Жаттыѓу ж¦мысы


сезім-  түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау



Pdf көрінісі
бет8/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
chem10-1-tasks-kaz, я 7-Әдебиет ЖББ 2022-23
сезім- 
түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау, 
қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, дағды машықтарын, 
жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін 
дамытамыз.
 
Дайын материалды 
талдау түсіндірмелі
жаттығулар бойынша 
өткізіледі. Түсіндірмелі жаттығулар 
мазмұнына қарай
ірі 
тақырыптар бойынша және жеке тақырыптар бойынша орындау 
болып екіге бөлінеді.
Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: 
ауызша талдау
және 
жазбаша талдау
болып. Жаттығуды ауызша 
талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: 
а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы 
тиіс; 
ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы 
қажет; 
б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; 
в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі 
болуы абзал. 


14 
Бұндай жаттығуларды төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге 
болады. 
Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын 
талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген 
тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді.
Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге 
назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған 
ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін 
саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар. 
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынандай 
дағдылар қалыптасады: 
1. Оқушылардың білімі бекітіледі. 
2. Есту қабілеті қалыптасады. 
3. Сенімділік қабілеті нығаяды. 
4. Байқау қабілеті дамиды. 
Ауызша және жазбаша өтілетін талдау жаттығуларды жүргізу 
орнына қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет