Жаратылыстану сауаттылығы



бет5/7
Дата21.10.2022
өлшемі1,74 Mb.
#154441
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жаратылыстану сауаттылы ы
ebdcf2d6-bd15-422f-98e3-e111e2703c29, English Plus gr 5 кл 1 четв поурочки, план, 1, swot, «География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған сп-emirsaba.org, « аза дебиеті» п нінен 2-то сан бойынша жиынты ба алау тапсыр, Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны (1)
Берілген ақпараттарды төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыздар.
Сұрақ 50: ЧАД КӨЛІ
Бүгінгі таңда Чад көлінің тереңдігі қандай?

  1. Екі метрге жуық

  2. Он бес метрге жуық

  3. Елу метрге жуық

  4. Ол туралы ақпарат жоқ.

Сұрақ 51: ЧАД КӨЛІ
Суреттегі графиктің бастапқы нүктесіне қай жыл сәйкес келеді?

Сұрақ 52: ЧАД КӨЛІ
Автор графиктегі бастапқы нүкте ретінде неге дәл осы жылды таңдады?


Сұрақ 53: ЧАД КӨЛІ
2-сурет келесілер туралы болжамдарға негізделген:

  1. Жартасқа салынған суреттерде бейнеленген жануарлар, оларды салған кезде Чад көлінің ауданында мекендеген.

  2. Жануарларды салған суретшілердің сурет салу техникасы жоғары болған.

  3. Жануарларды салған суретшілердің алыс қашықтықтарға саяхат жасай алатын мүмкіндігі болған.

  4. Жартасқа салынған суреттерде бейнеленген жануарларды қолға үйретуге қадамдар жасалмаған.

Сұрақ 54: ЧАД КӨЛІ
Бұл сұраққа жауап беру үшін 1 және 2-суреттерде берілген ақпаратты біріктіру керек.
Сахара шөліндегі жартасқа салынған суреттерден мүйізтұмсықтың, сусиырдың және жабайөгіздің жоғалуы орын алды:

  1. Соңғы Мұз дәуірінің басында

  2. Чад көлінің тереңдігі ең жоғары деңгейге жеткен кездегі кезеңнің ортасында.

  3. Чад көлінің деңгейі мың жылдан астам уақыт ішінде төмендеген соң.

  4. Үздіксіз қуаңшылық кезеңінің барысында.

№25-МӘТІН. ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖЕРІ: БУЭНОС-АЙРЕС
Сонымен, Патагония1, Чили және Парагвайдан ұшқан үш пошталық ұшақ оңтүстіктен, батыстан және солтүстіктен Буэнос-Айреске қайтып келе жатты. Еуропаға ұшақ түн ортасында ұшуы үшін олардың жүгін сол жерде күтіп отырды.
Баржа сияқты ауыр қозғалтқыштың картерінде үш ұшқыш түн ішінде адасып, өз ұшуларын орындап келе жатты, және үлкен қалаға жақындай түсе, өздерінің тауларынан түсіп келе жатқан шаруалар сияқты дауылды немесе тыныш аспаннан баяу төмендей бастады.
Бүкіл операция үшін жауапты Ривьер Буэнос-Айрестегі қону жолағында арлы-берлі жүрді. Ол барлық үш ұшақ жеткенге дейін үн қатпайды, күні бойы ол бір жаман нәрсені сезгендей болды. Минуттар өткен сайын, ол телеграмма алғаннан бірден Ривьер тағдырмен күреске түсіп, белгісіздікті жеңіп, өз экипажын түн жамылғысынан жағаға бағыттай бере, өз дегенін ала алатындығын түсіне бастады.
Ер адамдардың бірі радиохабарламаны жеткізу үшін Ривьердің жанына келді:
Чилиден шыққан пошталық ұшақ Буэнос-Айрестік оттарын көре алатындығын хабарлады.
Жақсы.
Осыдан біршама уақыт бұрын Ривьер бұл ұшақты ести алушы еді; су толқынының қабатымен жұтылған, қазынасы жағасына таяп қалған, осыншама ұзақ уақыт бойы сеңделген, тура теңіздей, қара түн өз құшағынан олардың бірін босата бастаған еді.
Осыдан кейін бұл күнделікті қарбалас жұмыс аяқталатын еді. Осыдан кейін орындарын жаңа экипаждар алмастырған, шаршаған экипаждар демалуға және ұйықтауға кетер еді. Алайда Ривьер тыныға алмас еді: Еуропадан келген пошта өз кезегінде оның күмәнін туғызар. Және бұл әрдайым осылай болар еді.
Әрдайым.
Дереккөз: Антуан де Сент-Экзюпери, VoldeNuit, © ÉditionsGallimard
1. Чили мен Аргентинаның оңтҥстік өңірі
Алдыңғы беттегі «Тағайындалған жері: Буэнос-Айрес» мәтініндегі көрсетілген ақпаратты төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыздар.
Сұрақ 83: ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖЕРІ: БУЭНОС-АЙРЕС
«Тағайындалған жері: Буэнос-Айрес» 1931 жылы жазылған болатын. Сіздер қалай ойлайсыздар, бүгінгі таңда Ривьердің қауіптенуі тура осындай болар ма еді? Өз жауабыңызды негіздеңіз.




Сұрақ 84: ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖЕРІ: БУЭНОС-АЙРЕС
Осы мәтіндегі басты кейіпкермен қандай оқиға болды? A. Оны жағымсыз тосын сый күтіп тұрды.

  1. Ол өз жұмыс орнын ауыстыруды шешеді.

  2. Ол бір нәрсе болады деп күтуде.

  3. Ол басқаларды тыңдауды үйренеді.

Сұрақ 85: ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖЕРІ: БУЭНОС-АЙРЕС
Соңынан басталған екінші абзацқа сәйкес («Осыдан біршама уақыт бұрын, ...») түн мен теңіз қандай түрде ұқсас болып бейнеленген?
Екеуі де олардың түбінде жатқанды жасырады.
Екеуі де шулы.
Екеуін де адамдар бағындырған. Екеуі де адамдар үшін қауіпті.
№26-МӘТІН. АФРИКАҒА САЯХАТ
ШОЛУ
Солтүстік Дракенсберг бойынша саяхаттау: Оңтүстік Африка
Сотүстік Дракенсберг бойынша сая- хатқа жоғары биіктікте Дракенсбергтің солтүстік құламасын кесіп өту табыла- ды. Ұзындығы шамамен 40 мильді (65 км) құрайтын маршрут Оңтҥстік Африка мен Лесото арасындағы шека- раны кесіп өтеді, және оны өтуге 5 күн қажет болады. Саяхатқа Тізбекті Саты- ға жақындаған сайын амфитеатрдан Шайтан тісіне дейінгі ғажайып көріністер, және көруге тұрарлық күннің шығуын Мпонуванеден бақылау сияқты көрікті жерлер кіреді. Басталуы: Паркинг Сентинель, Наталь Корольдік Ұлттық Саябағы.
Соңы: Касидрал Пик қонақ ҥйі.
Қиындығы мен биіктігі: Бұл аса алыстағы Дракенсберг қырқасының аймағына биік таулы серуендеу. Саяхаттау айтарлықтай ауыр және ұзақ болуы мүмкін. Қауіпсіз жүріп өту үшін бағдарлаудың жақсы машықтары өте маңызды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет