақыт кірпік
ілмей жатушы едім. Түнде көбелектер шамға үймелеп, бейне той-
тойлап жүргендей көрінетін. Сондай сəттерде басыма өлім туралы,


өлімнің қандай нəрсе екені, жақын адамдарымның да бір күні бұл
дүниемен қоштасатыны, адамдар өлген соң мазарда не істеп
жататыны, ол жақтан Жаннатқа қалай баратындығы туралы ойлар
келетін.
Мен дүниеден өткен адамды көргенде алты жаста едім. Қазір біраз
жасқа келсем де, білмейтін нəрселерім өте көп. Мысалы, мен өлімнің
қандай болатынын білмеймін...


Негізі өлім қандай нəрсе?
Бұл сұрақтың жауабын білуге қатты құштар емеспін. Себебі бəрібір
түбінде сұрақтың жауабын білетінім анық. Иə, бір күні білемін! Сол
кезде, «Ее-е, өлім деген осы екен ғой» дермін. Бірақ ол кезде
білгендерімді саған жеткізе алмаймын. Өйткені ол сəтте мен бұл
əлемде болмаймын ғой. Түсінген шығарсың, иə?!
Өлудің қандай екенін түсінудің жалғыз жолы – дүниеге келген
сəтімізді еске алу. Таңқалғаныңды біліп тұрмын. «Екеуі бір-біріне
қарама-қарсы ұғым ғой. Қалай ұқсауы мүмкін?!» деп отырған
шығарсың.Бірақ терең ойланып салыстырсаң, бір-біріне ұқсайды.
Туғанда дүние есігін қалай ашсақ, өлгенде де есікті солай жауып
кетеміз.


Туу мен өлу
Егер ананың құрсағындағы сəбиге «Сен бір күні бұл жерден кетесің»
десе, əлгі сəби ол хабардан шошып кетер еді де:
– Қалай сонда, бұл жерден басқа əлемге кетемін бе?
– Иə, туыласың!
– Туылу деген не?
– Сен де басқа сəбилер сияқты дүние есігін ашасың. Бұл жерден кетіп,
мүлдем басқа əлемге тап боласың...
– Қорқам. Туылғым келмейді. Осы жер керемет қой!
– Қаласаң да, қаламасаң да, бұйырған уақытта дүние есігін ашуың
керек. Уайымдама, ол жақта бəрі күшті!
– Шын айтып тұрсыз ба?
– Əрине!
– Бірақ оны мынау қараңғы, тар жерден жарыққа шыққан кезде ғана
түсінесің. Көздерің шексіз аспанға қарап, құлпырған гүлдерді жақсы
көретін боласың. Жұлдыздарды да...
– Көк аспан, гүлдер, жұлдыздар. Мен бұлардың не екенін де
білмеймін! Қорқамын! Барғым келмейді ол жаққа! – деп өзі жатқан тар
құрсақтың заңдылығымен қарайтын еді.
Негізінде, адамдар білмейтін нəрселерінен қорқады. Сəбиді мысал етіп
алғанымыз да сондықтан. Ол құрсақта жатқандықтан, бұл дүниенің не
екенін білмейді, білмегендіктен қорқады. Сондықтан туу мен өлудің
арасында ұқсастық бар деп айта аламыз. Демек, ана құрсағында
жатқан сəбидің бұл дүниеге келуі өте ғажап, қуанышты нəрсе емес
пе?!


Негізі, əлдилер туылған соң осыншама ғажайып бір əлемге тап
боларын білмейді, егер білсе жыламайтын еді. Керісінше шаттанып,
ата-анасының қамқорлығын сезініп мəз болар еді. Біз де бір жер-
ананың құрсағын мекен еткен сəбиге ұқсаймыз ғой!
Дүниеге келген соң, өмірді де, ондағы нəрселерді де жақсы көреміз.
Бірақ бір күні осы жарқыраған өмірмен қош айтысатынымызды
сезгенде, қайтадан кеудемізді мұң басады. Əлгі іштегі сəбидің дүниеге
келуден қорыққаны сияқты, өлімнен де солай қорқамыз. Ұзақ өмір
сүргіміз келеді, бойымыз үйреніп, санамызға əбден сіңіп қалған бұл
өмірді тастап кеткіміз келмей қиналамыз. Бірақ қараңғы құрсақтағы
сəбиді жай қалдырмаған Жаратқан, бізді де арғы өмірге аттанар сəтте
бекер қалдырмас. Бұл дүниеден де жарық, бұл өмірден де кең керемет
əлемге тап боламыз.
Анамыздың құрсағында жатып бұл дүниені елестете алмасақ, осы
дүниеде жүріп арғы өмірдің қандай екенін де елестете алмасымыз
анық. Асылында, өлу дегеніміз – осындай нəрсе, досым!


Əзірейіл қандай періште? Жақсы
ма, жаман ба?
«Ендеше, оларға: Сендерді өзіне жандарыңды алу міндеті
жүктелген өлім періштесі келіп өлтіреді. Содан кейін
Раббыларыңның құзырына жөнелтілесіңдер (жеткізілесіңдер»,
– деп айт.
(«Сəжде» с
ү
ресі, 11-аят)
«Періште» сөзін естігенде ақылыңа жаман ой келе ме?
Жамандық жасайтын адамға «Періштедей» деп айта аласыз ба?
«Періште» сөзін біз ешқашан кісі өлтірушіге, залымға, ұрыға,
сатқынға, қатыгез адамға немесе қорқынышты жаратылысты сипаттау
мақсатында қолданбаймыз! Бірақ біз жас сəбидің сондай сүйкімді,
күлімсіреген жүзін көргенде «періштедей» деп жатамыз.
Басқаларға əрдайым қол ұшын беріп, үнемі жақсылық жасайтын, ашты
тамақтандырып, жүрегінде қайғысы бар адамның көз жасын сүртіп
жүрген біреуді көрсек, сол адамның сипатына қарап, бірден ойға
«періштедей» деген теңеу келеді.
Періште – əлемдегі барлық тілдердің ішіндегі ең əдемі сөз. Ал
Əзірейіл, ол да періште! Уахи періштесі Жəбірейіл сияқты, Микаил
сияқты, ол да періште! Микайл Алланың бұйрығы мен гүлдерді,
жемістерді жəне бидай дəндерін, таулы жазықтарды, жүзімдер мен
бақтарды бақылайды. Ал Исрафил Қиямет басталғанда, адамдарды
бірінен соң бірін қайта тірілту үшін «сур» үрлейді.
Əзірейіл – ұйқыда жатқан сəбиді күлдіре алатындай көркем періште.
Ол да аспаннан жауған қар мен жауынның əр тамшысын жер бетіне
алып түсетін періштелер тəрізді. Ол құстарға əн үйретіп, құмырсқалар
мен жарысқан араларға жол бастайтын, сиырдың құлағына: «Алла


үшін сəл сабырлы бол, кішкентай қыз шелегін толтырып алсын» деп
сыбырлап кететін періштелер сияқты бір періште.
Бірақ оның міндеті – пайғамбарларға аян беру, кішкентай сəбилерге
бесік жырын айту не болмаса бақтардағы гүлдерді жайнатып өсіру,
аспаннан жауған қар мен жаңбыр тамшыларын жерге жаймен алып
түсіру, құстар мен дос боп, аралардың серігі болу емес. Əзірейіл – өлім
періштесі. Бұл əлемнің соңғы сəтінде бəрімізге көрінетін періште.
Əзірейіл періште – жақсылықты, сұлулық пен тазалықты, əділдікті
білдіретін періште. Оның есімін естіген кезде бізде қорқыныш пайда
боп, дірілдейміз. Ол шынайы періштенің бейнесі емес. Себебі қазіргі
адамдар қара шекпен жамылып, қолына шалғы ұстаған бір бейнені
санасында Əзірейілге балап жүр. Қарашекпен киген, жантүршігерлік
бас сүйегі көрінген, киімінің ішінен сүйек қаңқасы көрінген бір бейне.
Мультфильмдерде, ортағасырлық суреттерде, қорқынышты
фильмдерде жиі кездесетін бұл сұмдықтың, əрине, Алланың төрт ұлы
періштесінің бірі – Əзірейілмен ешқандай байланысы жоқ.
Əзірейілдің бейнесін көре сала оны хатқа түсіріп, оны басқаларға
көрсетуге ешкімнің артық уақыты жоқ. Өйткені ол – өлім періштесі.
Ол келгеннен соң, өлім келеді.
Əзірет Əзірейіл періштенің екі түрлі бейнесі бар.


Əзірейіл періштенің екі түрлі бейнесі
Əзірейілдің əдемі жүзін Алланың ең сүйікті құлдары ғана көре алады.
Өмір бойына Аллаға, оның пайғамбарына иман келтіріп, үнемі
жақсылық жасауға тырысқан, ешкімге зиянын тигізбеген, ешкімнің ала
жібін аттамаған, үлкен не кіші күнə жасап қойса, тəубесіне келіп,
Алладан кешірім сұраған құлдарына Əзірейіл (а.с) нұрлы бейнесімен
көрінеді. Сондай құлдар дүниеден өтер кезінде Əзірейілдің күлімдеген
көркем жүзін көреді.
Сіздің бұл дүниедегі міндетіңіз аяқталды. Алланың бұйрығы келді деп
алдыңыздан Əзірейіл шығып: «Келіңіз, мен сізді мəңгі өмір сүретін
жұмақты көруге апарайын. Сіз бұл дүниенің қиыншылығынан
арылдыңыз!» – деп айтады. Сүйікті Пайғамбарымыз (Алланың оған
сəлемі мен игілігі болсын) айтқандай, ол Алланың сүйген құлдарының
жанын сары майдан қыл суырғандай оңай шығарады.
Бірақ медальдың екінші жағы бар болатыны секілді Əзірейілдің басқа
бейнесін көруімізге болады. Өлім періштесінің қорқынышты бейнесі
бар. Ибраһим пайғамбар Əзірейіл періштенің залым адамдарға
көрінетін жан түршігерлік түрін көргісі келіп: «Мен сенің
қорқынышты жүзіңді көргім келеді», – дейді. Сонда Əзірейіл: «Сен
менің бұл жүзімді көруге шыдай алмайсың», – деп жауап береді.
Ибраһим пайғамбар талап еткен соң, оған өзінің сол бейнесін көрсетті.
Ибраһим пайғамбар өзін отқа лақтырған кезде де қорықпаған еді. Бірақ
Əзірейілдің қорқынышты түрін көргенде құлап, есінен танды. Ол
залым адамдарға ғана осылай көрінеді. Яғни Алланың бір екендігіне,
шексіз құдіретіне, толассыз мейіріміне сенбейтіндер осы бейнесін
көруге лайық. Олар – əртүрлі қатыгездік жасайтын, адамдардың қанын
төгіп, өз пайдасы үшін балаларға оқ атып, бомба жаудыратын,
жетімдердің мүлкін тартып алатын қаскөй жандар. Ол бейне
адамдарды өтірікпен адастыратын сатқындарға жəне Алланың
пайғамбарлары мен Оның кітаптарын жоққа шығарушыларға көрінеді.
Өйткені Алла олардың бұ дүниеде сан мəрте жасаған қатыгездігін жай
қалдырмайды.


Алла залымдардың кесірінен қасірет көргендерге əділетсіздік
жасамайды! Осылайша Əзірейіл (а.с.) өмірін қатыгездікпен
өткізетіндерге əдемі періштенің жүзімен емес, қорқынышты кейпімен
көрінеді. Сонда əлгі адамдар бұл өмірде жасағаны үшін жазаланатын
күннің жақын келгенін сезе бастайды. Жазықсыз, əлсіз адамдар
кешіріліп, жүздеріне қуаныш ұялағанда, залымдардың жылайтын кезі
де келеді.


Əзірейіл – сенімді серік
Əлемдегі барлық зұлымдықтан қашып, тек Алладан пана тілей аламыз.
Əзірейіл періште өзінің қорқынышты түрін тек жамандарға
көрсететінін білдік. Енді бəріміз оның əдемі, мейірімді, нұрлы жүзін
көруге үміт етейік. Себебі бізді осы дүниелік өмірдің соңында күтетін
ұзақ жол бар. Бізге сол жолда сенімді серік керек.
Əзірейіл періште – сол жолда бізге жəрдемші болатын сенімді
серіктердің бірі. Денемізден бөлініп шыққан жанымыз оның
қанаттарының астында болады. Бұл біздің дүниеге келгендегі сəтімізге
ұқсайды. Біз ең əлсіз, шақалақ кезімізде бір дəрігердің қолында болып
едік. Дəрігерлер өмірге келуімізге көмектессе, өлім періштесі біздің
жанымызды тəнімізден босатып, оның басқа əлемге баруына
көмектеседі. Бұл – Алла Тағаланың адамның қымбат жанын ең сенімді
періштеге аманаттауы. Дəрігер жаңа туған нəрестені жұмсақ
жамылғыға қалай орап салса, Əзірейіл де жанымызды құшақтап, оны
мəңгі өмір сүретін нағыз əлем – жұмақтың шексіз əсем бақшаларына,
біз кейін қауышатын көркем өмірге жеткізеді. Сондықтан
мұсылмандар Аллаға, Пайғамбарымызға жəне Құранға иман
келтіргеніндей, басқа періштелер сияқты Əзірейілді де жақсы көруі
керек.


Қанша Əзірейіл бар?
Күніне мыңдаған адам көз жұмады. Жер бетінде саны көп болғанына
қарамастан, барлық тірі жан мерзімі келгенде өз өмірлерімен
қоштасады. Ормандағы пілдер, арыстан, зебра, бөкен, киттер мен
дельфиндер, теңіз жұлдыздары, ағаш бұтақтарындағы құстар, шөлдегі
шаяндар мен полюстегі пингвиндер. Ұядағы аралар, аяқ астындағы
құрттар, құмырсқалар...
Қыркүйектің салқын кештерінде кəрі алмұрт ағашының бұтақтарында
жүрген құрттар да өледі... Егер Өлім періштесі барлық тіршілік
иелерінің жанын алады десек, жануарларды да сол қатарға кіргіземіз.
Əзірейіл бір уақытта соншама тіршілік иелерінің жанын қалай алады?
Періштелер – нұрдан жаратылған.Сондықтан оларға ет пен сүйектен
жаратылған тіршілік иелері сияқты бір уақытта тек бір ғана жерде
болу шарт емес. Олар бірден басқа жерде болуы мүмкін. Сізге мына
мысалды ұсынып көрейін:
Күн атомдардан құралған. Бірақ ол айналасына жарық түсіретіндіктен,
оны жарық сəуленің бастауы деп айтсақ болады. Күн сəулесі əлемге
тегіс жарық сыйлайды. Басқа ғаламшарларға бəріне бірдей жарық
сыйлап тұр. Жерге жылуын, нұрын сыйлайтын күн 1 секунд ішінде
жердегі барлық гүлдің жапырақтарына жарық сыйлай алады.
Күн барлық тіршілік иелеріне сəулесін төгеді. Бір жерде жарық болса,
басқа жерге де нұрын түсіре алады. Теңіздер мен таулар, сəбилер де
Күннің жарығын сезеді. Ол ағаштарды һəм барлық тіршілікті
жылытады.
Нұрдан жаратылған періштелер бір уақытта əртүрлі жерде бола алады.
Бұл біз ойлағаннан да оңай. Егер адам екі жүз жыл бұрын шығып, «Бір
күні сұлтан шығып сөйлейді, оны бірақ миллиондаған адамдар өз
үйлерінде отырып естиді» деп айтса, сол адамды бəрі ақымақ көретін
еді. Өйткені ақылға сыймайтын нəрсені айтқаны үшін оны
айыптайтын.


Осы екі мысал Əзірейіл періштенің нұрдан жаратылғанын түсінуге
көмектесті деп ойлаймын. Ол көп жерде бір сəтте бола алады.
Мыңдаған адамның жанын бір сəтте алуға қауқары бар. Бірақ бір
нəрсені айта кету керек:
Кейбір Ислам ғұламалары хадистер мен аяттардан алған
түсіндірмелерге сүйене отырып, Алланың жан алатын періштелері өте
көп, ал Əзірейіл болса, олардың басшысы деген пікірді келтіреді.
Барлық нəрсені періштелер мен адамды жаратқан Алла Тағала
жақсырақ білуші!


Қайтыс болған соң адамға не
болады?
Қазір өзіңізге беретін жауабыма таң қалатын шығарсың деп ойлаймын.
Қанша қызық, тіпті оғаш көрінсе де, бұл жауаптың дұрыстығына
алдағы уақытта көз жеткізесің. Жан кеудемізден шығып кеткен соң
бізге ештеңе болмайды! Біз осы қалпымызда қаламыз, бірақ денемізде
өзгерістер болары анық. Өйткені біз жасаған ізгі амалдардың денеде
қалдырар əсері тым аз, тіпті жоқ деуге болады. Иə, ойыңызда тағы бір
сұрақ пайда бола бастағанын түсініп отырмын.
Мынадай бір мысал келтірейін, сонда менің не айтқым келгенін
жақсырақ түсіне бастайсыз. Сіз ғарышкерді өз көзіңізбен көрдіңіз бе?
Нағыз ғарышкерді көрмесеңіз де, оларды кинодан, ғаламтордан көріп-
біліп жүрсіз. Солай емес пе?! Олар ғарышқа ұшарда космосқа
арналған арнайы костюм киюі керек. Себебі ғарышта адамдар көйлек
пен шалбар киіп жүре алмайды. Ғарыш – мүлде басқа əлем. Ол біздің
əлемге ұқсамайды. Жерде киетін киіммен ғарышқа ұша алмаймыз.
Ғарыш костюмін кигенде, оның ішіндегі ғарышкердің өзі əрең
көрінеді. Олар жерге оралған кезде сол ауыр, үлкен костюмдерін
шешеді. Егер ғарышкер костюмін шешсе, ол ғарышкер санала ма, жоқ
па? Əрине, ол ғарышкер! Демек, ол киімсіз болса да, ғарышкер болып
қала бермек. Ал костюм ше? Костюм ғарышкер ме? Жоқ, ол жай киім.
Ол өте ерекше киім шығар, бірақ жансыз зат екені анық. Біреу оны
кимесе, сол күйінде жата береді.
Енді осы мысалға салыстыру жасай отырып, өз денеңізге көз салыңыз.
Құдай алдымен жанды жаратты. Жанымыз рухтар əлемінде болды.
Дүниеге келерде жанымызға жарасымды ерекше киім қажет еді.
Анамыздың құрсағында бізге əрі осы əлемге лайықты киім
дайындалды. Бұл киімнің ұстауға ыңғайлы қолдары, жүруге жарамды
аяғы, көретін көздері, еститін құлағы, иіс сезетін мұрны бар болып
жаратылды.


Біз əлемге осы ерекше киіммен келдік. Бірақ ол тек «киім» ғана, «біз»
емеспіз. Ғарышкер мен ғарышкердің костюмі сияқты, біздің жанымыз
бен тəніміз – бір-бірінен мүлдем өзгеше жаратылыстар. Жердегі
өміріміз аяқталған соң, осы жаққа арналған «киімді» тастап кетеміз.
Себебі біз баратын жаққа бұл «киімдер» қажет емес, яғни, қазіргі
денеміз. Бұл ғарышкердің Жерге оралған соң ғарышқа арналған
костюмін шешуіне ұқсайды. Жарық əлемді анамыздың құрсағында
тоғыз ай күткендей, қабірде де ұзақ күтеміз.
Қабір əлемі де ананың құрсағы, аялдама, вокзал секілді күту алаңы.
Бізді тар, қараңғы құрсақта жалғыз қалдырмаған Раббымыз, ертең
қияметтегі қалың топтың арасында да жалғыз қалдырмайды. Себебі
Ол бүкіл əлемнің Иесі. «Рабб» деген сөз «Бүкіл əлемнің Иесі» дегенді
білдіреді... Рухтар əлемі, дүние, қабір əлемі жəне жұмақ сарайлары...
Міне, өлу мен туудың тағы бір ұқсастығы осында жатыр.


Қабір əлемі қандай жер?
Кішкене күнімде біздің ауданда Хадиша деген білімді əрі діндар ұстаз
болатын. Ол кісі анамның өтінішін жерге тастамай, ағам екеумізге
Құран үйретуді қолға алды.
– Міне, тағы да жазғы демалысқа шығып жатырмыз. Балалар əлі
Құранды ежіктеп болса да оқи алмайды, – деп анам Хадиша апайға
шағымын айта бастады.
– Алла бұйырса, биыл Құранды зуылдатып оқи алады, – деді
апайымыз.
– Əмин, Алла сол күнге жеткізсін! – деп анам қуанып қалды. Хадиша
апай сол кезде анама:
– Мен оларға тек Құран оқытпаймын, оған қоса... – дей беріп еді, анам
бірден:
– Тағы не үйретесіз? – деп тағатсыздана сұрады.
– Иман негіздері сияқты дінімізге қатысты маңызды нəрселерді де
сабақ арасында үйретсем бе деп ойлап отырмын, – дегенін естіген
кезде анам қуанып:
– Рақмет сізге, Алла разы болсын! Балаларға қандай жақсы нəрсе
болса, соны үйрете беріңіз. Үйренгендері өздеріне жақсы ғой, – деп
алғысын білдірді.
Осы күннен бастап ағам екеуміз күнде таңертең Хадиша апайдың
үйіне барып жүрдік. Алдымен əдемілеп Құран оқуды үйренетінбіз.
Артынан апайымыз бір параққа жазылған ғибратты əңгімені оқытып,
кейін сол парақтың келесі бетінде жазылған аяттың мағынасы мен
пайғамбар хадисін оқытатын. Содан кейін ұстазымыз анама айтқандай


діни негіздерді үйретуге кірісетін. Ол кісінің уақыты да берекелі,
білімі де мол екеніне таңдай қағатынбыз.
Бір күні жаттаған аяттарды қайталап жəне апайымыз берген
парақтарды оқып тапсырып, ойынға кетеміз деп іштей дайындалып
отыр едік. Хадиша апай келді де: «Балалар, бүгін қабір əлемі туралы
айтайық...» – деді. «Қабір» деген сөзді естігенде қызығушылығымыз
арта түсті. Мəдина апай сол күні бізге қабірге қатысты оқиғаларды
жақсылып түсіндіріп берді.


Қайтыс болғандарды не үшін
жерлеу керек?
Қайтыс болғандарды жерлеу керектігі Құранда айтылды. Бұл тікелей
бұйрық ретінде емес, қисса ретінде баян етілген. Адам атаның ұлдары
Қабыл мен Əбіл табиғатынан бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі бала
болып өседі. Қабыл қатыгездеу, тас жүрек болса, Əбіл жұмсақ мінезді,
мейірімді болатын. Қабыл егіншілікпен, Əбіл қой бағумен айналысты.
Əбіл өз ісіне мұқият қарап, үнемі еңбектеніп жүретін. Қойларына жем-
шөп дайындап, оларды қараусыз қалдырмайтын.
Қабылдың ішінде Əбілге деген наразылық сезімі пайда бола бастады.
Бірде Адам Ата оларға Алла разылығы үшін құрбандық шалуды
бұйырады. Құрбандық қабыл болса – от немесе найзағай
тиетін.Осындай ерекше белгі арқылы садақаның яки құрбандықтың
қабыл болып-болмағаны білінетін. Егер құрбандыққа от тимесе, оның
қабыл болмағандығын білдіреді.
Сонымен құрбандық үшін Əбіл қойларының арасындағы ең күйлі,
жақсысын таңдап алады. Қабыл болса, өз егініндегі жеуге
жарамайтын, бұзылған көкөністерін əкеледі. Келесі күні Қабыл өз
құрбандығына ештеңе тимегенін көреді. Ал Əбілдің құрбандығында
оттың белгісі бар болатын. Бұл жағдайдан кейін Қабылдың
өшпенділігі тіптен күшейе түседі. Өстіп кектеніп, іштей қызғаныш
отына күйіп жүрген Қабыл өз қарындасына Əбіл үйленіп қоймаса екен
деп қызғанатын. Осындай ойлардың жетегінде кеткен Қабыл енді өз
бауырын өлтірмекші болады. Оның жаман ойларына шайтан да
жақтасып «Бауырыңды өлтір» деп азғыра бастайды. Қабыл ақырында
ниеттенген жаман ісін орындап, Əбілдің қанын мойнына жүктейді. Бұл
адамзат тарихындағы алғашқы қантөгіс еді. Қабыл қылмысты жасарын
жасағанымен, іштей өкініп, не істерін білмей қинала бастайды. Сол
кезде қарсы алдына екі қарға келіп қонады. Олар бір-бірімен
шоқысып, əлденеге таласып жатқан кезде бір қарға жазым болады.


Өлген қарғаны тірі қалған қарға жер қазып, соған тастайды да, бетін
топырақпен көмеді. Олардың іс-əрекетін көрген соң, Қабыл да солай
жасайды. Сол күннен бастап адамдар қайтыс болған кісіні жерге көміп
келеді. Негізі, осылай жасағанымыз дұрыс. Өйткені Раббымыз
денемізді топырақтан жаратты. Демек, рухымыз шығып кеткен жансыз
денеміздің қайтар орны да қара жер болмақ.
Қабір əлемі бұл дүниеге мүлдем ұқсамайды. Оның қандай əлем екенін
көз жұмбайынша біле алмаймыз. Біз дүниеге келмес бұрын дүниені
білмегеніміз сияқты, біз өлгенге дейін қабір əлемі туралы білмейміз.
Бірақ ардақты Пайғамбар бізге қабір əлемі туралы хабар берді. Қабір
туралы біз білетін барлық нəрсе ол кісі айтқан хабарлар ғана.


Біздің рухымыз қайда болады?
Біздің денеміз топырақтан жаралғанымен, рухымыз топырақтан
жаралмаған. Қайтыс болған адамның жаны денеден бөлінгендіктен,
жерге көмерде дене мен жан бірге көміледі деп айта алмаймыз. Біз
өлгенде денеміз қабірге, ал жанымыз қабір əлеміне кетеді.
Қабір əлемі бұл дүниеге мүлде ұқсамайды. Оның қандай əлем екенін
біз өлмейінше, біле алмаймыз. Осы дүниеге келместен бұрын
ештеңеден хабарымыз болмағаны сияқты, біз өлгенге дейін де қабір
əлемі туралы біле алмаймыз. Пайғамбарымыз қабір əлемі туралы
хабарлар айтты. Сол ақпараттардың арқасында біз қабір əлемінде
болатын біраз нəрсені алдын-ала білуге мүмкіндік таптық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет