Жаратылыстану Тақырыбы



Дата31.05.2022
өлшемі4,74 Mb.
#145607
түріСабақ
Байланысты:
адам және өсімдіктер мен жануарлар1
intellektualnayaigraporusskomuyazyku

Жаратылыстану
Тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар.

Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру арқылы, олардың маңызын білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Тірі табиғатты қорғап, күтуге баулу, пәнге қызығушылығын ояту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Қолданылған әдіс - тәсіл: сәйкестендіру тесті, ой қозғау, сұрақ - жауап, тірек – сызба.

Көрнекіліктері: тірек - сызбалар, сөзжұмбақтар, мақал - мәтелдер.Слайд

Сабақтың барысы:



Амандасу, түгендеу.


«Менен сұрақ, сізден жауап»

1. Көбею дегеніміз не?( жануарлардың тіршілігін жалғастыруы, санының артуы, ұрпақ беруі)

2. Қандай жануарларды сүтқоректілер дейді? (сүтқоректілер балаларын сүтпен қоректендіреді)

3. Қандай жануарлар жұмыртқа салады?(жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтарғ құстар, бунақденелілер-жұмыртқа салады)

4. Бақалар мен балықтардың көбеюінде ұқсастық бар ма?(екеуінің де жұмыртқасы уылдырық деп аталады, екеуі де уылдырығын суға салады?)

5. Балықтар мен бақалар ұрпағына қамқорлық жасай ма? (қамқорлық жасамайды)

6. Қолтырауынның ұрпағына қамқорлығы туралы айтып бер. (Қолтырауын болса өте қамқор ата-ана екен. Ана қолтырауын жұмыртқасын құрғақ жерге салып, баласы оны жарып шыққанша бақылайды. Қолтырауын аузына салып алып суға жібереді. Сөйтіп есейгенше бақылайды).

Жаңа сабақты ұйымдастыру.



Балалар енді сіздердің топтарыныздын аттары осы ұғымдармен аталады. Адам тобы, Өсімдік тобы, Жануар тобы болып үш топқа бөлініп өткіземіз.

III. Жаңа білімді игеру кезеңі
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы осы ұғымдармен байланысты. Адам және өсімдіктер мен жануарлар деп аталады.

Мақсатымыз: Бүгінгі сабағымызда «Адам», «өсімдік», «жануарлар» деген ұғымдардың арасындағы байланысты, олардың қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.

№1 тапсырма.
Орталықтардың топ атауын қорғауы. Әр топ өздерімізің тобымыздың ағылшын және орыс тілінде қалай аталатынын еске түсіреміз



Балалар мына тапсырманы орындау арқылы біз өсімдік пен жануардың бір - біріне пайда келтіретінін, олардың адам үшін де маңызды екендігіне көз жеткіздік.


Енді келесі тапсырмаға көшейік.

ІV. Бекіту кезеңі





«Дәптермен жұмыс»



Әр топ оқушыларынан тапсырманы сұрау.


Жаңа сабақты бекіту.


"Сұрақ - жауап "


Сергіту сәті.

2 тапсырма



Сәйкестендіру










Мұғалімнің қорытындылауы: Тірі табиғат –> адам –> өсімдік –> жануар
Балалар қане, тақтадағы мына сызбаға назар аударайық. Мына ұғымдардың арасына қойылған бағдаршалар нені көрсетіп тұр? Біз үшеуінің тығыз байланыста болатындығын көреміз. Осы үшеуіне де ортақ белгілер бар ма? Ойланып көрейікші?
1. Үшеуі де тірі ағза, тірі табиғаттың бөлігі.
2. Үшеуіне де ауа, су, қорек, жылу, жарық қажет.
3. Үшеуі бір – бірімен тығыз байланысты, табиғатта тепе - теңдікті сақтайды.
Табиғатта басы артық тіршілік иесі болмайды, әрқайсысының өз орны бар. Біз сендермен өсімдік пен жануардың бір – біріне, адамға қандай пайдасы бар екендігін білдік. Ал біз адамдар оларға қандай көмек келтіре аламыз, олар бізден не күтеді?
( Өсімдік пен жануар адамнан қамқорлық, құрмет, мейірімділік, жанашырлық күтеді)


V. Бағалау.










Мекенін тап
Ара апан
Аю ара ұясы
Бұлбұл ат қора
Жылқы ұя
Түлкі кетек
Әтеш ін
Өнімдерін ата

Шұбат ешкі


Қымыз түйе
Түбіт қой
Ірімшік бие
Жұмыртқа сиыр
Жүн тауық
Қорегін тап
Тауық сәбіз
Аю тары
Тиін жапырақ
Құрт жаңғақ
Қоян алма
Кірпі балық

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет