Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет1/4
Дата01.12.2016
өлшемі1,35 Mb.
#2948
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Жаратылыстану ғылымдары факультеті


Жалпы биология кафедрасы

«Генетика» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050113 «Биология» мамандығының

3 курс студенттеріне арналған

Семей қаласы,

2011 ж.

Құрастырған: жалпы биология кафедрасының доценты Садыкова Р.А.


Жалпы биология кафедрасы отырысында бекітілген

№ __ «__» _____ 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Қалиева С. Қ.


Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік мәжілісінде талқыланды
№ __ «__» _____ 2011 ж.
Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік кенесінің төрайымы

б.ғ.к., доцент ________ Абдишева З.В.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.
№ __ «__» _____ 2011 ж.
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы,

х.ғ.к., доцент __________ Ибраева Л.С.

МАЗМҰНЫ:

І. Глосарий.............................................................................................................................

ІІ. «Генетика» пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны...........................................

ІІІ. Зертханалық жұмыс тақырыптары ..............................................................................

ІV. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) тақырыптары .......

V. Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптары............

VІ. Студенттердің білімін тексеру үшін тест сұрақтары................................................

VІІ. Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................





Краткий конспект лекций:


  • название темы;

  • цель лекции;

  • основные вопросы и краткое содержание;

  • основные схемы, формулы и т.д. иллюстрирующие содержание;


Вопросы для самоконтроля

Рекомендуемая литература

Методические указания

для проведения лабораторных, практических (семинарских) занятий



Лабораторные занятия:

  • название темы;

  • цель занятия;

  • задания;

  • методические рекомендации;

  • основные схемы, формулы и т.д. иллюстрирующие содержание;

  • вопросы для самоконтроля.



Практические (семинарские) занятия:

  • название темы;

  • цель занятия;

  • основные вопросы, задания;

  • методические рекомендации;

  • список литературы.

Методические рекомендации по СРСП


текст


Методические рекомендации по СРС

текст

Глоссарий


Аберрация (хромосомалық) – мутагендік факторлардың әсерінен немесе спонтанды түрде пайда болатын әртүрлі хромосомалық өзгерістер.

Автогамия – бір ғана гүлден түзілген гаметалардың қосылуы негізінде болатын өздігінен тозаңдану. Бұл инбридингке өте ұқсас.

Автогенез – эволюцияны сыртқы орта жағдайларынан тыс организмнің ішкі күштері әсерінің нәтижесі деп қарастыратын эволюциялық теорияның бір бағыты.

Автомутагендер – организмде зат алмасу процесінде түзілетін мутагендік факторлар. Олар гендік және хромосомдық мутациялар тудыра алады.

Автополиплоидия – хромосомалардың гаплоидты жиынтығының еселеніп артуы.

Аденин – ДНК мен РНҚ нуклеотидтерінің құрамына енетін, пурин туындысы болып есептелетін азотты негіз.

Аллель – хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан жұп геннің немесе оның альтернативті формаларының бір сыңары.

Аллополиплоидия – түр аралық будандастыруда зигота немесе гибрид организмнің дене клеткаларында геном санының еселеніп артуы.

Альбинизм – организмде меланин пигментінің синтезі бұзылады. Сол себепті адамдар мен жануарлар терісі мен жүнінде, көздің нұрлы қабықшасында тиісті пигменттілік болмайды. Ондай особьты альбинос деп атайды. Альбиностардың жарыққа сезімталдығы өте жоғары болады. Альбинизм аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типі бойынша беріледі.

Алькаптонурия – организмде гомогентизин қышқылы несеп пен бірге сыртқа шығарылады. Құрамында осындай зат болғандықтан несеп ауамен жанасқанда тез қараяды. Ауру адамның шеміршек ұлпаларының болмайтындығы байқалады. Ересек адамдарда артритке себепші болады. Тұқым қуалау типі – аутосомды-рецессивті.

Амитоз – интерфазалық ядроның қарапайым жолмен тікелей екіге бөлінуі. Көбінесе арнайы (эндосперм, нуцеллус, паренхима т.б.) ұлпалар клеткаларында және кейбір палотогиялық өзгеріске ұшыраған клеткалардың, мысалы, рак клеткаларының бөлінуі кезінде байқалады.

Амфидиплоидтар – екі түрге жататын организмдердің хромосома жиынтықтарының екі еселенуі нәтижесінде пайда болатын полиплоидия (ААВВ). Мысалы, бидай мен қарабидайдың, шалқан мен қырыққабаттың т.б. амфидиплоидтары алынған.

Андрогенез – ұрықтың жұмыртқа клеткасы ядросының қатысуынсыз тек аталық ядродан ғана дамуы.

Анемия – қан аздық. Эритроциттер мөлшерінің, оның гломогобиннің немесе жалпы қан мөлшерінің азаюына пайда болатын аурулар тобы. Оның бірнеше түрі бар: Кули анемиясы немесе талассемия, орақ тәрізді клеткалы анемия, примахиндік анемия.

Анеуплоидия – хромосома санының оның гаплоидты жиынтығына еселенбей өзгеруі (артуы немесе кемуі). Мысалы, жүгеріде болатын 20 хромосоманың 21 немес 19 болып өзгеруі.
Аниридия – көзде сыртқы мөлдір қабықтың болмауы (екі көзде бірдей), соның салдарынан қасаң қабықтың, көз бұршағының бұлдырлануы, көрудің нашарлауы, катарактаның пайда болуы, жарыққа қарай алмау байқалады. Аутосомды-доминатты тип бойынша тұқым қуалайды.

Анофтальмия – көз алмасының мүлде болмауы (рецесивті белгі). Толымсыз доминаттылық жағдайда гетерозиготалы дарақтардың көз алмасы кішірейген күйде болады.

Антигендер – организм үшін бөгде болып есептелетін белокты заттар. Олар организмге енгенде қорғағыш заттар түзіледі.

Антидене – организмге бөгде бөлшектер енгенде түзіліп, оның зиянды әсерін жоятын белокты зат.

Антикодон-белок биосинтезі кезінде матрициялық РНК-ға сәйкес келетін транспорттық РНК молекуласының бөлігі.

Антимутагендер – мутагендердің әсерін кемітетін немесе жоятын заттар.

Аутбридинг - туыс емес дарақтарды будандастыру.

Аутосомды хромосомалар – аталық жыныс пен аналық жыныстардағы құрылыстары біркелкі хромосомалар. Мысалы, адам клеткасының диплоидты жиынтығында 22 жұпты аутосомалар және 1 жұп жыныс хромосомалар бар.

Ахондрипиазия – эмбриондық дамудың алғашқы кезеңінен бастап-ақ сүйектерінің өсуі баяулайды. Соның салдарынан тұлға бітімі дұрыс болмай балалардың қол-аяқтары қысқа, танауы жалпақ, ергежейлі болып туады. Көпшілік жағдайда бала іште жатып өледі. Аутосомдық доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды.

Ахроматин – хроматинмен салыстырғанда әлсіз реңге боялатын ядролық зат.

Бактериофаг – бактерия клеткасында паразиттік тіршілік ететін және оны ертіп жіберетін вирус. Ол сыртын белокты қабықша қаптаған ДНК-дан тұрады. Мөлшері 200-500 мкм шамасында.

Бекрос – будан ұрпақты бастапқы ата-аналық формалардың біреуімен қайыра будандастыру.

Бивалент – мейоздың 1-профазасының пахитена кезеңінде бір-бірімен жақындасып, конъюгацияланатын екі гомологты хромосома.

Биогенетикалық заң – онтогенездік даму кезеңдерінің филогенез кезеңдерін қайталайтындығын көрсететін заң.

Биотип – генотиптері біркелкі, барлық белгі-қасиеттері, яғни фенотипі ұқсас популяциялар құрамына енетін организмдер.

Биоценоз – тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін жерлерді мекендейтін жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер бірлестігі.

Бисексуальдық – биологиялық түрде екі, яғни аталық және аналық жыныстың болуы.
Бластула – көп клеткалы жануарлар ұрығының бір қабатты, іші өуыс тәрізді болып даму сатысы.

Вариация – организмдердің белгілі бір жиынтығын құрайтын бірліктердің арасындағы модификациялық немесе фенотиптік айырмашылық.

Вегатативтік көбею – өсімдік организмінің жеке бір мүшесінен жаңа өсімдік түзілуі.

Вирустар – өсімдіктер мен жануарларда жұқпалы ауру тудыратын, тек тірі клеткаларда ғана тіршілік ететін қоздырғыштар.

Гаметажыныс клеткасы, аталық жыныс клеткасы – сперматозоид, аналық жыныс клеткасы жұмыртқа деп аталады. Кәдімгі сомалық клеткалардан айырмасы хромосомалар жиынтығы – гаплоидты болады. Мысалы, адамның жыныс клеткаларында 23 хромосома бар.

Гаметогенез – жануарлар мен өсімдіктердің жыныс клеткаларының түзілу процесі.

Гаметоцит – гаметогенез процесінде гаметалар түзетін клетка.

Гаплоид – жануар және өсімдік клеткасы ядросындағы сыңар хромосомалар жиынтығы. Оын басқаша геном деп атайды.

Гаплонт – хромосомалар санының жартысы ғана бар спорадан дамитын ұрпақ.

Гемофит – гүлді өсімдіктердің жынысты ұрпағы.

Гексаплоид – клеткасында алты хромосома бар организм.

Гемофилия – қанның ұйымауы. Қанда ерекше белокты зат болмағандықтан ол ұйығыштық қасиетінен айырылады. Бұл – жыныс пен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Сондай-ақ гемофилияның аутосомдық-доминантты және аутосомдық-рецесивті тұқым қуалайтын түрлері де бар. қазіргі кезде медицинада гемофилияның 4 түрі белгілі.

Ген – хромосоманың белгілі бір бөлігіне орналасқан тұқым қуалағыштың негізгі материалдық бірлігі.

Генезис – шығу тегі немесе пайда болу процесі.

Геном – организмнің ата-аналарынан қабылдаған тұқым қуалау бастамаларының немесе гендердің жиынтығы. Генотипі бойынша организм не гомозиготалы не гетерозиготалы болып келеді.

Генеалогия – қандай болмасын бір организмнің шығу тегін зерттеу.

Генетика – организмдердің тұқым қуалағыштығы мен өзгергіштігі туралы ғылым.

Генетикалық талдау – организмнің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттеу.

Гетерозигота – клеткаларында белгілі бір генның түрлі алельдері бар дарақтар. Ондай дарақтар «А» және «а» - алельдері бар гаметалар түзеді. Гетерозиготалы организмдерді өзара будандастырғанда генотипі мен фенотипі бойынша Мендель заңдылықтарына сәйкес ажырау жүреді. Кез-келген дарақ бір жұп алельге байланысты гетерозиготалы болуы мүмкін.

Гетерозис – бірінші будан ұрпақтың тіршілік қабілетінің ата-аналарына қарағанда күшті болуы.

Гибрид – генетикалық тұрғыдан бір-бірінен өзгеше формаларды будандастыру арқылы алынған ұрпақ.

Гипертрихоз – құлақ қалқанының жиегіне жүн өсу. У хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын белгі. Әдетте бұл ауру тек ер адамдарда болады.

Гипоплазия – тіс эмалі өте жұқарып, соның салдарынан тістің түсі бұзылады. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын доминатты белгі.

Гистондар – жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының көпшілігінің ядросында болатын қарапайым белоктар немесе протеиндер тобы.

Глаукома – көз алмасындағы сұйықтықтың сыртқа бөлінуі бұзылады. Соның салдарынан түрлі патологиялық өзгерістер қалыптасып, ең соңында адам көруден қалады. Глаукоманың түрлері көп. Олардың біразы аутосомдық – доминантты, ал кейбіреулері аутосомдық рецессивті тип бойынша тұқым қуалайды. Сондай-ақ тұқым қуаламайтын фенокопиялық формалары да кездеседі.

Гомозигота – деп клеткаларында белгілі бір аллель жұбының біркелкі не доминантты (АА), не рецессивті гендері (аа) бар дарақты айтады. Ондай дарақтардың гаметалары бір сортты болады және ешуақытта ажырамайды.

Дальтонизм – түрлі-түсті ажырата алмау. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті белгі.

Диплоид – сомалық клеткадағы хромосомалардың толық жиынтығы.

ДНК – дезоксирибонуклеин қышқылы, тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып есептеледі. Шиыршық тәрізді болып орналасқан екі полинуклеотид тізбегінен тұрады.

Дигибридті будандастыру – белгілерінде екі түрлі айырмашылығы бар формаларды будандастыру. Мысалы, тұқымы сары, тегіс бұршақ пен жасыл бұдырлы бұршақ өсімдігін будандастыру.

Доминанттылық – аллельдер жұбындағы бір геннің басымдылық әрекетіне байланысты 1 – ұрпақтан көрініс беріп, екінші рецессивті генді басып тастауы. Доминанттылықтың немесе рецессивтіліктің көріну дәрежесі сыртқы ортаның әсеріне, сондай-ақ басқа гендердің модификаторлық әрекетіне байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан толық доминанттылық кей жағдайда толымсыз доминанттылыққа ауысып, аралық сипаттағы формалар жарыққа шығады.

Дупликация – хромосоманың қайсібір бөлігінің екі еселенуі.

Евгеника – генетикалық жолмен адамның биологиялық табиғатын жақсарту туралы ілім.

Зигота – аталық және аналық клеткалардың қосылып ұрықтануы нәтижесінде түзілетін диплоидты клетка.

Зигонема – гомологты хромосомалар уақытша бір-біріне жақындаса бастайтын мейоз профазасындағы сатылардың бірі.

Идиотип – организмнің барлық тұқым қуалайтын факторларының жиынтығы.

Изоляция – организмдердің белгілі бір тобының генетикалық тұрғыда бөлектеніп, соның салдарынан будандаса алмай, оқшауланып қалуы.

Изохромосома – бір-біріне дәл сәйкес келетін, генетикалық тұрғыдан өте ұқсас екі нақты хромосома.

Инбридинг – жақын туыс организмдерді бір-бірімен будандастыру өсімдік шаруашылығында бұл термин инцухт деп аталады.

Инверсия – хромосоманың екі немесе бірнеше жерден үзіліп, оның бір бөлігінің 180 градусқа бұрылып қалпын өзгертуінің нәтижесінде пайда болатын хромосома ішіндік мутация.

Индукция – белок биосинтезін реттейтін механизмдердің бірі, ол клеткаға белгілі заттың енуі арқылы қандай да бір ферменттің түзілу жылдамдығын арттырады.

Интеркинез – мейоздың редукциялық және эквациондық бөлінулерінің арасындағы аралық кезең.

Интерсексуалдық – дара жынысты организмнің бойында екі жыныстық белгінің болуы.

Интерфаза – клетка бір бөлініп болған соң келесе бөлінуге дейінгі аралық фаза.

Интерференция – хромосоманың бір бөлігінде болған кроссинговердің оның екінші бір бөлігіндегі кроссинговерге басымдылық көрсету құбылысы.

Интродукция – жергілікті жерде бұрын өспеген өсімдіктредің екпе тұрлері мен сорттарын өсіру. Жануарлардың табиғи мекенінен басқа жерлерге апарып жерсіндіру.

Иондаушы сәулелер – тір организм клеткасындағы су молекуласымен басқа химиялық қосылыстарды иондайтын әрі күшті мутагендік қасиеті бар радиоактивті сәулелер.

Кариогамия – ұрықтану процесінің негізі болып табылатын жыныс клеткалары ядросының зигота ядросында тоғысуы.

Кариограмма – кариотип құрамындағы барлық хромосомаларды сызып бейнелеу.

Кариотип – жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түріне тән болып есептелетін, олардың сомалық клеткасындағы хромосомалардың жиынтығы.

Катаракта – көз бұршағының буалдырлануы. Оның көптеген формасы бар. Туа біткен катаракта аутосомдық доминатты және аутосомдық рецессивті жолмен де тұқым қуалайды. Журе пайда болған катаракта тек аутосомдық доминатты тұқым қуалау жолымен беріледі.

Клетка – эволюциялық даму нәтижесінде пайда болған, морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық тұрғыда жіктеліп қалыптасқан организмге тіршілік қасиетін беретін оның негізгі құрамдас бөлігі.

Клон – жыныссыз жолмен көбейетін өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық тұрғыдағы бір типті ұрпағы.

Комбинация – организм формаларын будандастырғанда алынатын будан ұрпақтағы гендердің жаңа үйлесімі. Бұл да – мутация сияқты тұқым қуалайтын өзгергіштікке жатады.

Комплементтену – бір геннің немесе әр түрлі гендер аллельдерінің бір-біріне қосымша әсері.

Комплементаралық – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің бір түрі. Генотиптегі әртүрлі аллельді жұптардың екі доминатты гені өзара әрекеттесе отырып жаңа белгіні жарыққа шығарады

Конгрессия – хромосомалардың метафазалық пластинкаға орналасуы.

Көптік аллельдер – хромосоманың бір локусына орналасқан, арнайы бір белгіні ғана жарыққа шығаратын үш, төрт немесе бірнеше аллельдер бар гендер. Адамда көптік аллельдер типі бойынша қан топтары тұқым қуалайды.

Кроссинговер – бірінші мейоздық бөлінудің профазасы кезінде болатын процесс. Гомологтық хромосомалардың конъюгациясы кезінде олар үзіліп сәйкес бөлімшелерімен алмасады. Кроссинговердің нәтижесінде жаңа комбинациялардың түзілуі комбинативтік өзгергіштікке себеп болады. Кроссинговерге байланысты бір хромосоманың бойында орналасқан гендер арақашықтығын анықтауға мүмкіндік туады.

Лептонема – мейоздың бірінші профазасының бастапқы кезеңі. Бұл кезде хромосомалар жіңішке жіпшелер күйінде болады.

Летальдылық – қандай болмасын бір қауіпті генетикалық факторлардың әсерінен организмнің жыныстық жағынан жетілмей тұрып-ақ тіршілігін жою.

Летальды ген – организмді өлімге душар ететін ген.

Локус – хромосоманың белгілі бір гендер шоғырланатын бөлігі.

Макрогаметогенез – макроспорадан аналық гаметафит және аналық жыныс клеткасының түзілу процесі.

Макроспора – макроспорагенез процесінде түзілетін төрт гаплоидты клетканың бірі.

Мейоз – клетканың хромосома санының екі есе азайып бөлінуі. Ол болашақ жыныс клеткаларының түзілуіне негіз болады.

Менделизм – Словакия жаратылыс зерттеушісі Грегор Мендель негізін салған тұқым қуалаушылық заңдылықтары туралы ғылым.

Метаболизм – ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы немесе зат алмасу.

Метаболиттер – организмде зат алмасу кезінде түзілетін заттар.

Метахроматин – саңырауқұлақтар және бактериялар клеткасынан алынатын зат, ол нуклеин қышқылынан, метофосфат және белоктан құралады.

Микроспорогенез – аталық гаметафиттен аталық жыныс клеткаларының түзілу процессі.

Микроспора – гүлді өсімдіктердің аталық тозаңы.

Миоплегия – қайталанып отыратын тырысқақ ауруы. Мұның себебі – бұлшықеттер клеткаларында калий мөлшері азаяды. Миоплегияның бірнеше түрі бар. 20-40 жас аралығында пайда болатын миоплегия аутосомдық доминантты және аутосомдық рецессивті тип бойынша тұқым қуалайды. Жас балаларда кездесетін миоплегия көбінесе аутосомдық доминатты тұқым қуалау типі бойынша беріледі.

Митоз – клетканың дұрыс жолмен бөлінуі. Ол кезде хромосомалар теңдей екіге бөлінеді де, соның негізінде жаңадан екі клетка түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. Генетикалық тұрғыдан алғанда митоз тұқым қуалау тұрақтылығын қамтамасыз ететін процесс.

Митоздық индекс – ұлпаның митоздық активтілігін сипаттайтын көрсеткіш.

Митоздық цикл – нәтижесінде бір клеткадан жаңа екі клетка түзілетін процестердің жиынтығы.

Модификация – генотиптердің өзгеруіне байланыссыз, тек фенотипті ғана қамтитын тұқым қуаламайтын өзгергіштік.

Моногенді – бір ген арқылы анықталатын тұқым қуалайтын белгі.

Моногибрид – бір жұп аллель (Аа) бойынша гетерозиготалы организм.

Моносома – сыңар хромосома.

Морган заңдары – Америка оқымыстысы Томас Морган мен оның шәкірттері негізін салған (1911-1915) тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясы.

Морганида – гендер арақашықтығының өлшем бірлігі.

Морфогенез – онтогенез процесінде организм мүшелері мен белгі қасиеттерінің дамып, қалыптасуы.

Морфоз – белгілі бір түрдің дарақтары қалыпты жағдайда сирек ұшырайтын, химиялық заттардың, радияцияның әсерінен пайда болатын тұқым қуаламайтын өзгеріс.

Мутагенез – табиғи және жасанды факторлардың әсерінен тұқым қуалайтын өзгерістердің пайда болу процесі.

Мутант – мутацияның нәтижесінде қайсыбір белгісі немесе қасиеті өзгерген организм.

Мутация – геннің хромосоманың немесе генетикалық аппараттың басқа бір элементінің өзгеруіне байланысты болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.

Мутациялық қысым – популяцияда альтернативті аллельдердің біреуінің концентрациясының артуы.

Мутон – егер өзгерсе организмнің мутантты формасының пайда болуына себепкер болатын геннің шағын бөлігі.

Нуклеин қышқылдары – тұқым қуалайтын ақпаратың сақталуын және берілуін қамтамасыз ететін жоғары молдекулалы биологиялық полимер.

Нуклеотидтер – пентоза қантының пуринді немесе пириминді негіздермен қосылысы.

Нуклеопротеидтер – белокпен нуклеинқышқылдары ДНК мен РНҚ-ның қосылысынан тұратын ядро мен цитоплазманың күрделі химиялық компонеттері.

Нуклеотид – құрамына азотты негіздердің біреуі пентоза қанты және фосфор қышқылының қалдығы енетін күрделі органикалық қосылыс.

Нуллисомик – диплоидты жиынтығында бір жұп хромосомасы жетіспейтін организм.

Онтогенез – жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап, қартайып өлгенге дейінгі организмнің жеке жамуы.

Оперон – ДНК молекуласының бір ізді болып бір-бірімен тығыз орналасқан құрылымдық, оператор және реттеуші гендер тобы. Олар қандай болмасын бір заттың синтезделуінің тиісті этаптарын қамтамасыз етеді.

Органоидтар – морфологиялық және функционалдық жағынан жекеленіп жіктелген цитоплазманың құрылымдық элементтері. Оларға рибосомалар, лизосомалар, митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, пластидтер жатады.

Орақ тәрізді клеткалы анемия – қалыпты гемоглобин генінің мутацияға ұшырауына байланысты қалыптасады. Мұндай гемоглобині бар эритроциттер орақ тәрізді немесе жарты ай тәрізді пішінге ие болады.

Панмиксия – популяция құрайтын даралардың еркін түрде будандасуы.

Пенетранттылық – белгілі бір геннің фенотиптік көрінісі байқалатын популяция құрамындағы дарақтардың сан мөлшері.

Плазмидтер – клеткадағы хромосомадан жеке репликацияланатын нуклеин қышқылының шиыршықталған немесе түзу сызық тәрізді молекуласы.

Пластидтер - өсімдік клеткаларында болатын цитоплазмалық органоид.

Плейцотропия – бір геннің қатарынан бірнеше белгіге тигізетін әсері.

Полимерия – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Мұнда аллельді емес бірнеше ген әрекеттесе отырып бір белгіні өте айқын түрде жарыққа шығарады. Мұндай белгіні полигенді белгі деп атайды. Полигенді белгілерге варияциялық қатарлар түзе алатын сандық белгілер жатады. Адам бойының биіктігі, дене салмағы, терінің түсі полигенді белгілер болып табылады. Олардың фенотиптік көрінісі сыртқы орта жағдайларына да байланысты болады.

Полиморфизм – популяциядағы генетикалық тұрғыдан әртүрлі болып келетін екі немесе бірнеше форманың үйлесімді арақатынасы.

Полиплоидия – хромосома санының оның гаплоидты жиынтығына еселеніп артуы. Бұл геномдық мутацияға жатады.

Полирибосома – ақпараттық РНК молекуласының бойында орналасқан рибосомалар тізбегі.

Полигибрид – үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар дарақтарды будандастырудың нәтижесінде алынған будан.

Полисомия – негізгі диплоидты жиынтықтан тыс екі немесе бірнеше қосымша хромосомалардың болуы.

Полиспермия – ұрық қапшығының ішіне бір мезгілде екі немесе одан да көп спермилердің енуі.

Политения – алып хромосомалардың пайда болуы.

Популяция – бір түр ареалының белгілі бір бөлігінің ұзақ уақыт оқшаулана мекен етіп, өзара еркін будандасатын, сөйтіп өсімтал ұрпақ қалдыра алатын түр ішіндегі дарақтар жиынтығы.

Прокариоттар – генетикалық материалы тікелей цитоплазманың өзінде болатын вирустар, бактериялар және көк жасыл балдырлар.

Промотор – транскрипция ферментті – РНК – полимераза келіп жалғасатын оперонның реттеуші бөлігі.

Протопласт – клетка қабырғасынан айырылған өсімдік немесе микроб клеткасы.

Псевдогендер – белгілі бір генге өте ұқсас, хромосомада болатын, бірақ қайсыбір есептермен функционалдық активтілігінен айырылған нуклеотидтік тізбектер.

Пуффтар – функционалдық жағынан белсенді белгілі бір ұлпаларға тән политенді хромосомаларда болатын гендер.

Радиопротекторлар – радиоактивті сәулелердің генетикалық әсерлерін төмендететін заттар.

Радиосенсибилизаторлар – организмнің радиоактивті сәулелердің мутагендік әсерлеріне сезімталдығын күшейтетін қосылыстар.

Риверсия – геннің бұрынғы жабайы типін қайта қалпына келтіретін мутация.

Редукция – мейоз процесі кезінде диплоидты хромосома санының екі есе кесуі.

Редупликация – хромосоманың екі еселенуі.

Резус фактор – қанның көптеген антигендік қасиеттерінің бірі, қанда бұл фактор болса, доминанттылық қасиет көрсетеді, бомаса, рецессивтік белгі деген сөз.

Репликация – бастапқы матрицалық ДНК молекуласының негізінде жаңа ДНК жіпшелерінің синтезделуі.

Рекомбинация – мейоз процесі кезінде гендердің жаңа комбинацияларының пайда болуы.

Репарация – физикалық және химиялық мутагендердің әсерінен өзгерген ДНК құрылымының өздігінен қайта қалпына келуі.

Репрессия – транскрипциясына тосқауыл жасау арқылы геннің активтілігін жою.

Рецессивтілік – доминанттылыққа қарама-қарсы ген аллельдерінің біреуінің басыңқы болуы.

РНК – рибонуклеотидтерден тұратын поллимер.

Рибоза – РНК нуклеотидтерінің құрамына енетін моносахарид немесе пентоза қанты.

Рибосома – белок биосинтезі жүретін цитоплазмалық органоид.

Сайт – кроссинговер және мутагенез кезінде біртұтас қызмет атқаратын ДНК молекуласының бір бөлігі.

Селекциялық материал – селекциялық жұмыс барысында сұрыптап алынатын формалар.

Сибстер – адам генетикасында ағалы-қарындасты деген мағынада қолданылады.

Синапсис – мейоздың 1 профазасындағы гомологты хромосомалардың конъюгациялануы.

Синдром - өзара байланысты бірнеше патологиялық белгілердің жиынтығы. Бұл жағдай көбінесе гендердің плейотропиялық әрекетіне сай қалыптасады.

Сомалық – клеткалар – көп клеткалы организмдер ұлпасының клеткалары.

Сорт – морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық қасиеттері жағынан ұқсас, шығу тегі бір белгілі бір аймақта өсірілетін екпелі өсімдіктердің тобы.

Спермий - өсімдіктердің аталық жыныс клеткасы.

Сперматозоид – жануардың аталық жыныс клеткасы.

Стерильділік – особьтың (дарақтың) белгілі бір орта жағдайларында тіршілікке қабілетті гаметалар түзе алмауы. Стерильділік хзромосомалар санының, құрылысының өзгеруіне, сол сияқты гендік мутацияларға байланысты қалыптасады.

Теломерлер – бір пуриннің екінші біреуімен, сол сияқты пиримидиннің де бір-бірімен орын алмасуының негізінде пайда болатын мутация.

Трансверсия – пуриннің пиримидин мен немесе керісінше орын алмастыруына байланысты болатын мутация.

Трансдукция – бактерияның генетикалық материалының бактериофагтың көмегімен тасымалдануы.

Транкрипция – ДНК матрицасының негізінде РНК-ның синтездалуі.

Трансляция – иРНК (ақпараттық РНК) матрицасының негізінде белоктың синтезделуі.

Транформация – генетикалық ақпарат (информация) тасымалдануының бір жолы. Бұл жағдайда бір клеткадан бөлініп алынған ДНК басқа клеткаға өтіп, оның геномына барып жалғасады.

Трисомия – хромосоманың диплоидты жиынтығының өзі үш дана болып келетін кариотиптік өзгеріс.

Фенотип – генотип пен сыртқы орта факторларының әрекеттесуі негізінде қалыптасатын белгі – қасиеттердің жиынтығы.

Фенилкетонурия – фенелаланинді терозинге айналдыратын ферменттердің түзілмеуіне байланысты пайда болады. Соның салдарынан фенелалалиннің қандағы мөлшері шамадан тыс артып кетеді. Артық фенелалалиннің фенилпиро-жүзім қышқылына айналып, несеппен бірге сыртқа шығарылады. Нерв жүйесінің бұзылуына байланысты есуастық белгісі қалыптасады. Аутосомдық – рецесивті белгі ретінде тұқым қуалайды.

Хиазма – кроссинговердің салдарынан пайда болатын Х тәрізді фигура.

Хроматин – клетка ядросындағы ДНК мен белок комплексінен тұратын зат.

Хромомерлер – хромосоманың анық көрінетін, қанығып боялатын бөлігі.

Хромосомалар – клетка ядросындағы нуклеопротеидтік жіпшелерден тұратын құрылым.

Хромоцентрлер – телофаза кезінде диспиральданбайтын, соған байланысты интерфазалық ядрода метафазалық қалпын сақтайтын хромосоманың гетрохроматинді бөлігі.

Центромера – хромосоманың ұршық тәрізді (ахроматин) жіпшелер бекінетін жері.

Цистрон – белок молекуласының толық құрылымы туралы хабарламасы бар бөлігі.

Циптокинез – клетка цитоплазмасының бөлінуі.

Цитоплазмалық аталық стерильдік (ЦАС) – цитоплазмадағы генетикалық факторлармен ядролық гендер бірігіп бақылайтын аталық жыныс клеткасының ұрықтандыру қабілетінің болмауы.

Цитоплазмалық тұқым қуалау – негізінен цитоплазма оргоноидтарында (митохондрия, пластидтер т.б.) орналасқан гендер арқылы анықталатын тұқым қуалаушылық.

Чаргаф ережесі – Америка Чаргаф негізін салған молекулалық генетикадағы іргелі мәселенің бірі. Ол бойынша кез келген ДНК молекуласындағы пурин негіздерінің жиынтығы пиримидинін негздерінің жиынтығында кем болып келеді.

Экзондар – құрылымдық гендердегі кодтар тізбегі.

Экспрессивтілік – белгінің генотиптік көрініс деңгейімен сипатталатын ген әсерінің күші. Бұл құбылыс сол геннің сыртқы жағдайлары мен генотиптік ортаның арақатынасына байланысты болады.

Эллиптоцитоз – эритроциттредің пішіні өзгеріп, сопақша, яғни элипс тәрізденеді, гомозиготалы жағдайда анемияның ауыр формасы байқалады.

Эпистаз – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрі. Мұнда бір доминантты ген (супрессор) екінші доминантт ыгенді басып тастайды (А > В). Кейде эпистаздың рецессивті ген арқылы да болуы мүмкін (а>в) мұны рецесивті эпистаз дейді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет