Жас психологқа 10 кеңес


Қарым –қатынас құру ерекшеліктері туралы айтсақ



бет8/8
Дата11.12.2021
өлшемі23,65 Kb.
#99579
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жас психологке он кеңес!

9. Қарым –қатынас құру ерекшеліктері туралы айтсақ:

а) Психолог және балабақша әкімшілігі.

«Сіз кімге бағынасың?», т.б. сауалдар мен көлденең барып кел, алып кел деген жұмыстарды үйіп-төгу сіздің қарым-қатынасыңды қиындатуы мүмкін. Не істеу керек? Өзіңіздің қызметтік міндетіңіз жайлы Ережені мұқият оқып шығып және оны пайдаланыңыз!



б) Психолог және педагогтар ұжымы.

Бұл қарым-қатынастың негізі – тең құқылы серіктестік болуы керек. Өйткені, олардың (психологтың да мұғалімнің де) «илегені бір пұшпақ» дегендей, мақсат ортақ –ол баланың жақсы жағдайда дамуы.

Мұғалімнің тәжірибесін, ақылын, жасын сыйлап, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қана өз жемісін берері анық. Ұжымда әрқашан да психологтың жұмысына ат салысатын, көмектесетін адам табылады, соларға арқа сүйеңіз.

в) Психолог және балалар

Ашық-жарқындылығың, әдемі жымиуың, шынайылық, қиын жағдайаттардан оңтайлы жол тауып шыға білу- осының бәрі сіздің беделіңді құрайды.

Өзіңді ұстау әдебіңіз, баланы зерттеуге қалай шақыратыныңыз, баламен сөйлесуіңіз, коридорда қалай жүретініңіз, балалардың қасақана жасаған «тексерулеріне» сіздің реакцияңыз, балалардың агрессиясына жауабың да сізді сынайды.

Сөз соңында ескертерім, сіздің кабинетіңніңіздің есігі барлық уақытта дерлік ашық болу керек, әрине, тек кеңес беру, не зерттеу жүргізіліп жатқанда есікті жабу керек болады. Балалармен үнемі қарым-қатынаста болыңыз!. Олардан сондай жақсы энергия алуға болады, әрі оларды ойын кезінде бақылау көптеген мәлімет береді.


Мен сізге ТАБЫС тілеймін, Сізден жақсы педагог-психолог шығуына тілектеспін Жас маман!
Ізгі тілекпен Айжамал Керимбековна

«Астана дарыны» ДДж ПС орталығы Психологиялық кызмет бөлімінің психологы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет