Жаратылыстану


ОҚУ САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИЯЛЫ



бет64/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#82274
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Жаратылыстану
қоза баптау жүйесі кітабі (1), қоза баптау жүйесі кітабі (1)
12.ОҚУ САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИЯЛЫ
ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАР.
жоспарланбаған


13.АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ТІЗІМІ.
жоспарланбаған


Жаратылыстану негіздері пәні бойынша глоссарий

  1. Жаратылыстану – табиғат туралы ғылымдар жүйесі.

  2. Дәл жаратылыстану – бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым).

  3. Ғылымның дифференциясы-қайсы бір ғылымның тар салаларын жасау.

  4. Ғылымның интеграциясы – күрделі ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты ғылымдардың жақындасуы мен байланысы.

  5. Парадигма – осы күнгі типтік немесе базалық схема, мәселелерді қоя білу мен шешу үлгісі.

  6. Астрономиялық өлшем – аспан денелерінің арасындағы қашықтықты өлшеу бірлігі. Ол Жер мен Күннің арақашықтығының орташа шамасына тең – 150 млн шақырым. Галактика- жүздеген миллиард жұлдыздардан және ондаған немесе жүздеген мың жарық жылдарына тең диаметрі үлкен жұлдызды жүйелер.

  7. Мегамир – астрономиялық зерттеу жасауға мүмкіншілік бар жалпы Бүкіләлемнің материалдың үлкен бір бөлігі.

  8. Макромир-адам өмір сүріп, іс-әрекет жасайтын және өзінің сезім мүшелері арқылы танымды қабылдайтын жалпы әлемнің бөлігі.

  9. Микромир- адам өзінің тікелей байқауы арқылы таным жасай алмайтын жалпы әлемнің бөлігі.

  10. Геомоцентризм - Әлемнің ортасында Күннің тұратынын, ал жұлдыздардың оны айналып жүретінін сипаттайтын концепция.

  11. Геоцентризм - Әлемнің ортасында Жер тұрғанын, ал Күнмен жұлдыздардың оны айналып жүретінін сипаттайтын концепция.

  12. Геоид – мұхит суының тыныштық қалыптағы орта деңгейінің бетіне сәйкес келіп, құрлықтардың әр нүктеде тік сызықтық бағытын 90º пен қиып өтетіндей ойша жүргізлетін жердің математикалық фигурасының аты.

  13. Синергетика – табиғаты әр түрлі кіші жүйелерден тұратын үлкен жүйелер туралы ғылым жәй жүйелердің өзін-өзі құру мен хаостан үйлесімді жүйенің орнығуы туралы ғылым.

  14. Синергизм - өзара әсер ету, бір-біріне ықпал жасау.

  15. Өзін-өзі құру – бір текті ортада белгілі бір үйлесімділіктің, пайда болып, оның құрылымының әрі қарай дамып, күрделіне түсуі.

  16. Ашық жүйелер – қоршаған ортамен заттармен энергиямен және информациямен алмасып тұратын жүйелер.

  17. Бифуркация –(лат)-жүйе дамуының көрсететін графиктің белгілі бір нүктесіндегі екілену (жан-жаққа тарау).

  18. Адрондар – күшті әрекеттесуге қатысатын бөлшектердің жалпы аты.

  19. Атом-ядро мен электрон қабатынан тұратын микроәлемнің құрылымдық элементі.

  20. Квант – қандай да бір бөлшектің бөлінбейтін порциясы.

  21. Масса – дене инерциясы мен оның гравитациялық қасиеттерінің сипаты.

  22. Термодинамикалық әдістер – бұлар реакцияның химиялық тепе-теңдігінің ауысуына ықпал ететін әдістер.

  23. Кинетикалық әдістер – бұлар реакцияның жүру жылдамдығына ықпал жасайтын әдістер.

  24. Гендер мутациясы - өте күшті сыртқы әсердің нәтижесінен нақты хромосомадағы гендердің тікелей өзгеру механизмі

  25. Ноосфера – ғаламшарымызбен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігі.

  26. Ғылыми мектеп - өз ортасында сыйлылығы жоғары ғалым басқаратын белгілі бір ғылыми бағыты бар ғалымдар тобы.

  27. Білім – тәжірибемен дәлелденген танымның нәтижелері, ғылыми шешімдер.

  28. Табиғат – 1) өзінің көріністерінің шексіз әртүрлілігімен байқалатын бізді қоршаған орта; 2) Жаратылыстанудың зерттеу обьектісі; 3) Адамзат қоғамының табиғи өмір сүру орталығының жиынтығы; 4) Заттардың мағнасы (фил).

  29. Мәдениет – адамның іс-әрекетін, жүріс тұрысы мен қарым-қатнасын бағыттайтын және адамзаттық іс-әрекетінің әр түрлі жоғарғы жетістіктерімен көрінетін қоғамдық маңызды ақпарат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет