Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет15/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
chem10-1-tasks-kaz, я 7-Әдебиет ЖББ 2022-23
1.2. Фонетикалыќ талдау 
Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда 
сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар 
сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі 
фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс 
сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз. 
Фонетикалық талдау мазмұнына қарай 
дыбыс жүйесі бойынша 
талдау, үндестік заңы бойынша талдау
болып екіге бөлінеді. 
Фонетикалық талдау көлеміне қарай 
жай талдау

күрделі талдау
болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай 
тақтада 
талдау

орнында отырып талдау
болады. Қазіргі таңда фонетикалық 
талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр. 
“Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының 2000 жылғы №10 санында 
жарияланған педогогика ғылымының кандидаты Н.Оразханованың 
“Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу” [3, 27] 
деп аталатын мақаласын осындай үлгілердіњ қатарына жатқызуға 
болады. Мақалада сызбалар арқылы сөзге фонетикалық талдау 
жүргізудің толық түрі, ықшамдалған түрі, сондай-ақ дыбыстарға 
математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің үлгілері 
берілген. Бұл сипаттас тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды. 
Аталған талдау түрлерін грамматиканың барлық бөлімдері бойынша 
тестік нұсқамен де беруге болады. Тестік нұсқаның артықшылығы-дәл 
әрі тез орындалады. 
Мұғалімдер 
1.
а) Жуан буынды 
ә) Жіңішке буынды 
б) Аралас буынды 
2.
а) 3 буынды 
ә) 4 буынды 
б) 5 буынды 
3.
а) 1 ашық, 1 тұйық, 1 бітеу буын бар 
ә) 2 ашық, 2 бітеу буын бар 
б) 3 ашық, 1 бітеу буын бар 


19 
4. а) Тасымалданады 
ә) Тасымалданбайды 
5. а) 3 түрлі жолмен тасымалданады 
6.
ә) 2 түрлі жолмен тасымалданады 
б) 1 түрлі жолмен тасымалданады 
7.
а) Екпін сөздін соңғы буынына түседі 
ә) Екпін сөздін соңғы буынына түспейді 
8.
а) Буын үндестігі бар 
ә) Буын үндестігі жоқ 
9.
а) Дыбыс үндестігі бар
ә) Дыбыс үндестігі жоқ 
10. а) Ілгерінді ықпал бар 
ә) Кейінді ықпал бар
б) Тоғыспалы ықпал бар 
11. Сөздегі дыбыстардыњ саны: 
а) 9, ә) 10, б) 11 
12. Дауысты дыбыстар саны: 
а) 3, ә) 4, б) 5. 
13. Жуан дауыстылар: 
а)1,ә) 2, б) 3. 
14. Жіңішке даустылар: 
а) 1, ә) 2, б) 3 
15. Ашық дауыстылар: 
а) 1, ә) 2, б) 3 
16. Қысаң дауыстылар: 
а) 1, ә) 2, б) 3 
17. Еріндік дауыстылар: 
а) 1, ә) 2, б) 3 
18. Езулік дауыстылар: 
а) 1, ә) 2, б) 3 
19. Дауыссыз дыбыстар: 
а) 5, ә) 6, б) 7, 
20. Қатаң дауыссыздар: 
а) 0, ә) 1, б) 2 
21. Ұяң дауыссыздар: 
а) 1, ә) 2, б) 3 
22. Үнді дауыссыздар: 
а) 2, ә) 3, б) 4 
23. Ауыз жолды үнді дауыссыздар: 
а) 2, ә) 3, б) 4 
24. Мұрын жолды үнді дауыссыздар 


20 
а) 2, ә) 3, б) 4 
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” 
дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, 
бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол 
айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын 
тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген 
дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені 
фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу 
жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, 
буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың 
үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын 
игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет