Өңдіріс шығарындыларын бақылау құралдары. Шаңды-газды тазалау қызметінің принциптері және конструкциясы



Дата21.10.2022
өлшемі0,58 Mb.
#154245
Байланысты:
Өңдіріс шығарын-WPS Office
ӘНХ 2021-2022, химия эсе, kor7

Өңдіріс шығарындыларын бақылау құралдары. Шаңды-газды тазалау қызметінің принциптері және конструкциясы

Рысбекова Мерей

Өнеркәсіп шаңдары олардың қалыптасу механизміне байланысты келесі төрт классқа бөлінеді: механикалық шаң - технологиялық процесс кезінде өнімді майдалау нәтижесінде түзіледі; айналдырғыш - технологиялық аппарат, қондырғы немесе агрегат арқылы өткізетін газды салқындату кезінде заттар буларының көлемді конденсациясы нәтижесінде түзіледі; ұшатын күл - түтінді газда ұшпалы күйдегі отынның жанбай қалған қалдығы, жағу кезінде оның минералдық қоспаларынан түзіледі; өнеркәсіптік күйе - өнеркәсіптік шығарындылар құрамына кіретін қатты жоғары дисперсті көміртегі, толық жанбаған кезде немесе көмірсутектердің термиялық ыдырау кезінде түзіледі.

Ауаның антропогендік аэрозолды ластануларының негізгі көздері жоғары күлді көмірді тұтынатын жылу электр станциялары (ЖЭС), кең байыту фабрикалары, металлургия, цемент, магнезит және басқа да зауыттар болып табылады. Осы көздердің аэрозолды түйіршіктері үлкен химиялық әртүрлілікпен ерекшеленеді. Көп жағдайларда, олардың құрамында кремний, кальций және көміртегі қосылыстары, сирек - металл оксидтері, темір, магний, марганец, мырыш, мыс, никель, қорғасын, сурьма, висмут, селен, мышьяк, бериллий, кадмий, хром, кобальт, молибден, сондай-ақ асбест табылады.

Алифаттық және хош иісті көмірсутектерден тұратын органикалық шаңдарға, қышқыл тұздарына тағы көптеген түрлілік тән. Ол мұнайды қайта өңдеу, мұнай-химия зауыттарында және басқа да ұқсас кәсіпорындарда пиролиз процесінде қалдық мұнай өнімдерін жандыру кезінде пайда болады.

Ауадан жүзбелі түйіршіктерді алудың барлық процестері, әдетте, екі операциядан тұрады: құрғақ немесе ылғалды беттерде шаң түйіршіктерінің немесе сұйық тамшыларының тұнуы және тұнған беттерден тұнбаларды алып тастау. Негізгі операция тұндыру болып табылады, сол бойынша барлық шаң ұстағыштар жіктеледі. Бірақ та екінші операция, айқын қарапайымдылығына қарамастан, көбінесе тазарту тиімділігіне немесе сол немесе басқа әдісті қолдануда шешуші әсер ететін, бірқатар техникалық қиындықтарды басып өтуімен байланысты.

Құрғақ шаң ұстағыштарға мыналар, онда шаңнан қозғалатын ауаны тазарту ауырлық және инерция күштерінің әсерінен механикалық түрде жүретін шаң ұстағыштар жатады. Бұл жүйелер инерционды деп аталады, себебі онда газ ағынының қозғалыс бағытын күрт өзгерткен кезде шаң түйіршіктері, инерция бойынша өздерінің бағытын сақтай отырып, бетке соқтығысады, өздерінің энергиясын жоғалтады және гравитациялық күштің әсерінен арнайы буркерлерде тұнады.

Дымқыл шаң ұстағыштар (скрубберлер). Осы тазарту жүйелерінің ерекшелігі ұсақ дисперсті шаңнан (1,0 мкм кем емес) жоғары тазарту тиімділігі болып табылады. Бұл жүйелер ыстық және жарылғыш қауіпті газдарды шаңнан тазарту мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Бұл жүйелер инерциялық күштер мен Броундық қозғалыс әсерінен сұйық тамшыларының (немесе пленка) бетіне шаң түйіршіктерін тұндыру қағидаты бойынша жұмыс істейді.


Газдарды құрғақ тазарту үшін ең тиімдісі орталықтан тепкіш тозаңды әлсіреткіш жүйелер (циклондар) болып саналады.
Тәжірибеде ауаны беру және шығарудың және шаңның шөгуінің әртүрлі жүйелерін пайдаланады
Жалпы жағдайда шаң түйіршіктері циклонда орталықтан тепкіш күштің әсерінен, аппарат корпусында газ ағының айналу процессінде бөлінеді. Өнеркәсіпте 5-тен 20 м/с газ ағынының жылдамдығына есептелген циклондарды пайдаланады. Олардың тиімділігі шаң түйіршіктерінің концентрациясына және оның түйіршіктерінің өлшеміне байланысты болады және осы көрсеткіштер төмендеген кезде күрт азаяды

Электр сүзгілер. Олардың жұмысы шаңнан газдарды тазалаудың ең тиімді түрлерінің бірі - электрге негізделген. Бұл электр сүзгілері, сондай-ақ тұманды тазалау үшін де пайдаланылатын да атап өткен жөн. Жұмыстың басты принципі - біртекті емес электр өрісінде газдардың иондалуы, ол коронирленетін 1 және тұндырылатын 2 электродтар арасындағы саңылауда құрылады.


Сүзгілер. Өнеркәсіптік шығарындыларды жұқалап тазарту үшін кеңінен қолданылады. Олардың жұмысы кеуекті қабырға арқылы ауаны сүзуге негізделген, процесс кезінде қоспалардың қатты түйіршіктері онда ұсталып қалады. Жалпы жағдайда сүзгінің 1-і корпусында ауаны өткізетін қабырға 2-ге орналасқан, онда ұсталған түйіршіктер шөгеді

Абсорбция әдісі газды ауа қоспасын құрама бөліктерге ерітіндіні түзетін бір немесе бірнеше газ компоненттерін жұтқыш (абсорбентпен) сіңіру арқылы бөлуге болады. Абсорбент құрамы онда сіңірілетін газдың ерітілу жағдайына байланысты таңдалады. Мысалы, технологиялық шығарындылардан мынандай газдарды аммиак, хлорлы сутегі және т.б. сияқты жою үшін, сұйықтық сіңіретін су ретінде пайдалануға ұсынылады. Су буларын ұстау үшін күкірт қышқылын, ал ароматты көмірсутектерінен (кокос газынан) – тұтқыр майларын пайдаланады.

Хемосорбция әдісі химиялық қосылыстарды түзейтін қатты немесе сұйық сіңіргіштермен газдарды және буларды сіңіруге негізделген. Хемосорбция реакциялары экзотермиялық. Хемосорбцияның мысалы ретінде, күкіртті сутектен газ қоспасын мышьякты сілтілер әдісімен тазартуды қарастырамыз.

Жылу әдісі немесе жоғары температурада қайта жағу, оны кейде термикалық бейтараптау деп атайды, тазартылған газдарды жоғары температурада ұстап тұруды және жеткілікті оттегі мөлшерінің болуын талап етеді. Жылуды бейтараптандыру үшін өнеркәсіптік қондырғысының сүлбесі 15 -суретте көрсетілген. Жылу катализаторында мынандай, мысалы, көмірсутектер, көміртек тотығы, лакты бояу өндірісінің шығарындылары ретінде газдар жағылады. Осы тазарту жүйелерінің тиімділігі 0,9...0,99 жетеді, жану аймағындағы температура 500 ...750 ° C.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет