Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет1/9
Дата27.04.2023
өлшемі94,2 Kb.
#175549
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БӨЖ кейс қорғау



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Экология және химия кафедрасы



«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі,
_________ Р.Н.Нұрділлаева
« ____» ________ 2022 ж.



BH 2203 «БИОХИМИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ





БӨЖ тақырыптары

Тапсырманы орындау формасы Case-stady

Тапсырманы қабылдау мерзімі

Тапсырманы қабылдау орны
(каб №, уақыты)

Оқыту нәтижелері

Кредит
саны

1

Биохимиялық зерттеулердің осы күнгі әдістері

Кейс қорғау: презентациялық баяндама, постер жасап қорғау, жазбасаша тақтамен жұмыс және т.б.

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(1)
ПОН(2) ПОН(3)

3

2

Белоктардың амин қышқылды құрамы. Пептидтер.

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(1)
ПОН(2) ПОН(3)

3

3

Белок молекуласының құрамы

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(2)
ПОН(3)

3

4

Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы мен құрылымы

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(2)
ПОН(3) ПОН(4)

3

5

ДНҚ-ның нуклеотидтің құрамының ерекшеліктері.

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(3)
ПОН(4) ПОН(5)

3

6

Ферменттер

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(4)
ПОН(5) ПОН(6)

3

7

Нуклеин қышқылдарының алмасуы

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(5)
ПОН(6) ПОН(7)

3

8

Пуринді және пиримидинді негіздердің ферментативтік дезаминдену реакциялары.

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(5)
ПОН(6)

3

9

Белоктардың алмасуы

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(5)
ПОН(6)

3

10

Көмірсулар мен олардың алмасуы

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(2)
ПОН(3)

3

11

Моносахаридтердің алмасуы.

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(1)
ПОН(2) ПОН(3)

3

12

Липидтерге сипаттама және олардың алмасуы

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(8)
ПОН(11)

3

13

Биологиялық тотығу

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(9)
ПОН(11)

3

14

Гликолиз бен ашу процестері.

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(10)
ПОН(11)

3

15

15. Зат алмасудың өзара байланыстылығы және тіршілік процестерін реттеу.

Дүйсенбі



3-№122

ПОН(2)
ПОН(6) ПОН(8) ПОН(11)

3

4. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (БӨЖ)
1. Биохимиялық зерттеулердің осы күнгі әдістері

  1. Белоктарды химиялық әдістермен бөлуді сипаттаңыз. Нақтылы мысалдар келітіріңіз.

  2. Белоктардың химиялық құрылысын физикалық әдістермен зерттеуге сипаттама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

  3. Белоктардың амин қышқылды құрамын химиялық әдістермен зерттеуді жазып көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.

  4. Нуклеин қышқылдары құрамын зерттейтін химиялық әдістердің мәнін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

  5. Окситацин пептидінің алғашқы структурасын зерттеудің ықтималды нобайын келтіріңіз.

  6. Глутатионның алғашқы структурасын зерттеудің мүмкіндік нобайын келтіріңіздер.

  7. Белоктардың молекулалыө массасын гравитациялық, ультрафитациондық, гельфитрациондық және химиялық әдістермен анықтаудың методикасын жазыңыз. Мысалдар келтіріңіз.

  8. Белок молекулаларының пішінін зерттеу әдістерін сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз.

  9. Белоктарды экстрациялық әдістермен бөлудің мәнін түсіндіріңіз.

  10. Нақтылы мысалдармен белоктарды фракциялаудағы әдістерге сипаттама беріңіз.

  11. Белокты препараттарды төмен молекулалы клеткалардан тазарту тәсілдерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

  12. Биологиялық материалдан ДНК мен РНК-ны экстракциялау әдістерін жазып көрсетіңіз.

  13. Белоктар молекуласының бірінші структурасын сіздерге белгілі химиялық әдістермен ажыратудың реакциялар теңдеулерін жазыңыздар.

  14. Ферменттерді бөлуде пайдаланатын ерекше тәсілдерді сипаттаңыз және ол немен байланысты, соны тұсіндіріңіз.

  15. Дегидрогеназаларды бөлу мен цитохромоксидазаларды анықтау әдістерін жазып көрсетіңіз.

2. Белоктардың амин қышқылды құрамы. Пептидтер.

  1. Сірке альдегидіне біртіндеп синиль қышқылы, аммиак және сумен, тұз қышқылының қатысында әсер етті. Болған өзгерістің нобайын құрыңыз және алынған қнімнің атын атаңыз.

  2. Аланиннің хлорангидридіне глутамин қышқылының диметилді эфирімен ісер етіп дипептид алынды. Қзгерістің нобайын құрыңыз және шыққан заттың атын атаңыз.

  3. Глицинге бесхлорлы фосформен, метионинге сірке қышқылымен ісер ете отырып, келесі әрекеттесуден алынатын өнімдерді және ең соңында қандай зат синтезделетіндігін анықтаңыз. Осы реакциялардың теңдеуін жазыңыз.

  4. α-аминомай қышқылын циангидринді әдіспен алудың реакция теңдеуін жазыңыз.

  5. α-галогенкарбон қышқылдарымен олардың эфирлерін аммиактың артық мөлшерімен тікелей аминдендіруде амин қышқылдары түзіледі. Аспарагин мен глутамин қышқылдарын көрсетілген әдістермен алудың химиялық теңдеулерін жазыңыз.

  6. α-бром – β – оксипропион қышқылды галогенангидридінің пролинмен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңыз. Алынған өнімді аммиактың артық мөлшерімен өңдедік деп ойлаңыз да, шыққан өнімді атаңыз.

  7. α-бром – β – тиопропион қышқылы галогенангидридінің триптофанмен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңыз. Алынған затты аммиактың артық мөлшерімен өңдедік деп ойлаңыз да, шыққан соңғы өнімді атаңыз.

  8. β – оксипропион альдегидіне біртіндеп синиль қышқылы, аммиак және сумен тұз қышқылының қатысында әсер етіледі. Химиялық теңдеуін жазыңыз және соңғы өнімді атаңыз.

  9. Лейцин мен аспарагин қышқылын этил спиртінде қыздырудан және осы реакция қоспасын тұрақты түрде хлорлы сутегін өткізуден түзілетін соңғы өнімді атаңыз.

  10. Лизинді δ-аминовалериан альдегидінен цианангидрид әдісімен алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Гистидинді β-имидазолилсірке сірке альдегидінен циангидрин әдісімен алудың реакция теңдеуін жазыңыз.

  11. Трипептидті валил-глицин хлорангидриді мен аргининнен алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Алынған трипептидті атаңыз.

  12. Трипептидті метионил-треониннің галогенангидриді мен тирозиннің метил эфирінен алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Алынған затты атаңыз.

  13. α-бром – β –фенилпропион қышқылының этил эфирін алу мен оны біртіндеп аммиактың артық мөлшері және сумен әрекеттестірудің реакция теңдеулерін жазыңыз. Шыққан соңғы өнімді атаңыз.

  14. Реакция теңдеулерін жазыңыз:

  15. А) лизиннің бесхлорлы фосформен; б) фенилаланиннің сірке қышқылымен. Егерде жоғарыда көрсетілген реакциялардан түзілген заттар бір-бірімен әрекеттесетін болса, олардан синтезделетін соңғы өнімді анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет