Жасыл революция 20 ғасырда өсімдік шаруашылығында маңызды рөл


Аудандастырылған жері: Алматы, Қостанай облыстарында өсіру үшін.  Сортты Мемлекеттік тізілімге енгізу жылы: 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата18.07.2023
өлшемі0,55 Mb.
#179496
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
антиплагиятқа Арайлым 3

 
Аудандастырылған жері: Алматы, Қостанай облыстарында өсіру үшін. 
Сортты Мемлекеттік тізілімге енгізу жылы: 2016 жыл. 
 
 4.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
 
4.1 Жаздық бидай тозаңқаптарын залалсыздандыру. 
 
Биотехнологиялық зертханасының құрлымы: бірнеше бөліктерден тұрады. 
Қоректік орта жасауға арналған бөлмелер, алынған эксперименттерді өсіруге 
арналған бөлмелер,зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған бөлмелер, 
эксперименттерді сақтауға, өсіруге арналған бөлмелер сияқты бірнеше 
құрлымнан тұрады. Биотехнологиялық зертхана аранйы жарықпен, ауамен, 
жылумен қамтамасыз етілулері тиіс. Өсіру бөлмесінің температурасын, әдетте, 


21 
температураны ұстап тұру үшін кондиционерді немесе ыстық желдеткіштерді 
қолдану арқылы реттеу керек. 25±2 градус. Егер жоғары немесе төмен 
температура қажет болса, флуоресцентті лампалары бар инкубаторды
қолдануға болады.
Лампларды өсіру алаңынан тыс кез келген ыңғайлы және қауіпсіз жерге 
орнату керек.
Өсімдік тіндерінің культурасы жарықтың белгілі бір мөлшерін 
қажет етеді, дегенмен, кейбір эксперименттер диффузиялық жарықта жасалуы 
керек, ал басқалары толық қараңғылық жағдайларын қажет етеді. Жарық көзін 
автоматты таймер арқылы басқаруға болады.
Құрал–саймандар: 
Өте таза жұмыс үстелі өсімдік тіндерін өсіру 
зертханасындағы негізгі құрылғылардың бірі болып табылады және стерильді 
операциялар үшін қажет.Бастапқы сүзу үшін орталықтан тепкіш желдеткіш 
статикалық қысым камерасына басылады, содан кейін жоғары тиімді ауа сүзгісі 
жұқа сүзгіден өтеді, осылайша таза ауа ағынын жібереді. 

Жұмысқа қолданылатын барлық ыдыстарды алдымен ұнтақ сабын


ертіндісінде ұқыпты жуып, соңынан ауыз сумен бірнеше қайтара шайқайды 
да, екі-үш мәрте дистилденген сумен шайқап, температурасы 100-130 ыстықта
кептіргіш шкафтарда кептіреді. Таза ыдыстардың және басқада материалдарды 
дәке, тығын, мақта, сүзгіш қағаз, калька, пергамент, крафт қағазға орап 2 сағат 
бойы құрғатқыш шкафтың температурасы қажетті деңгейге жеткеннен бастап 
160
градуста құрғақ ыстықпен зарарсыздандырады немесе ыстық бумен 
автоклав арқылы 2 атм. қысымда, 120 температурада, 25-30 мин. бойы 
аспаптарды тек құрғатқыш шкафтарда 160
температурада, 2 сағат бойы 
зарарсыздандырады. Шприцтерді, инелерді, тығын тескіштерді дистилденген 
суда қайнату арқылы зарарсыздандырған тиімді болып табылады. Қоректік 
орта құрамында термолабильді кейбір гормондар, витаминдер, амин 
қышқылдары т.б. қосылыстар болса, зарарсыздандырудың салқын тәсілін 
қолданады, ол үшін осы ерітіндіні саңылаулар диаметрі 0,45 мкм болатын 
зарарсыздандырылған бактериялық сүзгілерден өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет