Жарақаттар мен жаралар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету



бет5/7
Дата08.11.2023
өлшемі1,23 Mb.
#190170
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Арын Диана
БИОфиз 7, Ëåêöèÿ òà?ûðûáû ?àçà?ñòàíäà Ðåñåéä³? ?ê³ìø³ë³ê-ñàÿñè æ?éåñ³í³?

Барлық қан кетулер ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады. Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады. ауырлық дәрежесінің әртүрлі жіктеулері, негізінен 3- 4- дәрежелік жіктеулері қолданылады.

Қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөледі. жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).

  • жеңіл дәрежесі — АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
  • орташа дәрежесі — АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
  • ауыр дәрежесі — АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 — 2000мл) массивті дәрежесі — АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)

Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату

  • Қан кетуді тоқтату үшін: жарақаттанған аяқ-қолды көтереді; Қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай 4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай – саусақтардан денеге орайды;
  • Қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса, жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан, әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі. Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет