Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен



бет6/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12581
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жоғары жақсүйегі - os maxillare – жұп, мұрын, көз жасы, бет, мойын сүйектерімен шектеседі. Сүйекте көзше асты тесігі орналасқан беткі бетті - facies facialis айырады. Денеде альвеолярлы шетті - margo alveolaris және тіссіз шетті -margo interalveolaris айрады. Альвеолярлы шеті бұдырлы жоғарғы жақ сүйегінің төмпегіне - tuber maxillare өтеді. Оның қасында беткі төмпек tuber faciale орналасады. Жоғарғы жақ сүйегінің дорсальды бетінде мұрынды өсінді processus nasalis шығып тұрады.

Ерекшеліктері: жылқыларда жоғарғы жақ сүйегінде бет жотасы, жақ төмпешегі үлкен, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы үлкен болып келеді. Шошқаларда жоғарғы жақ сүйегінің беткі беті майысқан, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы кішкентай. Иттерде мұрынды өсіндісі маңдай сүйегіне дейін жетеді, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы жоқ. Көз жасы – мұрын каналы жақсы дамыған.
Тұмсық сүйегі - os incisivum- жұп, сиырларда жоғарғы жақ сүйегі мұрын сүйегімен және соқаша сүйегімен шектеседі. Тұмсық сүйек денесі - corpus incisivum жуандалған пластина түріне ие. Алдыңғы шеті тіссіз, сондықтан оны тіссіз - margo interalveolaris деп атайды. Тұмсық сүйектің денесінен екі өсінді кетеді: мұрын - processus nasalis және таңдай өсінділері - processus palatinum. Мұрын өсінділері мұрын қуысының екі шеткі қабырғасының құрамына кіреді, ал таңдай өсіндісі мұрын қуысының алдыңғы бөліміне кіреді.

10 САБАҚ



Тақырыбы: Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Ірі қара малдың бас қаңқасында мұрын сүйегі, бет сүйегі, көз жасы сүйегі, таңдай сүйегі, қанат тәріздес сүйегі, соқаша сүйегі және тіласты сүйектің құрылысын көрсету мен оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Көлденең тілінген ірі қара малдың бас қаңқасы.

2. Көлденең тілінген тағы басқа үй жануарлардың бас қаңқасы.

3. Плакаттар, бас қаңқасының атласы мен әдістемелік нұсқау.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары.
Мұрын сүйегі - os nasale - жұп, сиырда маңдай, көз жасы, жоғарғы жақ және тұмсық сүйегімен жанасады. Мұрын сүйектері сыртынан тігіспен қосылған, ал ішінде дорсальды мұрын кеңсірігі және мұрын пердесімен.
Дорсальды мұрын кеңсірігі concha nasalis dorsalis, сиырларда вентральды мұрын кеңсірігі аз келеді. Мұрын қуысының ішінде орналасқан өте жұқа пластинка тәріздес иірімді сүйектер. Вентральды мұрын кеңсірігі - concha nasalis ventralis , сиырда жоғарғы жақ сүйегінің жотасына тіркуелген. Оральды (ауызға қарай) бөлімі жарты айналымға шиыршықты бұралады. Вентральды кеңсіріктің аборальды (ауызға қарама-қарсы) бөлімі бір қуыс болып келеді және ол маңдай және жоғарғы жақ сүйегінің қуысымен жанасады.
Бет сүйегі - os zygomaticum. Ол беттік доғаның -arcus zygomaticum, көздік және жақ қуысының қалыптасуына көмектеседі. Бет сүйегінде самай өсіндісі - processus temporalis мен маңдай өсіндісі - processus frontalis болып бөлінеді.
Көз жасы сүйегі - os lacrimale - жұп. Көз жасы сүйегінің сыртқы бетінде екі пластинаны айырады: беткі пластина - lamina facialis, көздік пластина - lamina orbitale. Беткі пластинада артқы көз жас өсіндісі - processus lacrimalis aboralis болады. Көздік бөлімінде көз жас қапшығының шұңқыры - fossa sacci lacrimalis, ал оның ішінде көз жасы - мұрын каналы - foramen nasolacrimales орналасады. Мұнда екі жұқа қабырғалы көпіршігі - bullae lacrmales, көпіршік қуыстары sinus lacrimales.
Таңдай сүйегі - os palatinum- сиырларда хоан түзеді. Таңдай сүйегінде көлденең және перпендикулярлы пластиналарды айырады. Көлденең пластина - lamina horisontalis қатты таңдайдың үштен бір бөлігін алады. Ол ауа қуысын - sinus palantinus түзеді. Перпендикулярлы пластина - lamina perpendiculars медиальды және латеральды беттен тұрады.
Қанат тәрізді сүйек - os pterygoideum - жұп, сиырларда таңдай, қанат тәріздес және соқаша сүйегімен жанасады. Оральды ұшы ілгекке – hamulus айналады. Жылқыларда осы сүйектер жұқа, таспа тәріздес, үлкен ілгегімен. Иттерде қанат тәріздес сүйектері төрт бұрышты және ілмешегі ұшбұрышты болып келеді.
Соқаша сүйек - vomer - тақ сүйек, кеңейген аборальды ұшымен, сиырларда ол сынаша сүйекпен, қанатша тәріздес, жоғарғы жақ сүйегімен және тұмсық сүйегімен шектеседі. Соқаша сүйектің бүйірінде қанаттар орналасқан - alae vomeris, олардың ортасында мұрын пердесінің емізікше көрінеді.

Ерекшеліктері: Жылқыларда соқаша сүйек аборальды және кесілген үлкен қанаттары бар. Сонымен қатар таңдай және тағы басқа сүйектермен қосылған. Иттерде соқаша кішкентай кесіндісімен.


Тіл асты сүйегі - os hyoideum тақ емес, сиырларда тас сүйегімен қосылады және тіл түбірі мен кеңсірік үшін негіздеме болып саналады. Тіл асты сүйегінде дене, үлкен және кішкентай мүйіздер және бұталардан тұрады. Дене - basi hyoideum – үлкен емес көлденең пластина, одан дөңгеленген тіл өсіндісі - processus lingualis алға шығып тұрады. Дененің ұшынан кеңірдекпен жалғасу үшін каудальды бағытта үлкен мүйіздер – thyreo hyoideum өтеді. Денеден дорсальды бағытта кішкентай мүйіздер - cerato hyoideum өтеді. Тіл асты сүйектің астында дене мен мүйіздің арасында тамырлар орналасқан.
Ерекшеліктері: Жылқыларда тіл асты сүйектің денесі ұзын, өткір тілше өсіндісімен. Шошқаларда тіл асты сүйегінің денесі жақсы дамыған. Денесі мен мүйізі шеміршекпен тұтастай қосылған. Иттерде тіл асты сүйегі тас сүйегімен жалғасып қосылған. Тілше өсіндісі жоқ. Кішкентай мүйіздері жақсы дамыған.
IV. Бақылау сұрақтары:

1. Қаңдай сүйектерден бас қаңқаның беткі беті тұрады

2. Беткі беттің барлық сүйектерін атап шығыңыз.

3. Бас қаңқада орыс және латын тілінде төменгі жақ сүйегінің элементтерін көрсетіп атаңыз.

4. Бас қаңқада орыс және латын тілінде жоғарғы жақ сүйегінің элементтерін көрсетіп атаңыз. Сонымен қатар оның түрлік ерекшеліктерін.

5. Бас қаңқада орыс және латын тілінде тұмсық сүйегінің элементтерін көрсетіп атаңыз. Сонымен қатар оның түрлік ерекшеліктерін.

6. Бас қаңқада орыс және латын тілінде мұрын сүйегінің элементтерін көрсетіп атаңыз. Сонымен қатар оның түрлік ерекшеліктерін.

7. Дорсальды және вентральды кеңсірігі деп нені түсінесіз және ол қандай ролді атқарады.

8. Бет сүйегінің орналасқан жері, сүйекке сипаттама беріңіз. Сонымен қатар оның түрлік ерекшеліктеріне.

9. Көз жасы сүйегіне сипаттама беріңіз және әртүрлі үй жануарлардың түрлік сипаттамасын атаңыз.

10. Таңдай, қанат тәріздес, соқаша және тіл асты сүйектеріне қысқаша сипаттама беріңіз. Әртүрлі үй жануарлардың түрлік сипаттамасын атаңыз. Тіл асты сүйегі қандай рөл атқарады.

11 САБАҚ



Тақырыбы: Шеткі қаңқа. Алдыңғы аяқ қаңқасы

I. Сабақтың мақсаты:

1. Алдыңғы аяқ қаңқасында иық белдеуі мен жауырынның құрылысын оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Ірі қара малдың жауырыны.

2. Басқа үй жануарлардың жауырыны.

3. Плакаттар, атластар мен әдістемелік нұсқау.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары.
Шеткі қаңқа. Алдыңғы аяқ қаңқасына иық белдеуі (жауырын), тоқпан жілік, білек қаңқасы (кәрі жілік пен шынтақ сүйегі), алдыңғы аяқ басының қаңқасы (тізе, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектері мен тұяқ сүйектері) кіреді.
Жауырын - scapula, жалпақ келген үшбұрышты сүйек.

Жауырында мойын бұрышы - angulus cervicales, арқа бұрышы - angulus dorsalis боп ажыратылады және жауырынның негізі қосымша жауырын үсті шеміршекпен - cartilago scapulae толықтырылады. Жауырынның тарылған жерін жауырын мойыны - collum scapulae, төмпешігі - tuber scapulae деп ажыратылады. Буынды ойыс - cavitas glenoidalis, латеральды бетінде жауырынның қырын - spinae scapulae көрсетеді, ол акромионмен - acromion аяқталады. Мойынға қарай жауырынның білік алды шұңқыры - fossa supraspinata, арқаға қарай жауырынның біліктен кейінгі шұңқыры - fossa infraspinata, ал медиальды бетінде жауырынның біліктен асты шұңқыры - fossa subscapularis орналасқан.



Ерекшеліктері: жылқыларда жауырын қыры орта бөлігінде төмпешікті, акромионы жоқ, жауырын шеміршегі мықты. Шошқаларда жауырын қысқа, жалпақ, қырда маңызды төмпешік орналасқан, қыры артқа қарай қайырылған, жауырынның қырдан кейінгі шұңқыры терең. Иттерде акромион жақсы дамыған. Жауырынның білік алды шұңқыры жауырынның біліктен кейінгі шұңқырымен тең, жауырын шеміршегі үлкен емес, буынды ойысы сопақша келген.

Сурет-12. Жауырын. А – ірі қара мал, Б – жылқы (латеральды бетінен) және В – медиальды бетінен, Г – шошқа. 1 – жауырын үсті шеміршек, 2 – мойын бұрышы, 3 – білік алды шұңқыры, 4 – жауырынның білігі, 5 – жауырынның мойыны, 6 – акромион (акромион өсіндісі), 7 – жауырынның төмпешігі, 8 – арқа бұрышы, 9 – білік арты шұңқыры, 10 – буынды ойыс, 11 – жауырын білігінің төмпешігі, 12 – тісті бұдыр, 13 – жауырын асты шұңқыр, 14 – коракоидты өсінді.
IV Бақылау сұрақтары.

1 Қандай сүйектерден алдыңғы аяқ қаңқасы құрылған. Оны латын терминологиясын қолдану көмегімен атап беріңіз.

2 Иық белдеуіне қаңдай сүйектер кіреді.

3 Қаңдай әдіспен оң не сол жауырын деп айыруға болады.

4 Жауырынның құрылу элементтерін атаңыз.

5 Басқа үй жануарлардың жауырын немен ерекшеленеді.

6 Медиальды бетінде орналасқан жауырынның шұңқырларын атаңыз.
Тоқпан жілік - os brachi - s.os humeri. Іші қуыс ұзын жіліктердің қатарына жатады. Проксимальды ұшында тоқпан жіліктің басы - caput brachii және мойыны - collum brachii орналасқан. Тоқпан жіліктің басынан латеральды және медиальды жақта бұлшық ет төмпешіктері, яғни латеральды (үлкен) немесе медиальды (кішкентай) - tuberculum majus, tuberculum minus орналасқан. Үлкен төмпешіктен үлкен төмпешіктің жотасы - crista tuberculi majoris түседі, онда дельташа бұдыр - tuberositas deltoideas болады. Ал оған қарама-қарсы үлкен жұмыр бұдыр - tuberositas teres жақсы көрінеді.

Тоқпан жіліктің дистальды ұшы көлденең қисық блок - trochlea түзеді. Блокта емізік - sulcus. пен жота - crista орналасқан. Білікшенің (блоктың) алдыңда топай шұңқыр - fossa cornoideus, ал басқа жағында шынтақ шұңқыры - fossa alecrani болады. Екі шетінде латеральды айдаршықүстін бүккіш - epicondylus extensorius және медиальды айдаршықүстін жазғыш - eрicondylus flexorius орналасқан.



Сурет-13. Тоқпан жілік (сол жағы). А – ірі қара мал, Б – жылқы, В – шошқа, Г – ит. 1 – кіші төмпешік, 2 – төмпешік аралық сай, 3 – үлкен төмпешік, 4 – қырарты бұлшықет бекитін алаң; 5 – дельташа бұдыр, 6 – жота, 7 - жазғыш айдаршықүстінің жотасы, 8 – медиальды айдаршықүсті, 9 – блок, 10 – үлкен төмпешіктің жотасы, 11 – синовиальды шұңқыр, 12 – буынды тесігі, 13 – дөңгеленген бұдыр, 14 – тоқпан жіліктің басы, 15 – шынтақ сызығы, 16 – латеральды айдаршықүсті, 17 – ортаңғы блокты төмпешік.
IV Бақылау сұрақтары.

1. Тоқпан жіліктің элементтерін орыс және латын тілінде оқу.

2. Тоқпан жіліктің қай жерінде проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз және диафиз орналасқан?

3. Ірі қара малдың тоқпан жілігі басқа үй жануарларынан немен ерекшеленеді.

12 САБАҚ

Тақырыбы: Шеткі қаңқа. Алдыңғы аяқ қаңқасы

I. Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ қаңқасында білек қаңқасы (кәрі жілік пен шынтақ сүйегі) пен алдыңғы аяқ басының қаңқасының (тізе, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектері мен тұяқ сүйектері) құрылысын оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Ірі қара мал мен басқа үй жануарларының білек қаңқасы (кәрі жілік пен шынтақ сүйегі) мен алдыңғы аяқ басының қаңқасы (тізе, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектері мен тұяқ сүйектері).

2. Плакаттар, атластар мен әдістемелік нұсқау.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.



IV Бақылау сұрақтары.
Білек қаңқасы - ossa antibrachii - әртүрлі дәрежеде дамыған екі сүйек: кәрі жілік пен шынтақ сүйек құрайды.

Кәрі жілік - os radii – медиальды орналасқан. Проксимальды ұшында оның басы - caput radii. Білек қаңқасын блоктау үшін баста буынды шұңқыр -fossa articularis бар. Бастың қасында кәрі жілік бұдыры tuberositus radii. Дистальды ұшында буынды блок - trochlea radii, ал онда емізікше - sulcus мен жота - crista орналасқан. ,

Шынтақ сүйегі - os ulnae – ірі қара малда өте жақсы дамыған. Оның проксимальды бөлігінде жақсы жетілген шынтақ сүйегінің өсіндісі processus olecrani, ал оның үстінде шынтақ төмпешігі –olecranon болады. Осында, алдыңа қарай тұмсық тәріздес өсінді - processus anconeus, ал одан төмен қарай жартылай айлы кескін - incisura semilunaris орналасқан. Шынтақ сүйегінің денесі үшбұрышты, ол қозғалмастан кәрі жілік сүйекпен тұтасып өседі. Олардың арасында сүйек аралық тесік – spatium interosseum бар. Шынтақ сүйегінің дистальды ұшында латеральды грифельды өсіндісі - processus styloideus lateralis бар.

Ерекшеліктері: жылқыларда кәрі жілік бұдыры кең, сүйек аралық тесігі үлкен. Шошқаларда шынтақ сүйегі жақсы дамыған. Иттерде екі сүйектері де жақсы дамыған, шынтақ өсіндісі үш төмпешіктен тұрады.

Алдыңғы аяқ басының қаңқасы. Тізе сүйектері - ossa carpi – сиырларда екі қатарда орналасқан. Проксимальды қатарда төрт сүйек бар: кәрі жіліктің тізе сүйегі - os carpi radiale, ортаңғы тізе сүйек - os carpi intermedium, шынтақтық сүйек тізе сүйегі - os carpi ulnare және қосымша тізе сүйегі - os carpi accessorium. Дистальды қатарда 3 сүйек: бірінші тізе - os carpi primum, екінші тізе - os carpi secundum, үшінші тізе - os carpi tertium.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет