Жаннат туралы білгім келеді



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#179050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Жаннат туралы білгім келеді
answer key
Махшар алаңы
Адам Атадан бастап қияметке дейін келетін барлық адамдар
Исрафилдің сурі үрленгенде жаппай тіріліп, махшар алаңына
жиналады. Бұл жер – күллі адамзат Раббымыздың құзырына тұратын
мекен.
Сол күні иман келтірген адамдардың бет-жүзі нұрланып жарқырайды.
Олар Алла Тағаламен қауышқанда бақытқа бөленіп: «Міне,
Раббымыздың дүниеде бізге уəде еткен күні келді! Шынында, біз қайта
тірілетінімізді, топырақ астында жатқан бір дəнді ұмыт
қалдырмайтынАлланың бізді де ұмытпайтынын анық біліп едік», –
дейді.
Олар қандай бақытты жандар! Раббыларымен қауышты. Дүниеде кім
біреуді жақсы көрсе, сол адаммен ақыретте қауышады! Оларды
қуанышы таусылмайтын ғажап күндер күтіп тұр! Алла бізге де
солардың қатарында болуды нəсіп етсін!
Сол күні кейбір адамдардың жүздері солғын тартып «Əттеген-ай!» деп
өкініш ішінде қалады. Олар «Бізді қабірімізден кім оятты?» деп
сұрайды. Сөйтіп мəселенің анық-қанығын көп өтпей-ақ біледі. Үлкен
өкініш пен қорқыныш ішінде: «Міне, бұл – Алланың уəде еткен
нəрсесі. Бізге келген пайғамбар тек ақиқатты айтқан екен...» дейді. Бұл
өмірде Алла Тағаланы жоққа шығарғандар, ақирет күнінде
мойындамаған еді. Олар өздерінен есеп алынарына сенбегендіктен,
күнəдан бас тартпай, алаңсыз ойларына келгенін істегендер. Ақыр
соңында, орны толмас өкінішпен: «Əттең-ай, қайтадан бұрынғы
халімізге келіп, Аллаға иман еткенімізде ғой. Пайғамбарлардың
айтқандарына құлақ түргенімізде ғой. Ойымызға не келсе, соны
жасамай, нəпсімізді тыйғанымызда ғой. Адамдарға қастық қылғанша,
осы күнге əзірленгенімізде, иман еткен адамдарды кекетіп-мұқатып,
мазақ етпегенімізде ғой... Əттеген-ай! Ендігі барар жеріміз
жалындаған от!» деп кеуделерін өкініш оты кернейді.


Бірақ олардың өкініштері ешқандай пайда бермейді. Өйткені жақсы
амал жасауға берілген уақыт шектеулі. Сынақ өмірдің уақыты
əлдеқашан аяқталған. Енді кімнің шынымен жеңіске жетіп, кімнің
ұтылғанын анықтайтын сəт келді.


Махшарда нелер болады?
Бұл дүниедегі əрбір істеген ісімізді екі иықтағы періште жазып отыр.
Ешбір іс босқа кетпейді жəне ұмытылмайды. Махшар алаңына
жиналғандардың бəріне өз амал дəптері беріледі. Амал дəптерде бүкіл
ғұмырымыз жазулы. Дегенмен оның қандай дəптер болатынын, оң не
солымыздан берілетінін алдын-ала біле алмаймыз. Өміріміздің
кішкентай сəттеріне дейін қалай жазулы тұрғаны бізге беймəлім.
Кішкентай бір дəннің ішіне (тағдырына), үлкен бір ағаштың
тамырынан бастап жапырағы, гүлі, бұтақтарының өлшемі, қабығының
түсі, жемістерінің дəміне дейін сақталып жаратылған.
Ал адам жасушаларынан табылған кішкентай көзге көрінбейтін ДНК
ақпаратында шашымыздың түсінен бастап тырнағымыздың өлшеміне
дейін, миллион ерекшелігіміз жазылған. Біз айтқан ДНК тіпті
электронды микроскоптың көмегімен əрең көрінетін титімдей
ағзалардан тұрады.
Мидың ішінде орналасқан кішкентай жад бөлшегінде өмір бойы
жинаған естеліктеріміз жазылады. Біз білетін барлық адамдардың
жүзі, есімдері, ерекшеліктері, олармен бірге өткен сəттер жадымызда
сақтаулы тұр. Тіпті мектепте үйренген сабақтарымыз, жолда көрген
əртүрлі оқиғалар, естіген əуен мен дыбыстар т.б. бəрі жасымықтың
дəніндей миымыздың кішкентай бөлігінде сақтаулы. Бұл мысалдардан
кейін өміріміздің əрбір сəті жазылып жатқандығын түсіну қиын
болмайды.
Осыдан елу, жүз жыл бұрын «жазу» не «сақтау» деген сөздерді
естігенде, барлығы қағаз бетіне түсірілген парақ-парақ кітаптарды
елестететін. Ал қазіргі таңда жазу мен сақтаудың өзге түрлерін де
меңгердік. Алғашында дыбыс таспалары арқылы тек сөйлеген сөзді
немесе əндерді жазып сақтауды үйренсек, уақыт өте келе бейнелі түрде
көре алатын құрылғылармен сақтау жолдарын қолдана бастадық. Əрі
жазылған бейнежазба, дыбыс жазбаларды сақтаудың да əртүрлі жолы
бар. Мысалы, бұрын CD жəне DVD дискілер болса, кейін компьютер
жады, кішкентай флэшка т.б. алып жүруге ыңғайлы шағын құралдар


пайда болды. Бұрын миллиондаған параққа жазылған ақпараттар,
ғасырлар бой жиналған мəліметтер қазір алақанға сиятын, ықшам ғана
жады құрылғыларда сақталады. Жазу, сақтау деген сөздерді естігенде
сол себепті ақылымызға қағаз-қаламнан басқа көптеген сақтау
құрылғылары келеді. Енді махшар күнінде қолымызға қандай дəптер
ұстататынын, бүкіл өміріміз ол жерде қалай жазылып тұрғанын
«Уақыты жеткенде көрерміз» дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Енді
амал дəптеріне қатысты бірер сөз қозғайық...


Ең кішкентай жақсылықтың өзі...
Амал дəптеріміз таразыға таратылғанда жан-дүниеміз тітіркеніп
кетеді. Біріміз қорқыныштан, біріміз қуаныштан осындай күйде
боламыз. Қуаныштан толқып-тебіренгендер өмірінде жасаған
жақсылығының босқа кетпегенін, амал дəптерінде жазылып,
сақталғанын көріп, көңілі жай табады. Дүниеде ешкім көрмеген,
ешкімнің ойына да кіріп шықпаған жасырын жасаған жақсылықтары
да сол парақта жазылулы. Тіпті бар ықыласымызбен жасауға
ниеттеніп, алайда жасай алмаған жақсылықтарымыздың өзін сол
дəптерден табамыз. «Уа, Алла! Мен бұл жақсылықты жасағым келіп,
бірақ жасауға шамам жетпеген еді, алайда мында сол ниеттенген
жақсылығым жазулы ғой!» деп таңғаламыз.
Кейде жақсы бір істің жасалуына жəрдемші боламыз. Міне, сол басқа
адамның жақсылық жасауына жай ғана себепкер болған амалдың өзі
дəптерімізге жазылады. Осылардың бəрін амал дəптерімізден
көреміз...
Бұдан басқа өмір тіршілігінде көрген қиыншылығымыз да осы
дəптерде жазулы. Мысалы, аяғымызға кішкентай тікен кіріп жанымыз
қиналса, сол азғантай ауыртпалықтың өзін Алла Тағала амал
дəптерімізге жазады. Дегенмен бізге берілер үлкен сый бұл емес.
Үлкен сый – аяққа кірген сол бір кішкене тікеннен алған
ауыртпалықтың өзімен пара-пар жасаған жамандығымыздың
жойылуы.
Кейбір адамдар бұл дəптерден өздері мүлде жасамаған, жақсылыққа
себеп те болмаған игі істердің жазылғанан көреді. Бұл – өздері өмірден
өтсе де, артынан келіп тұратын жақсылықтары. Қайтыс болған
адамның артында қалған ұл-қыздары ізгілік жолынан айнымай,
жасаған жақсылықтары да ата-анасының амал дəптеріне жазылады.
Əлдекім бір құдық қаздырып, ел қызметіне ұсынғаннан кейін қайтыс
болып кетсе, сол құдықтан су ішкен адамға су бергендей сауап амал
дəптеріне жазылып отырады. Тіпті сол құдықтан су ішкен құстар,
жəндіктер, ит-мысық атаулыға су бергендей сауап еншілейді...


Яғни, жақсы адамдардың амал дəптерлері олар қайтыс болған күннен
кейін де жақсылықпен толыға береді. Тек жақсылықпен...
Жақсылық атаулымен толған дəптер иесіне оң тарапынан беріледі.
«Сол күні жауапқа тартылу үшін Алланың алдына келтірілесіңдер.
Сөйтіп, (Алла Тағаланың алдында) бірде-бір жасырын сырларың
болмайды. Нəтижеде, кімнің амал дəптері оң жағынан берілсе, ол
көңілі тасып: «Қане, келіңдер, оқыңдар! Мінеки, менің амал дəптерім!
Шынтуайтында, мен (дүниеде істеген істерім жөнінде) есеп беретініме
имандай сенген едім», – дейді»
10
.
10 «Хаққа»сүресі, 18–20-аяттар.
Амал дəптері оңынан берілген адам жыл соңында қорытынды бағасы
тым жоғары болған оқушыдай қатты қуанады. Əрі дəптерін өзгелерге
көрсеткісі келіп тұрады.
Алла Тағала əрқайсымыздан жеке-жеке жауап алады. Өміріміздің
қалай өткенін, жастық шағымызда не тындырғанымызды, мал-
мүлкімізді қалай жəне қайда жұмсағанымызды əрі оқып-
үйренгенімізді амалға асырып-асырмағанымыз жайында сұрайды.
Əсіресе намаз оқып-оқымағанымыз туралы сұраққа алады. Намаз
жайындағы сұрақтан сүрінбей өткендердің жағдайы жақсы болмақ.
Шындығында, намаз оқитын адамдардың дəптерлеріне көп
кідірместен жай назар салынып өтіледі. Егер ішінде кемшіліктері,
кеткен ағаттықтары болса, Алла оларға кешіріммен қарап, ешкімге
көрсетпейді. Адамдар да Раббыларының кешірімін сезіп, көңілдері
жай табады....
Сонымен қатар бұл дүниеде өзгелердің қате-кемшілігін кешіргендер,
адамдарға, құстарға, ағаштарға, жəндік атаулыға мейірім танытқандар
Алла Тағаланың рақым-мейіріміне бөленеді. Сұрақ-жауап оларға
жеңілдетіледі... Олар махшар күнінде түрлі қиындықтардан азат
етіледі немесе өзгелермен салыстырғанда өте аз мөлшерде қиындық
көреді.


«Кімде-кімнің амал дəптері оң қолына берілсе. Оның есебі өте оңай
болады. Ол (жұмақта өзінің) отбасына шат-шадыман күйде оралады»
11
.
11 «Иншиқақ» сүресі, 7–9-аяттар.
Өкінішке қарай, жаман амалдарға толған дəптерлер де бар. Ол
дəптерлер иелеріне сол тараптарынан беріледі. Дəптерін қорқып,
үрейленіп тұрып алатын адамдар, міне, солар. Өйткені жасаған
жамандықтарын, істеген зұлымдықтары мен қате-күнəларын сол
дəптерден көреді...
Қорқады əрине, өйткені өздері менсінбей, өтірікке балаған
пайғамбардың сөзі ап-анық ақиқат екеніне көздері жетті. Өздері мүлде
сенбейтін есеп күні шындыққа айналғанына куə болды. Олардың жай-
күйлері қандай қорқынышты?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет