Өлеңті орта мектебінің 2015-2016 оқу жылында «Жас маман» мектебінің атқаратын жұмыс жоспары.
Мақсаты: Жас мамандарға педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша практикалық көмек беру арқылы кәсіби түрғыдан сәтті қалыптастыру
Міндеттері:
Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
Оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түр мен әдістерді қолдануын қалыптастыру;
Нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;
Жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау;
Жұмыс түрі:
Теория бойынша сөз сөйлеу;
Психологпен, тәжірибелі ұстаздармен, оқу ісінің орынбасарымен кездесу;
Ашық сабақтар(мастер-класс), психологиялық тренингтер;
Мақсаты: Жас мамандарға бағыт- бағдар беру және методикалық көмек беру арқылы оларды ұстаз қатарына қосу.
1.Педагогикалық ұжымның зерттеп отырған проблемалы тақырыбы, жұмыс бағыттары, оны шешу мүмкіндіктерімен таныстыру.
2.Жас мамандар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру.
3. Оқу жоспары-бағдарлама күнтізбелік жоспар. Сабақтың -білімділік, дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын түсіндіру.
4. Нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді меңгерту.
қыркүйек
Мектеп мүшелері
Тәлімгер ұстаздар
2-отырыс
Мақсаты: Жас маманның кәсіби біліктілігін дамыту, сабақтарына қатысу, тәлімгер ұстазының сабағына қатыстыру.
1.«Озат тәжірибе» мектеп мүшелерінің сабақтарына ену.
2.Өз білімін жетілдіру жоспарын құру.
3.Тәлімгерді жас маманның сабағына қатыстыру.
4. Жас маманның психологиялық біліктілігін арттыру, оқушылармен байланысын зерттеу.
5. «Нәтижеге бағдарланған білім берудегі оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялар» семинар
6. Үлгерімі төмен және қиын балармен жұмыс жүргізу әдістемесі.
желтоқсан
Мектеп мүшелері
Тәлімгер ұстаздар
3-отырыс
Мақсаты: «Ақыл жастан, Асыл тастан» жас мамандардың педагогикалық шеберлігін, белсенділігін дәлелдеу.
1.Жас мамандарды мектепішілік қоғамдық жұмыстарға тарту.
2.Педагогикалық, психологиялық міндеттер мен проблемалық ситуацияларды шешу жолдары.
«Мұғалім маманы ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім?» семинар.
3.Педагогикалық танымдық шеберліктерін шыңдау.
наурыз
Мектеп мүшелері
Тәлімгер ұстаздар
4-отырыс
Мақсаты: Жас мамандардың психологиялық біліктілігі, оқушылармен байланысының нәтижесі.
1.Жас мамандардың сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы. (Ашық сабақтар)
2.Әрбір жас маманға тәлімгер ұстазының есебі және жас маманның бір жылдық есебі. Біліміңе әдісіңді серік ет.«Талантты ұстаз- дарынды балаларға» сайыс. Қортынды кеш.