«Жасауыл қырғыны» дастаны: нұсқалары мен тарихилығы Қазақ фольклорында XIX ғасырдың орта шенінде орын алған «Жасауыл қырғыны»


Key words: variant, genre, poem, phenomenon, struggle, akyn, image, folklore, author. Бисенбаев П., Карибозов Е



бет2/3
Дата05.12.2023
өлшемі24,37 Kb.
#195245
1   2   3
Байланысты:
sciPaper87335

Key words: variant, genre, poem, phenomenon, struggle, akyn, image, folklore, author.
Бисенбаев П., Карибозов Е
Дастан «Смерть есаула»: варианты и историзм
В казахском фольклоре в середине XIX века имели место различные песни-сказания об исторических событиях, отраженных в жыре «Смерть есаула». Они известны в нескольких вариантах. Автор статьи говорит о двух вариантах, исполненных Нурханом Ахметбековым. Эти варианты имеют отношение к той исторической действительности времени Кенесары и получили благодаря своему идейному содержанию большое распространение в казахском народе. Вместе с тем, автор статьи не оставляет без внимания и проблемы исследования фольклорно-исторических образцов, повествующих о хане Кенесары и Наурызбае батыре. Известно, что в период правления советской власти было запрещено опубликовывать произведения, имеющие отношение к эпохе Кенесары. В то же время из печати неоднократно выходили произведения, очерняющие хана Кенесары и само произведение «Смерть есаула». Так, например, акын-исполнитель обвиняет хана Кенесары в смерти ни в чем не повинного бия из рода жаппас Алтыбая Кобекова. Опираясь на архивные документы, автор статьи опровергает подобные события, не имеющие никакого отношения к личности хана Кенесары.
Ключевые слова: вариант, жанр, поэма, явление, борьба, акын, образ, фольклор, автор.
Кенесары-Наурызбайдың ел тәуелсізідігі жолындағы күресі, азаматтық
бітім-болмысы бейнеленетін тарихи-фольклорлық үлгілердің мазмұнымен үйлеспейтін, керісінше, олардың қатыгездігін, елге жасаған зорлығын әшкерелеуге бағышталған тарихи шығармалар да ұшырасады. Мұндай туындыларда халық қадірлеген тарихи тұлғалардың міні баса көрсетіліп, ақынға жақын ортаның би-мырзасы ел ұстаған батыр деңгейінде дәріптеледі. Белгілі ақын Нұрхан Ахметбеков жырлаған «Жасауыл қырғыны» – дәл осындай шығарма.
«Жасауыл қырғыны» туралы аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар халық арасына XIX ғасырдың елуінші жылдары тарала бастады. Бұл оқиғаны алғаш айтушылардың бірі хан Кененің көзін көрген арғын ішіндегі Орман деген кісі екен. Орманнан соң оның баласы Өтеу де осы хикаяны таратушылар қатарынан табылыпты. Нұрхан Ахметбеков кейін Орманнан қалған әлгі әңгімені қайта жаңғыртып, көлемді дастанға айналдырып жырлайды. Жыр шамамен 1926 жылдары хатқа түсіп, 1936 жылдары Орталық кітапхананың қолжазба қорына өткен.
1930 жылдардың соңына қарай, Ұлы Отан соғысының қарсаңында, Кенесары қозғалысының халықтық сипатын айқындап, азатшыл бағыттағы көтеріліс деп баға берген мақалалар жариялана бастады. Осы кезеңде Кенесары туралы тарихи-фольклорлық үлгілер зерттеу объектісіне айналып, біраз туындылар мектеп оқулықтарына да енген болатын. Содан соң Қ.Бекхожин, Ә. Сәрсенбаев, Е.Ысмайылов сынды қаламгерлер Кенесары-Наурызбай жайындағы тарихи жырлар мен түрлі жанрдағы фольклорлық шығармаларды топтастырып, көлемді жинақ құрастырды. Бір өкініштісі, олар дайындаған жинақ әлі күнге жеке кітап қалпында жарық көрген жоқ. Нұрхан Ахметбеков жырлаған «Жасауыл қырғынының» алғашқы нұсқасы идеялық мазмұны үйлеспегендіктен, ол топтамаға енбей қалған тұғын. Содан бері жырдың бұл нұсқасы да баспасөз бетінде жарияланған емес. Соғыстан кейін коммунистік партия өзінің идеологиялық саясатын күшейте бастады, соғыс алдындағы, соғыс кезіндегі бұра тартуларды түзеуге көшті. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала басып, «ұлтшылдық қателер үшін» әдебиетшілер мен тарихшыларды сынға алды. 1951 жылдың сәуір айында, Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы партия ұйымының ашық жиналысында, Орталық Комитеттің осы мақала жөніндегі қаулысы талқыланды. Жиналыс барысында сөйленген сөздер «Кенесары – халықтың қас жауы» деген атпен «Әдебиет және исскуство» журналының мамыр айындағы санында жарияланды. Е.Бекмаханов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов сынды ғалымдар халық жауы ретінде тұтқындалып, 25 жылға сотталды. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев бастаған біраз ғалымдар қызметтерінен босап қалды. «Мұндай қуғындар мен асыра сілтеулер Коммунистік партияның жергілікті ұлттарға сенбеуінен, олардың ұлттық мүдделерімен есептеспей, күштеп ұстау саясатынан туындаған еді. Ұлттық интеллигенцияға артында бақылаушы барын мезгіл-мезгіл ескертіп қойып отырды, оны қорқытып ұстауға тырысты»[1,87-88].
Осындай аласапыран уақытта ел аузына іліккен, мақтау-марапатқа ие болған жалғыз шығарма Нұрхан Ахметбековтің «Жасауыл қырғыны» поэмасы еді. Бұл жоғарыда сөз болған «Жасауыл қырғынының» түбегейлі өзгерген, қайта жазылған үлгісі-тұғын. Жырдың көп өзгеріске түсуіне сол кездегі идеология саласындағы қызметкерлердің ықпалы зор болған сияқты. Өйткені соңғы нұсқада Кенесарыны қаралайтын эпизодтар молайып, қоюлана түскен. Сонымен, «Жасауыл қырғыны» айтыс додасында жүріп, «Торғайдың топжарғаны» атанған, «Қарға», «Есім сері», «Қамарлы заман», «Амангелді» дастандарын шығарған Нұрханның ақындық жолындағы үлкен бір белес саналды. Осы шығармасы үшін ақынға Қазақ ССР Министрлер Советінің Жамбыл атындағы сыйлығы берілді.
«Жасауыл қырғыны» поэмасының екі нұсқасы да хан Кене мен оның жорықтас серіктерін қаралаудан басталады. «Хан Кененің әкесі Қасым қолына қан ұстап туып, қанқұмар болыпты,оның төңірегіндегілер жан-жақтан қашып қосылған ұры-қары екен»,- дейді бастапқы нұсқада. Бұл нұсқаның кіріспе бөлімі елу екі жолдан аспайды. Осы кіріспе екінші нұсқада толықтырылып, 552 жолға жеткен. Жыр қайталау, эпитеттер есебінен басқа «Алтыбай қазасы» сөз болатын эпизодтың қосылуымен ұлғайған. Бастапқы нұсқада аттары аталмайтын Кенесары батырлары Бұқарбай, Құрман, Шәкірлерге мінездеме беріліп, түгелдей қарақшылар санатына қосылған.
Қазақ әдебиетінде хан-сұлтандарды, соның ішінде Кенесарының қатыгездігін айтып, халыққа қарсы қоятын туынды жалғыз «Жасауыл қырғыны» ғана емес, мәселен, Сәкен Сейфуллин «Көкшетауында» мынадай жолдар бар:
Қасым хан туғаннан-ақ қанға құмар,
Дірілдеп өлім күткен жанға құмар.
Анадан қан уыстап туған мұндар,
Қан ұрттап жүрсе ғана көңілі тынар.
Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасында:
Баласы Абылайдың Кене ме екен,
Сорыма Құдай айдап келген екен.
Нашардың қанын сорып, жанын жеген,
Хан емес, қара қабан деген екен.
Бұлардың жүрген жері бүлік екен,
Қансорғыш, қаралардың сүлігі екен, – деп бейнеленеді.
Жоғарыдағы жыр шумақтарынан үстем тап өкілдері мен бұқара халықтың арасына қытай қорғанын орнатқан уақыттың шындығы көрінеді. Сонымен бірге бұл шығармаларда ақындардың ел билеуші өктем жандардың жинақталған бейнесін сомдау амалдары байқалады. Ал «Жасауыл қырғынындағы» жағдай бұдан басқаша. Жыр желісінен Жанғабыл Төлегеновті әспеттейтін ортаның осы оқиғаға көзқарасын аңғаруға болады. Олар «Жасауыл қырғыны» әңгімесін таратып, насихаттаумен қатар, Кенесары туралы шығармаларға да түзету енгізген. Мәселен, 1923 жылы Халел Досмұхамедов жариялаған «Кенесары-Наурызбай» жырының Жүсіпбек Басығарин нұсқасында шығарманың идеялық мазмұнымен мүлде үйлеспейтін:
Қашқан-пысқан жыиылып,
Өз алдына қол болды...
Жұртқа тиіп кесірі
Әркімдерге сор болды.
Қырғызға барып қырылып,
Ит пен құсқа жем болды, – деген жолдар кездеседі. Бұл нұсқаны Жаппас ішіндегі сумұрын Ораз ақынға жырлатып, әйгілі шығармаға түзету енгізіп жүрген Жүсіпбек Басығарин - хорунжий Алтыбай Көбековтің туған немересі, «Жасауыл қырғынындағы» басты қаһарман Жанғабыл Төлегеновтің жақын туысы.Жүсіпбек ол аз болғандай, осы кітаптың соңына «Кенесары-Наурызбайға қосымша» деп айдар тағып, Жанғабыл ағам Алтыбайды өлтірген Кенесарыдан кек қайтарды, 100 адамын өлтірді, ханды қуалап қырғыз асырып жіберді деп мақтанады. Он үш жыл болыс болғанда, «бірінші болыс» атандым дейді Жүсіпбек. Нысанбай жырын өңдеп ,өзгертуге тырысқан Басығариннің Жанғабыл туралы туындылардың кеңірек таралуына мүдделі екені рас. Қалижан Бекхожин «Жасауыл қырған» атымен мәлім болған алғашқы нұсқаның бірінші бетіне бұл поэманы халық жауы Жүсіпбек Басығарин шығарғанға ұқсайды деп жазыпты. Ақын ағамыз жырды тудырушы Нұрхан болғанымен, жырлатып отырған Жүсіпбек деген ойын ортаға салып отырғандай көрінеді. Біз де жырдың Алтыбай, Жанғабыл ұрпақтарының қолдауымен дүниеге келуі мүмкін деген болжамға қол қоямыз.
Ал енді «Жасауыл қырғыны» поэмасының екінші нұсқасында кеңінен баяндалатын Алтыбай әңгімесіне көшелік. Хан Кене Арқа қазақтарының басын құрап жиын ашады. «Ендігі үш жүздің баласы менің иелігімде, орыстан алыс қоныңдар! Ақылдасым - Қоқан үкіметі, ішер асым, мінер атым мына сендерсіңдер!» - дейді. Хан Кененің бұл сөзін жаратпаған Алтыбай би Сыр бойына көшіп кетпек болып қамданып жатқанда, хан Кенеге «Алтыбай сізді даттап жүр!» деген хабар жетеді. Хан Кененің тапсырумен Наурызбай бастаған жасауылдар бидің ауылын шауып алады. Осы жерде Наурызбайдың бір сәбиді анасының бауырынан жұлып алып, найзаға шаншып көкке көтергені, оның нөкерлерінің ел-жұртты аяусыз тонағаны біраз сөз болады. Сонымен бірге Өске деген ақынның Кенесарыны келеке етіп шығарған өлеңі үшін Балғожа бидің де шапқыншылыққа ұшырағаны айтылған. Әрі қарай Наурызбай Алтыбай бидің қол-аяғын байлап, Кенесарының алдына алып келеді. Хан Кене оны «халықтың ортасына алып шығып өртеңдер!» - деп бұйырады. Алтыбай жалындап жанып жатып, «Жанғабыл! Жанғабыл! Жанғабыл!» деп үш рет айқайлайды. Алтыбайдың өлімін көзі көрген жұрт хан Кенеге қарғыс айтып, теріс айналады.
Нұрхан Ахметбековтің Алтыбай бидің қазасына қатысы бар осы оқиғаны ойдан шығармағаны көрініп тұр. Себебі фольклорлық туындыларда, Омар Шипиннің «Жеті батырдың тарихы» атты жазбасында, Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ әдебиетінің тарихындағы» мақаласында, тіпті Е.Бекмахановтың монографиялық еңбектерінде де Алтыбай биді Кенесарының өлтіргені айтылған. Бірақ ол еңбектерде Алтыбайды не үшін өлтіргені жұмбақ боп қала береді. Орынбор Шекара комиссиясының 1843 жылғы есебінде Алтыбай бидің Кенесары орналасқан өлкеге ойламаған жерден тап болғаны, сол кезде Кенесарының хорунжий Алтыбай Көбековті өз ауылына шақырып, қатігездікпен өлтіргені сипатталады. Кенесары алдымен оның аяғын шабуға, сосын қолын, әрі қарай өртеп денесін масқаралауға бұйрық беріпті дейді. Мұнда да Кенесарының Алтыбайды ненде й күнәсі үшін өлтіргені көрсетілмеген. Жалпы, архив деректеріндегі орыс офицерлері мен олардың жансыздары жазған мәліметтерде хан Кененің патша заңына қайшы қылмыстары, толып жатқан күнәсі тізіледі. Ал Кенесары ханның Орынбор және Сібір губернаторлығына жазған хаттарында орыс жазалаушы отрядтарының қазақ ауылдарына жасаған қанқұйлы жорықтарының нәтижесі көрініс тапқан.
Дәп осылай Алтыбай Көбековтің қазасына хан Кенені айыптайтын архив деректері де бар. Олар негізінен патша үкіметіне иек арта отырып, Кенесарының күнәсін көбейтіп, әрқандай жолмен кек қайтаруды ойластырған топтардың арызы болып келеді. Сондықтан Кенесары Қасымұлының 1844 жылдың 11 қазанында Орынбор шекара комиссиясының председателіне өз істерінің дұрыстығын білдіріп жазған арызындағы мына жолдарға назар аударайық. Онда былай деп көрсетілген: «Жаппас руынан Көбек ұғлы Алтыбай Қоқанмен бірге бас қосып, шөмекей тайпасы сарқасқа руының Сарман биін өлтіріп еді. Мұның бағытында шөмекей тайпасы Алтыбай бидің ауылдарын шауып, өзін өлтіріпті. Осы айтылған сөздерден сіздің көңіліңізге күмән келеді-дүр. Мұнша істерді өзі қылып, басқа адамдарға айтар-дүр деп.Бұл айтылған істердің растығына әуелі Құдай, ақыры қазақ жұртының әрбір жақсыларына мағлұм-дүр. Бұл барған молла Баймұханбет Иманшаұғлы бұл істерді көзі көрмесе де, құлағы естіген-дүр»[2,43]. Басқа деректерде де шөмекей Сарман бидің қоқандықтардың қолынан қаза тапқаны айтылады[3,222] Ал Жанғабылдың ерлігін, Наурызбай нөкерлерінің қазасын таратып баяндайтын Шалжанұлы Ақайдардың Әдебиет және өнер институтында сақталған қолжазбасындағы деректер де Алтыбайды шөмекейлердің өлтіргенін растайды [4,5]
Демек, хан Кененің сөзі өмір шындығынан алшақ емес. Кенесарыны айыптаушы топтардың тіреп айтар уәжі – шөмекейлердің ханды қолдаған рулардың санатынан табылуы . Ал енді Кенесарыны қарақшылар қатарына қосып, оның серіктерін ұры қылғанда, Алтыбай қазасы үшін ханға кінә артқанда жырдың ұтары бар ма? Дәстүрлі тарихи жырлардың басым бөлігінде тыныш жатқан елдің берекесін алып, қалың қазақты қанға бөктіретін жаудың аямасқа бекіген іс-әрекеттері сипатталатын.Басты кейіпкердің әрі қарайғы амалдарына себеп болатын да осы оқиға-тұғын. «Жасауыл қырғыны» туындысының авторы да Кенесарыны өз халқына қасірет тарттырған жау кейпіне көшіре отырып, Жанғабыл Төлегеновтің кейінгі атқарар істерін ақтамақ болады. Бірінші тараудағы Наурызбайдың баланы найзаға шанышқаны, Алтыбайдың отқа өртенуі, т.б. шындыққа жанаспайтын детальдар қандастарын қанға бөктірген Жанғабылды батыр дәрежесіне көтеру үшін ғана қажет. Ақын болған оқиғаға отарлаушы жұрттың дүрбісімен қарай отырып, оқырман қауымды өз ұстанымының дұрыстығына сендірмек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет