«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жоспары (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 1-сынып Мазмұны



бет4/7
Дата07.05.2017
өлшемі1,38 Mb.
#15723
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп.1-сынып

1-тоқсан

2- бөлім. Тірі таюбиғат: Жануарлар

Осыған дейін меңгерілген білім

Кейбір жануарларды атай алады. Үй жануарларын күтуді біледі.

Контекст

Оқушылар «Менің мектебім» тақырыбы аясында үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы, тағамды, азық-түлікті қайдан алатынымызды, жануарларды қалай күту керектігін біледі.

Осыбөлімнің тілдік мақсаты

Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген



Пән бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге тән лексика және терминология

Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері

Оқушылар:

  • жануарлардың негізгі сипаттамаларын атайды

Оқушылар:

академиялық тілді пайдалана отырып, жануарлардың негізгі белгілерін тұжырымдап түсіндіреді.



  • жануар, өсімдік;

  • жабайы және үй жануары;

  • қорек;

  • маусым, жыл мезгілдері;

  • қысқы ұйқы;

  • миграция (көші-қон).

Талқылауға арналған сұрақтар:


  • Қандай жануарларды білесіндер?

  • Жануарлар бізге не береді?

  • Адамға қандай пайдасы бар?

  • Жануар мен адамның арасында қандай өзара байланыс бар?

  • Біздің сыныптың оқушыларында қандай үй жануарлары бар?

  • Қандай жабайы жануарларды көрдіңдер?

  • Жануарлардың тіршілігі үшін не қажет?

  • Біздің өлкеміздің қандай жануарларын білесіңдер?

  • Неліктен кейбір жануарлар қыc мезгілінде ұйқыға кетеді?

  • Неліктен кейбір құстар күз мезгілінде оңтүстікке қарай ұшып қетеді

Жазба тапсырмалары:

  • Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтарын тізіп жаз.

  • Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылықтарын тізіп жаз.

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар жануарларды тірі ағза ретінде танып, олардың өсімдіктермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Жабайы және үй жануарларымен танысады. Кейбір жануарларды атайды және адамдардың азық ретінде қолданатын түрлерін анықтайды. Олар жануардың тіршілігіне қажетті заттарды анықтайды және қысқы ұйқы, көші-қон және маусымдық дайындық жұмыстары туралы біледі.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

ануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;


(Ж,Ұ,Қ) Жануарлардың қандай екендігі, нақтырақ олардың өмір сүруі, ұйықтауы, тамақтануы, өмірге ұрпақ әкелуі, өсуі туралы әңгімелесіңіз. Оларға ойлануға көмектесу үшін кейбір әрекеттерді қимылмен көрсетіңіз немесе оқушылардан сыныпқа көрсетуді сұраңыз.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар тірі организмнің кейбір белгілерін сипаттай алады.

(Ұ,Ө,Қ) Ұнататын жануарлары туралы әңгімелесіңіз. «Біз істей алатын барлық әрекеттерді жануарлар істей алады ма?»

«Неліктен адамдар мен жануарлар тірі организмдерге жатады?



(Ө,Қ) Ұнататын жануары туралы, оның немен қоректенетіні, қалай қозғалатыны, өсуі, төлі туралы жазыңыз және суретін салыңыз.

Қалыптастырушы бағалау–– неліктен жануарлар тірі ағза екенін біледі.

(Ө) Жануарлар мен төлдерінің аттары мен суреттерін сәйкестендіріңіз.

Жануарлар тірі азаға жатады, өйткені олар көп жағдайда бізге ұқсас. Ал біз тірі жанбыз!

Сабақ барысында қайтып оралу үшін, жануарлардың белгілерінің тізімін тақтаға жазып қоюға болады.


Аспектілерді негізгі сипаттамалармен алмастыруға болады.
Сұрақтарды тұжырымдаған кезде, Блум таксономиясын пайдаланыңыз.

Кейбір оқушыларға суреттер мен фотографиялар негізіндегі тіректер керек.





Әр түрлі жануарлар мен төлдерінің суреттері.

Жұмыс дәптері.


Үй жануарларының суреттері фотографиялары

Жануарлар–Жануарлардың көптүрлілігі

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;


(Ұ,Ө,Қ) Жануарларды неліктен тірі ағза деп санайтынын еске түсіріңіз. Қағаз тәрелкесіне ұнататын қорегінің суретін салдырыңыз немесе қағаздан коллаж жасатыңыз. Қалыптастырушы бағалау– оқушылардың барлық тірі организмдер қоректенетінін білуін бағалаңыз.

(Ұ,Қ) Өсімдіктер қалай қоректенетіні туралы ойланыңыз.

Қалыптастырушы бағалау– оқушылар өсімдіктердің қоректенетінін біледі, себебі олар да тірі организм.

(Ө,Қ) Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының тізімін жасатыңыз.

Қалыптастырушы бағалау– оқушылар жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра алады.

(Ж) Оқушыларға жұпта біреуі – өсімдік болатын, екіншісі – жануар болатын рөлдік ойынды ойнауды ұсыныңыз. Әр оқушының тапсырмасы талқылап отырған серігінің айқын сипаттамаларын тізіп шығу. Содан кейін екеуі бірге, олардың ұқсастықтарын атап шығуы қажет.



Қозғалуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан өсімдіктер қоректерін өздері түзетінін түсіндіріңіз (Өсімдіктер қозғалады, бірақ орнын ауыстырмайды).

Дифференциация: көмек қажет ететін оқушыларға дұрыс жауапты табу үшін белгілеу парақтарын беріңіз.

Жұп құру кезінде, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ескерген жөн.


Қағаздан жасалған тәрелкелер, коллаж жасауға арналған заттар, желім, қайшы.

Жұмыс дәптері.

Өсімдіктер мен жануарларды салыстыруға арналған жауаптары бар үлгілер.

«Өсімдіктер» және «жануарлар» жазуы бар бейджиктер немесе суреттер.



Жануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру


(Ұ,Ө) Үй жануарлары туралы әңгімелесіңіз. Жануарлардың фотосын, суретін немесе ойыншық үлгілерін, әлде қорегін, оларды күтуге арналған құралдарды алып келіңіз.

(Ұ,Ө,Қ) Оқушылар өздерінің үй жануарларын (фотосын) мектепке алып келіп, сыныпқа ол туралы айтып беруі үшін кесте жасаңыз.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жабайы және үй жануарларын ажырата алады.

(Ұ,Т,Ө,Қ) Үй жануарларының санын анықтау үшін кесте жасаңыз, нәтижесін бағанды диаграммаға түсіріңіз.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар бағанды диаграмманы түсіндіре алады

(Ұ,Қ) Жабайы жануарларды көру мақсатында хайуанаттар бағына немесе ауылдық жерге серуен ұйымдастырыңыз. Қалыптастырушы бағалау - оқушылар жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алады.

(Т,Ж,Қ) Жабайы жануарлар туралы ақпарат жинап, сыныпқа айтып беруге дайындалыңыз.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жабайы және үй жануарларын анықтай алады.

(Ұ) Жергілікті 10 жануардың тізімін (суретті альбом түрінде) жасаңыз.


Осындай жұмыстар жүргізу үшін оқушылардың ата-аналарынан рұқсат сұраңыз.

Тек бір үй жануарын алып келуге рұқсат беріңіз!

Оқушыларды мектептен тыс серуенге шығарған кезде, мектептің тағайындалған қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

Дифференциация: Көмек қажет еткен оқушыға зерттеу үшін бір жануарды атаңыз немесе таңдауға мүмкіндік беріңіз.



Фото түсірілім.

Үй жануарлардың ойыншықтары /күту құралдары.

Оқушылардың өз үй жануарларын сабаққа әкелу кестесі сынып қабырғасында ілінуі қажет.

Графиктер сызуға арналған қағаздар(2 см2).

Маркерлер.

Фотокамера, қағаздарды ілуге арналған қысқыштар, қағаздар, қарындаштар.

Жануарлар туралы ақпарат жазатын бланктер.

Флипчарттар, маркерлер, шағын тақталар (уайтборд).



Жануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру


(Ұ, Т,Ө,Қ) Миграция мен қысқы ұйқыға кету күнтізбесін жасаңыз. Жанына таныс жануарлардың суретін орналастырыңыз. Қалыптастырушы бағалау - оқушылар Қазақстанның жануарлары мен құстарының миграциясы/қысқы ұйқыға кетуі туралы біледі.

(Ұ,Т,Ж,Қ) Қысқы ұйқыға кететін жануарларды анықтап, олар қайда қыстайтынын және қандай қорек қорын пайдаланатынын анықтаңыз.
(Ұ) Құстарға арнап жем астауын жасап, қыс уақытында құстарды кезек-кезек қоректендіру үшін кесте құрыңыздар. фотографиялар жасаңыз.

Белгілі құстары бар клиптерді таңдаңыз.
Жергілікті немесе ұлттық ұйымдарға ақпарат алу мақсатында хабарласыңыз немесе олардың веб сайттарын көріңіз.

Оқушыларды мектептен тыс серуенге алып шығарда мектептің тағайындалған қауіпсіздікережелерін сақтаңыз.




Жылдық күнтізбе, сурет салу жиынтығы

Құстарға арналған үстел, дәндер, су, жеміс, май кесектері

Фотокамера


«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

2-тоқсан

2- бөлім. Тірі табиғат: Адам

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар дене мүшелерін атай білуі тиіс (бас, кеуде, аяқ, қол, табан және т.б.)

Контекст

«Менің отбасым және достарым» тақырыбы аясында дене мүшелерінің атауын және оқушылар өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі. Бұл «Өнер» (бақылау нәтижесінде сурет салу) және «Математика» (есеп және сан) пәндерімен пәнаралық байланыс үшін жақсы мүмкіндік болады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген



Пән бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге тән лексика және терминология

Диалогке/жазуға пайдалы сөз тіркестері

Оқушылар:

  • адам денесінің басты бөліктері мен олардың функцияларын атайтын болады

Оқушылар:

  • академиялық тілді қолдана отыра, адам денесінің басты бөліктері мен олардың функцияларын атайтын болады

  • қол, аяқ, саусақтар, бармақ, бас, шаш, көз жәнет.б.

  • көздің/шаштың түсі, бой;

  • бірдей, басқа, ең биік, ең аласа, кең тараған, сирек кездесетін




Талқылауға арналаған сұрақтар:

  • Біздің ұқсастығымыз неде?

  • Біздің арамыздағы айырмашылықтар қандай?

  • ... туралы сөйлесейік /... туралы қандай идеяңыз бар/ шашыңыздың/көзіңіздің түсін/ бойыңызды салыстырыңыз.

  • Бір-біріңіздің болжамдарыңызды тыңдаңыздар.

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар адам денесінің құрылысы туралы білімдерін кеңейтеді. Олар сыртқы белгілеріне қарап, бір-бірінің және басқалардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыра бастайды.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Адам.


1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау


(Ұ,Қ) Ойын: Оқушыларға тапсырманы түсіндіріңіз, мысалы, қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, т.). Барлық оқушылардың қатысуын қадағалаңыз. Тапсырманы кімнің оңай орындайтынын және кімге көмек қажет екенін бақылаңыз.

(Ө) Ойын барысында, кейбір оқушылардан қанша қолы, бас, аяғы, саусағы және т.б. бар екенін сұраңыз.

(Т) Топтарда: біздің жалпы сыртқы ерекшеліктерімізді (дене мүшелерін) атап шығыңыздар - бұл сөздерді өз беттерінше жазуын/салуын сұраңыз. Орындаған жұмыстарын қарап талқылаңыздар, дене мүшелерінің ортақ сипаттары туралы бір пікірге келіңіз – бас, қол, аяқ, табан, дене, т.б.

(Ұ) Алынған ақпаратты пайдаланып, тиісінше сандық белгілерімен, дене мүшелерінің пиктограммасын құрыңыз ақпаратты пайдаланып, тиісінше сандық белгілер(Қ) Оқушылардан өздерінің суреттерін салуларын және барлығына тән жалпы сипаттамаларын көрсетулерін сұраңыз.

Бұл жаттығуға үлкен кеңістік қажет болады – сыныпта орын босатуға не болмаса мектеп дәлізін, не ойын алаңын пайдалануға болады.

Әр топтан жазба жүргізетін бір оқушыны сайлаңыз.

Сандар дене мүшелеріне қарсы орналасатын пиктограмма/кесте құрыңыз. Сандар Y-осінде, ал дене мүшелері - X-осінде.

Бұл жаттығуды оқушылардың осы бөлімнің бастапқы білімін бағалау үшін қолданыңыз. «Өнер» пәнімен байланыстырыңыз– портреттер – сурет салу/бояу/коллаж жасау.



Стикерлер немесе үлкен парақтар (флипчарттар) және маркерлер немесе жазуға арналған дербес тақталар (уайтбордтар).

Кестелерге арналған ірі масштабты параққа алдын ала сызылған осьтер, кем дегенде 2 см2.




Адам

1.2.3.2

адам өмірінің кезеңдерін сипаттау




(Ө,Ұ) Оқушылардан өздерінің сәби кезіндегі суреттерін және/немесе олардың киімдерін алып келулерін сұраңыз да, олардың кішкентай болғандығы туралы әңгіме құрыңыздар.

(Ө, Ж, Т Ұ, Қ) Жұпта/сыныпта оқушылардың өсіп кеткендігі туралы ойланыңыз/талқылаңыз. Олар сәби кездерінде істей алмаған, ал қазір істей алатын әрекеттерді – өздігінен тамақтану, киіну, жүру, т.б. санап шығыңыздар. Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жауаптарды жазба түрінде бере алады.



Ө) Өз отбасы мүшелерінің суретін салыңдар (болмаса фотоларын алып келіңдер). Қарап шығыңдар да, нәрестелер, балалар мен жеткіншектерді (аға-әпке) салыстырыңдар. Өзгешеліктерді талқылаңыздар – бой, салмақ, шапшаңдық, т.б.

(Ұ) Нәрестені қалай шомылдыру керек екенін көрсету үшін, сәбиі бар ата-ананы шақырыңыздар және оған қандай күтім керек екендігі жөнінде әңгімелесіңіздер. Ата-ана оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Балаға күтімнің және қауіпсіздік шараларын (шомылдырған кезде) қолданудың маңыздылығын баса айтып кетіңіз.

(Ө,Қ) Өзіңіздің үлкен ағаңыздың немесе әпкеңіздің суретін салыңыз. Сізге қарағанда, жасайтын өзге әрекеттерін тізіп шығыңыз. Сол секілді, өзіңізді едәуір кіші балалармен салыстырыңыз. Қалыптастырушы бағалау: адамның өмір сүруінің үдерісі жөнінде оқушылардың білімін бағалауға жұмыс нәтижелерін пайдаланыңыз.

(Ұ,Қ) Балалар мен жеткіншектердің нәрестелерге қарағанда, не істей алатыны (оқу, жүзу, велосипед тебу, т.б.) туралы талқылаңыздар. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың таңдамалы жауаптарынан жазбалар жасаңыз.

(Ұ,Ө,Ж,Қ) Жұп болып, кәрі кісілердің (әжелер, аталар) мінез-құлық ерекшеліктерін талқылап өтіңіздер. Олардың сырт келбеті, аурулары жөнінде әңгіме-дүкен құрыңыздар. Біз өзіміздің туыстарымыз қартайған кезде, қалай бағатынымыз туралы әңгімелеңіздер. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың жауаптарын бағалаңыздар.

(Ұ,Қ) Сурет салыңыз да, онда адамның даму кезеңдерін туғанынан қартайғанға дейін белгілеңіздер. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың пәнді түсінгенін көрсететін жұмысты тексеріңіздер, бағалаңыздар.

Кейбір балалар тіпті баланың заттары мен ойыншықтар алып келе алады – оларды бүкіл сыныпқа көрсетіп, салыстырмалы мақсатта пайдаланыңыз.

Адлын-ала оқушыларға сабаққа фотографиялар алып келулерін ескертіп қойыңыз.

«. Нәрестені шомылдыру сыныптағы температураға не жыл мезгілінің сәйкес келмеуіне, болмаса сәбидің жылауына байланысты ерсі болуы мүмкін, ондай жағдайда бейне фильм көрсетуге болады. Дегенмен, сабаққа сәбиі бар ананы бәрібір шақырған жөн, балалар нәрестенің күтімі жайында сұрақтар қоя алады.


Флипчарт пен маркерлернемесе маркермен жазатын тақта

Фотографиялар

Ана сәбиімен

Сурет салу жиынтығы




Адам

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуына керек қажеттіліктерді анықтау



(Ұ) Өткен сабақта болған/әңгіме болған сәби туралы сөйлесіңіздер: «Сәби нені қажетсінеді?» (тамақ, киім, жылу, махаббат, үй, ұйқы). Осының барлығы оқушыларға қажет пе?
(Ж,Қ) Балалар бүгін не ішті, не жеді, осыны сыныппен бөлісіңіз/жұпта айтыңыз/сұраңыз. Салауатты тамақтану рационына не кіретінін талқылаңыздар. Қалыптастырушы бағалау: салауатты тамақтану рационына не кіреді, қандай тағамдар мен сусындар пайдалы болып келеді.
(Ұ,Т) Рөлдік ойын үшін азық-түлік дүкенін ұйымдастырыңыз. Оқушыларды «азық-түлікке» жұмсап, пайдалы тағам алып келуін сұраңыз. Олардың таңдауын талқылаңыздар – олар алып келген азық-түліктің қайсысы пайдалы, ал қайсысы зиянды.
(Ө,Қ) Журналдардан қиып отырып, картон қағазда пайдалы тағамдардан коллажын жасаңыз.

( Қалыптастырушы бағалау: коллаждарды қарап шығу, таңдалған суреттердегі тағамдардың қайсысы пайдалы екенін анықтай білуін.
(Ұ) Сәбиге ұйқыға қанша сағат қажет екенін – оқушылардың өздеріне ұйқыға қанша (аз ба, көппе) уақыт қажет екенін айқындап алыңыздар. Олар үйде нешеде ұйықтайтыны және отбасында сағат нешеде ұйқыға жататыны жайлы сөйлесіңіздер.
(Ж,Ө) Олар ұйқыдан тұрғаннан күні бойы түнде ұйықтайтын уақытқа дейін қандай әрекеттермен айналысатыны жайында талқылаңыздар.
(Ұ) Бізге не үшін ұйықтау қажет екенін талқылаңыздар – біздің ағзамыз өседі, қалпына келеді және демалады. (Кішігірім көлік/техникамен салыстырыңыз).
(Ө, Қ) Дөңгелек қағаздарда немесе картон қағаздарда өзіңіздің күніңізді сағатпен бейнелеп шығыңыз. Қалыптастырушы бағалау: күн/түн аралығында уақытты демалысқа немесе ұйқыға бөліп үйрендіңіз бе?

Сұрақтарды тұжырымдаған кезде, оқытудағы саралау тәсілін ескере отырып, Блум таксономиясына сүйеніңіз.

Мұндай сұрақтардың жағдайы төмен жанұялардан шыққан балаларды ыңғайсыз жағдайға қоятынын есепке алыңыз.

Оқушылармен рөлдік ойындар өткізуге, сыныпта азық-түлік дүкенін безендіріңіз. Осы декорацияны тоқсанның аяғына дейін қалдырыңыз.

Уақытты сағат форматында қолданып, оны (оқытуға пайдаланылатын) сағатта көрсетіңіз. Уақыт бойынша тапсырмалардың байланысын математика сабағында өткізіңіз.


Оқушылар түс және/немесе қараңғыдан қорқу туралы өз пікірлерін тақлылап бөлісе алады.

Тамаққа арналған бос контейнерлер

Журналдар, қайшы, желім, картон.

Оқу сағаттары

Қағаз немесе картоннан жасалған дөңгелек парақтар, сурет салу жиынтығы




«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

2-тоқсан

5- бөлім. Табиғат физикасы: Күш және қозғалыс

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар итеру немесе тарту арқылы қозғалатын ойыншықтармен ойнауы тиіс.

Контекст

«Бізді қоршаған орта» ортақ тақырыбы аясында оқушылар күштердің (итеру және тарту) қалай қозғалыс тудыратындығын біледі. Мұны күнделікті өмірде бақылауға болады, мысалы, мектеп төңірегінде көліктердің қозғалысы, ойыншықтар мен заттардың қозғалуы. Дене шынықтыру пәнімен байланыстыруға жақсы мүмкіндік болады (кішкене доптарды қолдану).

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген



Пән бойынша оқу мақсаты

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогке / жазуға қажетті тіркестер

Оқушылар:

  • «қозғалыс» ұғымын түсіндіреді.

Оқушылар:

«Бұны не қозғалтады? Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата немесе тоқтата аламын?», т.б. сұрақтар қойып және жауап бере алады.



қозғалу, итеру, тарту, жылдамдату, бәсеңдету/жайлату, бағытты өзгерту, тоқтату

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұны не қозғалтады?

  • Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата / тоқтата аламын?

  • Бұл қалай…?

  • Сен оны …істей аласың ба?

  • Егер, … не болады?

Неліктен екенін айта аласың ба? … не болады?

… кейбір заттар тез немесе жай қозғалады?



Басқада тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар адамдардың, нысандардың, ойыншықтар мен машиналардың, қозғалысын зерттейді. Нәтижесінде нысандарды қозғалысқа келтіретін итеру мен тарту – қозғалыс тудыратын күштің мысалдары екендігін түсіне бастайды. Оқушылар алған білімдерін басқа пәндерді оқу барысында қолдана алады (мысалы, дене шынықтыру сабағында).



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Күш пен қозғалыс

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;


(МК, Ұ) Сыныпқа түрлі қозғалыс мысалдарын көрсетіңіз:

• Адамның қозғалысы

• Су мен бұлттардың қозғалысы

• Жердің өз осі бойынша қозғалысы

• Өсімдіктердің өсуіндегі жарыққа бағытталған қозғалысы (мысалы, күнбағыс)

• Көліктердің жолдағы қозғалысы

• Ұшақтардың қозғалысы

(Ұ) Оқушылармен бірге қозғалыс – деген бір дененің қалыбын өзге денелерге қарағанда, өзгерту болып табылатынын талқылаңыздар.

(ОТ,Т,Ж) Оқушыларға ойын ұсыныңыз: екі оқушы сыныпта қатар келе жатады, оларға қарсы өзге екі оқушы келе жатады.


  • Қандай оқушылар бір-біріне қатысты қозғалып келе жатыр?

  • Қайсылары тыныштық қалыпта?

  • Қайсылары отырған оқушылардың көзқарастарына сай тез қозғалып келе жатыр?

  • Қайсылары қозғалып келе жатқандарға қатысты тез қозғалып келеді?

  • Бір жұпқа екінші жұпты қуып жетуді ұсыныңыз. Олардың қозғалыс жылдамдықтары қалай өзгерді?

Қозғалыс қатыстылығының принциптері бірінші рет ұлы итальян ғалымы Галилео Галилейдің шығармаларында, кейінірек тереңірек деңгейде Альберт Эйнштейннің қатыстылық теориясында зерттелді және олар балаларға қиын да түсініксіз болады. Дегенмен, қозғалыстың қатыстылығы фактісі әңгімеде сипатталған мысалдарда көрнекті түрде ашылады. Сондықтан балаларды таныстырып өту керек.

Жүріп келе жатқан оқушыларға сұрақтар қоюға болады: сенің көршің парталарға қатысты қалай қозғалып келеді? Саған қатысты ше?


Секундомермен жүріс пен жақындаудың уақытын өлшеуге болады..


Фотографии, рисунки, видео примеров движения тел в пространстве.

Секундомер



Күш пен қозғалыс

1.2 Табиғатты тану әдістері



1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;




(ОТ,Т) Оқушыларға қозғалыс ұғымын қайталау үшін интерактивті тапсырма беріңіз.

Балаларды топтарда жинап, оларға қозғалысты көрсетуді ұсыныңыз

А) құстар тобын

Ә) тау бұлағын

Б) пойызды

Балалармен бірге олар қандай қозғалысты көрсеткендерін, оларға қатысты қандай заттар қозғалғандығын талқылаңыздар.

(Ж) Оқушыларға қозғалып тұрған денелер бейнленген суреттер таратыңыз. Оларды бір-біріне қатысты қозғалып жатқаны не тыныштық сақтауы бойынша орындарына қойып шығуға ұсыныс жасаңыз. Қандай жағдайда олар тезірек қозғалады?

(Ө) Оқушыларға сүйікті жануарларының қимылын бейнелеуді сұраңыз. Содан кейін, оқушылардан қозғалыстың қандай мысалын бейнелегенін айтып беруді сұраңыз. Балалар өздерінің суреттерінде айтып берген қозғалыстарды тақтада жазып қойыңыз.



Материал 1 сыныпқа арналғандықтан, басынан бастап тек қана қол жетімді материалды қарап таңдаған дұрыс.

Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған.

Берілген тапсырма оқушылардың жоғары ойлағыштық іс-әрекетіне сәйкес келетін мәліметтер сараптамасына бағытталған.


Интерактивті сұрақтар: http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b56-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_1.swf

Қозғалыс туралы суреттер: http://go.mail.ru/search_images?q=%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5



Күш пен қозғалыс

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын

(Ұ) Оқушыларға бізді қоршаған әлемде ненің қозғалатынын санап шығуларын сұраңыз. Оқушылардан осы мысалдарды суретке салып, сыныпта іліп қоюларын сұраңыз.

(Т) Оқушыларға топта келтірілген мысалдардың табиғатта және адам өмірінде қандай маңыздылығы бар екенін талқылап шығуды ұсыныңыз. Аяғында дөңгелек үстел ұйымдастырыңыз.

(Ұ) Оқушылармен бірге «Позицияңды қабылда» деген жаттығу өткізіңіздер. Оқушыларға пікірлерді оқи отыра, оқушылардан «Иә» не «Жоқ» позициясын қабылдап, дәлелдеуін сұраңыз.


Берілген тапсырманы «Галереяда тур» сыни ойлауды дамыту түрінде өткізіле алады.

Әрбір ықылас білдірген оқушының пікірін тыңдап шығу маңызды.


Оқушыларға еркін қозғалуды қамтамасыз етіп, кабинеттің әрбір соңында «Иә» және «Жоқ» деген тақташаларды орнатып қойыңыз.

Сурет салу жиынтығы
«Иә» және «Жоқ» деген тақташалар

Күш пен қозғалыс

1.2 Табиғатты тану әдістері



1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру




(Ұ) Оқушыларға келесі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:

  • Бір сызыққа тұрып, топпен бір фигураны салу, сосын сызық бойынша қозғалу

  • Балалар үдеріс кезінде қандай сызықты кескіндеді? Бұл сызықты траектория деп атайды.

(МК) Оқушылардан интерактивті ресурстарды көруді сұраңыз (қар, құм бетіндегі із). Оқушылармен іздер қозғалысының траекториясын талқылаңыздар.

(ОТ) Оқушыларға қағаз ұшақтар жасауды ұсыныңыз. Осыдан кейін бірнеше оқушы сыныпта не мектеп дәлізінде бастапқы позицияны ұстап, өздерінің ұшақтарын жібереді. Қалған балаларға ұшақтардың ұшу траекториясын бақылауды сұраңыз. Тақтада ұшырылған ұшақтардың қозғалысының әр түрлі траекториясын салыңыздар.



Мұғалім алдын-ала шеңберлер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, өзге сызықтар бейнеленген карточкалар дайындайды.

Бормен бір оқушының траекториясын да салуға болады.


Оқушыларда «траектория» ұғымы туралы ұғымдық аппаратын қалыптастыру қажет

Кеңістікте денелер қозғалысының әр түрлі траекториялары неге тәуелді екенін талқылаңыздар.


Шеңберлер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, өзге сызықтар бейнеленген карточкалар

Мультфильм «Маша мен аю. Сандаған аңдардың іздері» https://www.youtube.com/watch?v=rnm61GN2O8w

Ұшақ жасауға арналған қағаз парақтары (түрлі-түсті болғаны абзал)


5.1 Күш пен қозғалыс

1.2 Табиғатты тану әдістері




1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекторияларын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру


(МК) Оқушыларға көліктер қозғалысының траекториясы туралы бейне әнді көріп шығуға ұсыныс жасаңыз.
(МК) Қозғалыс траекторияларын суретте көрсете отыра, қалай зерттеудің жолдарын талқылаңыздар. Жол апаты орын алған кезде МАИ қызметкерлері уақиға барысын автокөлік қозғалысының траекториясын өлшеп табатынын оқушыларға мәлімдеңіздер.

(Т) Оқушыларға құмда, қарда, асфальта аяқ ізі бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Бұл сызықтардың қалай аталатынын талқылаңыздар. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

(Ө) Оқушыларға дене қозғалысының траекториясын бейнелеген өз суреттерін салуды ұсыныңыз.


Оқушыларды нысандар қозғалысының траеторияларын бақылау және сараптама арқылы зерттеуге ынталандыру маңызды.

Іс-әрекеттің бұл түрін экскурсия формасында өткізуге болады.


Әрбір оқушының өз суретін түсіндіріп өткені маңызды.

«Бағдаршам – оқытатын балалар тақпағы, көліктер туралы мультфильм»

https://www.youtube.com/watch?v=zU4qF1WbivY

Ойыншықтар, көліктер, ойыншық бағдаршамдар

Сурет салу жиынтығы






«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

3-тоқсан

4- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуі тиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.

Контекст

Оқушылар «Саяхат» ортақ тақырыбы аясында өз әлеміне немесе еліне қарағанда Жер планетасы туралы кең ауқымда біледі. Ғарышпен танысады. Жердің жасанды үлгісі мен бейнесін бейнелеудің тәсілдерін үйренеді. Кеңістік пен уақытты Жердегі өмір мен үдерістердің өту формасы ретінде білетін болады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға осы бөлімнің тілдік мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін, сыныпта ғылыми тілді пайдаланудың тілдік мақсатының мысалдар үлгісі төменде көрсетілген



Пән бойынша оқу мақсаты

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогке/жазуға қажетті тіркестер

Оқушылар:

  • астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттайтын болады

  • Жер пішінін сипаттап білетін болады

  • уақыт маңыздылығын түсіндіретін болады

Оқушылар:

  • ғарышты зерттеуде астрономияның рөлін талқылайды

  • Жер пішінінің өзіне тән ерекшеліктерін атайды

  • уақытты адамға берілген маңызды ресурс ретінде бағалау қажеттілігін талқылайды

Келесі терминдер мен сөз тіркестерін қамтиды:

  • астрономия, ғылым, астроном, жұлдыздар, галактика, шоқжұлдыздар, ғылым ретінде астрономияның даму тарихы

  • Ғаламшар, Жер, шар, ось, полюстар

  • уақыт, күн тәртібі, көп, аз, бәріне үлгеру, уақытты бағалау.

  • Мен астроном болғым келеді, себебі…

  • Астрономия – қызғылықты ғылым, өйткені…

  • Мені жұлдыздар қызықтырады, өйткені…

  • Жер ғаламшарының пішіні қандай?

  • Глобуста біздің елді қалай табуға болады?

  • Жердегі температура экваторға қашықтықтан алшақтығына орай өзгеретінінің сыры неде?

  • Уақыт деген не?

  • Өмірдің қай жерінде бізге уақытты бақылау керек?

  • «Уақыт алтыннан да қымбат» мағынасы нені білдіреді?

  • Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай?

Басқада тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар Жердің шар тәріздес екенін түсініп, осы білімдерін математикалық пішіндерге қатысты қолдана отырып, глобус пен жұмыс істеуді үйренеді. Сондай-ақ, олар біздің өміріміз үшін Жер атмосферасының маңыздылығын біледі. Жердің пішінін өзіне тән қасиеттерін атап, сипаттайды. Уақыттың маңыздылығын түсіндіреді және оны өлшейтін құралдарды атайды.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет