Жарақаттар мен жаралар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету



бет4/7
Дата08.11.2023
өлшемі1,23 Mb.
#190170
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Арын Диана
БИОфиз 7, Ëåêöèÿ òà?ûðûáû ?àçà?ñòàíäà Ðåñåéä³? ?ê³ìø³ë³ê-ñàÿñè æ?éåñ³í³?

Қан кету, қан кетудің түрлері

Қан кету (грекше — қан, — ағу) — қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан).

  • Қан кетудің түрлері
  • Артериялық қан кету — өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.

    Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара — көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету.

    Аралас сипатты қан кету негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады. Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.

Барлық қан кетулер ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады. Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады. ауырлық дәрежесінің әртүрлі жіктеулері, негізінен 3- 4- дәрежелік жіктеулері қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет