Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен



бет4/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12581
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Құйрық омыртқалары

Құйрық омыртқасы - vertebrae caudalis. Әртүрлі үй жануарларында бірдей емес дәрежеде қысқартылған, сондықтан ол құйрықтың сипаттамасы мен қызметіне байланысты болады. Қылтықты және доғалы өсінділер тек алдыңғы 5 омыртқада сақталды. Қалған омыртқадан тек денесі мен төмпешіктер қалды. Кейбір жануарлардың (күйіс қайыратын және иттер) бірінші 3-5 омыртқасында гемальды өсінділер - arcus haemalis кездеседі, осы каналдан ортаңғы құйрық артериясы өтеді. Әртүрлі жануарларда құйрық омыртқа саны: сиырларда 18-20, жылқыларда 18-20, шошқаларда 20-23 және иттерде 20-23 болып келеді.



Ерекшеліктері: Жылқыларда құйрықтары қысқа, омыртқалары өте қысқа, шомбал, цилиндр тәріздес, дененің ені оның ұзындығына тең. Ірі қара малда құйрығы ұзын, омыртқалары сәл ұзындау. Шошқаларда алдыңғы 5-6 омыртқалары ұзын, денелері дорсо-ветральды түрде қысылған, ал қалғандары цилиндр тәріздес болып келеді. Иттерде құйрығы салыстырмалы түрде жақсы дамыған омыртқалардан тұрады. Бірінші 5-6 омыртқаларда жоталық өсінді біз тәрізденіп, каудальды бағытта майысқан. Каудальды және краниальды буын өсінділері сақталады. Көлденен - қабырға өсінділері үлкен.

IV Бақылау сұрақтары.

1. Әртүрлі үй жануарларында бел омыртқасының саны мен олардың түрлік ерекшеліктері.

2. Әртүрлі үй жануарларында құйымшақ омыртқасының саны мен олардың түрлік ерекшеліктері.

3. Ірі қара малдың құйымшақ омыртқасының негізгі элементтеріне сипаттама беріңіз?

4 Әртүрлі үй жануарларда құйырық омыртқасының саны.

5 «Гемальді өсінді» деп қалай түсінесіз?


5 САБАҚ

Тақырыбы: Бас қаңқасы немесе бас сүйек.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Бас қаңқасында ми сауытының сүйектерін көрсету мен оны оқып-зерттеу.

2.Бас қаңқасында шүйде сүйегінің құрылысын көрсету мен оны оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1.Көлденең тілінген ірі қара малдың бас қаңқасы.

2. Ірі қара мал мен басқа үй жануарлардың бас қаңқасының ми сауыты.

3. Плакаттар мен бас қаңқасының атласы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары.


Бас қаңқасы - cranium – бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бұл сүйектер баста орналасқан ағзаның тіршілігі үшін өте қажет (ми, көру, есту, иіс және дәм сезу) мүшелерді қоршап, қорғап тұрады. Сонымен қатар, олар азық қорыту, тыныс алу жүйелерінің бас аумағындағы мүшелері орналасқан ауыз және мұрын қуыстарының сүйектік негізін түзеді. Осыған жұп пластиналық және тақ сүйектерден құралған құрылыс мүмкіндік береді. Олардың барлығы да мықты және қозғалмалы. Ал ересек жануарларда жыл сайын осы сүйектер бірге өсіп, қатайтады, осыдан синостозды құрайды. Бас қаңқаның кейбір сүйектері, әсіресе ірі қара малда қуыс пен үңгірлер бар, яғни осы қуыстар ауамен толтырылады. Осындай қысымға толтырылған сүйектер көлемі, мықтылығы осыған байланысты үлкейеді, сонымен қатар оның салмағын азайтады. Бас қаңқасы6 тақ және 13 жұп сүйектерден құрылған. Сүйектің атауы, көбінесе оның орналасқан орнына байланысты аталады. Бас қаңқаның ми сауыты осы сүйектерден құралған: шүйде, сынаша, самай, торлы, төбе, төбе аралық және маңдай сүйектер. Осы аталған сүйектер бастың миын орналастыруға арналған бас қаңқасының қуысын қалыптастырады.

Шүйде сүйегі - os occipitale - тақ, бас қаңқасының шүйде облысында орналасқан. Сипаттамасы үлкен шүйде қуысының - foramen occipitale magnum бар болуымен және ол арқылы бас қаңқасының қуысы омыртқа каналымен жалғасады. Шүйде сүйегін дене, екі (жұп) бүйірлі бөлік және қабыршағы болып айырады. Шүйде сүйегінің денесі - pars basilaris – үлкен шүйде қуысынан вентральды және сынаша сүйектің денесімен мұрынға қарай бірге тұтасады.

Бірге тұтасқан жеріндегі вентральды жағынан бұлшықты төмпешік орналасқан - tuberculum musculares. Дорсальды немесе мидың сыртында ұзартылған ми - fossa medullae oblongatae үшін тегіс шұңқыр көрінеді, ал оның алдында ми көпірі - fossa pontis үшін арналған тегіс шұңқыр орналасқан. Шүйде сүйегінің денесі жыртылған тесіктің медиальды шеттерін - foramen lacerum құрайды. Бүйірлік бөліктері - pars lateralis – шүйде айдаршығы мен мойындырықтық өсіндіден тұрады. Шүйде айдаршығы- condulus occipitalis – үлкен шүйде қуысының екі шетінде орналасады. Олар атлантпен жалғасу үшін қызметін атқарады. Мойындырық өсінділері - processus jungularis – айдаршықтан латеральды орналасқан.




Сурет-8. Бас қаңқасы. А-сиыр; Б-қой; В-шошқа; Г-жылқы; 1-күрек сүйек; 2- жақ үсті сүйегі; 3-көз асты тесігі; 4- бет қыры (сиырдың сыртқы төмпегі); 5-мұрын сүйегі; 7-жақ сүйегі; 8- көз шарасы; 8а-көз асты тесігі, 9-жақ сүйегінің самай өсіндісі; 10-маңдай сүйегі; 11-маңдай сүйегінің жақ өсіндісі; 12-төменгі жақ сүйегінің бұлшық ет өсіндісі; 13-буынды өсінді; 14-иек тесігі; 15-төменгі жақ сүйегі; 16-буын ойындысы; 17-мүйіз; 18-төбе сүйегі;19-самай сүйегінің жақ өсіндісі; 20-самай шұңқыры; 21-самай сүйегінің қабығы; 22-жақ доғасы; 23-шүйде сүйегі; 24-шүйде сүйегінің бұлшық еттер; 25-шүйде сүйегінің өсіндісі; 26-тас сүйегінің дабыл жарғағы; 27-сыртқы есту жолы;, 28-төменгі жақ сүйектің өсіндісі; 29-шайнау бұлшық етінің үлкен шұңқыры; 30- төменгі жақ сүйектің бұрышы; 31-тас сүйегінің айдаршық өсіндісі.

Оларға мойынға келетін бұлшық еттер қосылады. Мойындырық өсіндісі мен шүйде айдаршығы арасында тіл асты тесігі -foramen hypoglossi орналасқан. Тамырлар мен жүйке жүйесі үшін. Шүйде сүйегінің қабығы - sguama occipitalis – үлкен шүйде қуысының үстінен дорсальды және екі бүйірінен орналасқан. Қабырғаның дорсальды шеті шүйде жотасын – crista occipitalis құрайды. Ірі қара малда ол болмайды. Ерекшеліктері: иттерде мойындырық өсінділері қысқа және түзу, қабығы мықты, тек төбе бөлімі нашар дамыған, оның үстінде сыртқы сагитальды жота -crista sagittalis externa шығып тұрады. Шошқаларда мойындырық өсіндісі өте ұзын, түзу және вентральды бағытталған. Шүйде сүйегінің қабығы дорсальды ұзартылған. Кәрі малдардың қабығы қуысты болып келеді, ол төбе қуысымен жалғасып қосылады. Шүйде бұлшық еті үшін қабық ұзын және мықты тұтқа түрінде болып келеді. Жылқыларда шүйде сүйегінің денесі цилиндр тәріздес, мойындырық өсінділері түзу. Шүйде жотасы жақсы дамыған және ол төбе бөлімін жақсы бөліп көрсетеді. Сыртқы сагитальды жота төбе бөлімін оң және сол жақтарға бөледі.


IV. Бақылау сұрақтар.

1. Бас қаңқада орналасқан ең маңызды мүшені атаңыз.

2. Бас қаңқасының ми саутының сүйектерін атаңыз.

3. Бас қаңқаның ми сауыты қандай сүйектердің латын терминологиясымен қалыптасады

4. Бас қаңқаның сыртқы беті қандай сүйектердің латын терминологиясымен қалыптасады

5. Шүйде сүйектің құрылысын нақты - нақты сипаттап беріңіз

6. Әртүрлі үй жануарлардың шүйде сүйегінің құрылысының ерекшеліктерін атаңыз.

6 САБАҚ



Тақырыбы: Бас қаңқаның ми бөлімі.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Бас қаңқасында сынаша сүйектің құрылысын көрсету мен оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1.Көлденең тілінген ірі қара малдың бас қаңқасы.

2. Ірі қара мал мен басқа үй жануарлардың бас қаңқасының ми сауыты.

3. Плакаттар мен бас қаңқасының атласы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары.
Сынаша сүйек - os sphenoidale – тақ, бас қаңқасының негізінде және шүйде сүйегінің денесінен мұрынға қарай (назальды) орналасқан. Дорсальды және сынаша сүйек шеттерімен самай және маңдай сүйектерімен жанасады, торлы, таңдай, қанат тәріздес сүйек пен кеңсірек желбезегімен мұрынға қарай (назальды) шектеседі. Сынаша сүйекте денені, екі қанат (көздік пен самай) пен екі қанат тәріздес өсінділерді ажыратады. Сынаша сүйектің денесі - corpus sphenoidale. Дененің алдыңғы бөлімінен дорсо-латеральды бағытта көздік қанаттары –alaе orbitalеs орналасады. Олар көздік (орбиталар) және сынаша-таңдай шұңқырының құрылуына көмектеседі.

Дененің төменгі жағынан, яғни дорсо-латеральды бағытта самай қанаттары – alae temporalis кетеді, олар самай сүйектерімен қосылады. Самай және сынаша сүйектің назальды-вентральды бағытта жұп қанатша тәріздес өсінділер кетеді, олар таңдаймен латеральды және сынаша сүйекпен медиальды жалғасады. Қанатша тәріздес өсіндінің орбиталы немесе назальды шеттері қанатша жотасын - crista pterygoidea құрайды, ол сынаша-таңдай шұңқырын -fossa sphenopalatina каудальды қоршап тұрады. Торлы және маңдай сүйектерімен қосу үшін дененің ішкі жағынан тұмсық ауызға қарай (оральды) -rostrum sphenoidale орналасады. Көз жүйкесі үшін тұмсықтан ауызға қарама-қарсы (аборальды) көру қиылысының көлденең емізікшесі - silcus chiasmatis орналасқан. Жүйке мен тамырлар үшін одан орбитаға көзше тесігі -foramen opticum өтеді. Көру қиылысына ауызға қарама-қарсы (аборальды) түрік ершігі -sella turcica мен ершіктің арқасы dorcum sellae орналасқан, әрі-қарай оның орта тұсында гипофиз шұңқыры - fossa hypophysiali орналасады. Екі шетінде үлкен емізікше орналасқан, ол үлкен көздік тесігіне - foramen rotundo orbitale апарады. Самай қанатының негізінде тамырлар мен жүйкелер үшін сопақша тесік -foramen ovale - бар.




Сурет-9. Ірі қара малдың бас сүйегі.

А – ұзынан тілінген; Б – вентральды жағы. 1 – маңдай сүйегінің артқы қуысы; 2 – мүйізді өсінді; 3 – маңдай сүйегі; 4 – ми қуысы; 5 – көру қиылысының өзегі, 6 – торлы сүйектің лабиринті, 7 – дорсальды кеңсірігі, 8 – мұрын сүйегі, 9 – вентральды кеңсірігі, 10 – тұмсық сүйегі, 11 самай қаналы, 12 – айдаршықты канал, 13 – тіласты тесігі, 14 - үлкен шүйде тесігі, 15 – мойындырықты өсінді, 16 – ішкі есту жолы, 17 – сопақша тесік, 18 – көз шарасы тесігі, 19 – тас сүйегінің бұлшықет өсіндісі, 20 – сынаша сүйектің куысы, 21 – кеңсірек желбезегіне қарама-қарсы бөлімі, 22 – таңдай сүйегі, 23 – таңдай сүйегі, 24 – таңдай үсті тесігі, 25 – таңдай қуысы, 26 – алдыңғы жақ сүйегінің таңдай өсіндісі, 27 – кеңсірік желбезегі, 28 – таңдай тесігі, 29 – таңдай каналының үлкен тесігі, 30 – таңдай ойындысы, 31 – самай сүйегі, 32 –дабыл жарғағының сүйегі.



Ерекшеліктері: Иттерде самай қанатшалары көздіктен қарағанда мықтырақ. Түрік ершігінің арқасы жақсы дамыған, бүйрлік өсінділері бар. Қөздік арасындағы емізікше мүлдем жоқ. Сынаша-таңдай шұңқырына көздік тесігі ашылады. Шошқаларда қанатша тәріздес өсінділер айқын көрінеді, олардың жалпақ каудальды бетінде қанатша ойыстарын көруге болады. Қанатша жотасы өте айқын көрінеді. Ірі қара малдың самай қанатының негізінде сопақша тесік орналасқан. Жылқылардың қанатша тәріздес өсіндінің негізінде қанатша каналы - canalis alaris орналасқан. Ол каудальды тесікпен басталып, дөңгелек тесікке назальды болып ашылады. Қанатша канал арқылы ішкі жақ артериясы өтеді. Дорсальды бағытта қанатша канал кішкентай қанатша тесігім аяқталады. Сынаша сүйектің денесі жуан, түрік ершігінің арқасы нашар көрінеді, гипофиз шұңқыры кішкентай.
IV. Бақылау сұрақтар:

1. Ми сауытының ішкі сагитальды тілімінде және бас сүйектің вентральды бетінде сынаша сүйекті табу.

2. Ми сауытының ішкі сагитальды тілімінде және бас сүйектің вентральды бетінде сынаша сүйектің элементтерің көрсету мен оқып-зерттеу.

3. Әртүрлі үй жануарлардың сынаша сүйектің ерекшеліктерін атау.

7 САБАҚ

Тақырыбы: Бас қаңқаның ми бөлімі.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Бас қаңқасында самай сүйектің құрылысын көрсету мен оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1.Сагитальді тілінген бас қаңқасы мен ірі қара малдың бас қаңқасының ми сауыты вентральды жағынан.

2. Плакаттар мен бас қаңқасының атласы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет