«Жаушоқы -2» маршруты Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы: «Бұйратау»



Дата07.02.2022
өлшемі15,82 Kb.
#93552
Байланысты:
Жаушоқы 2 маршруты (копия)
56868420.a4, модо био 27.04.2023

«Жаушоқы -2» маршруты
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы: «Бұйратау» МҰТП

2. Маршрут атауы: «Жаушоқы -2».

3. Маршруттың жіктемесі:

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: автокөлік;

2) қолданыс уақыты бойынша:маусымдық;

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: жеке және топтық.

4. Негізгі географиялық пункттер атауы: Балықты ауылы - Жаушоқы тауы- Қарағайлы ауылы - Қос батыр археологиялық ескерткіші.

5. Ұзындығы: бас аяғы - 40 км;аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы – 4 сағат 10 минут.

6. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: мамыр-қазан.

7. Топтағы адамдардың ең көп саны: 7-9 адам (объектілерді көру барысында қауіпсіздікті сақтау үшін психологиялық жағдай туғызу). Экскурсиялық топтардың бір апталық лимиті - 7-14 топтан көп емес, күніне 1-2 топ.

8. Экскурсиялық маусым ішіндегі әр түрлі кезендер бойынша жол берілетін реакреациялық жүктемелер: күніне 16-18 адам. Экскурсиялық мерзім ішінде өрт қауіпсіздігі бойынша шектеу бар.

9. Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысыз жүріп өту мүмкіндігі: гид-экскурсия жұргізушісінің жол көрсетуінсіз жүріп өтуге рұқсат етілмейді.

Маршрут таңбаламасы: маршрут бойымен өтетін жолдар шетінде қозғалыс бағытын көрсетуші белгілер қойылған, туристік маршруттың басында аншлаг орналастырылған, онда маршрут сызба-нұсқасы, оның ұзақтылығы көрсетілген.

Киімге талап: киімді ауа-райына байланысты таңдайды, Кешке қарай қалың киіну қажет, ыстық кезде – киім жеңіл,бірақ дене ашық болмауы керек, аяқ-киім жеңіл, әрі ыңғайлы және табаны тайғанамайтын болуы керек.

10. Маршрутта жүріп-тұрудың ерекше ережелері: маршруттаншығып кетпеу, тарихи ескерткіштерді қолмен ұстамау және тәртіп ережелерін сақтау талап етіледі.
11. Қауіпсіздік шаралары: дымқыл, желді және найзағайлы жағдайда туристік маршрутта жүруге, маршрут кезінде шылым шегуге, спиртті ішімдік ішуге тиым салынады

12. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.

Маршрут «Бұйратау» МҰТП Ерейментау филиалы арқылы Торғай ауылшаруашылық округі бойынша қорғау аймағынан өтеді. Туристiк маршруттың қозғалысы тарамдалған. Туристік маршрут қозғалысы Балықты селолық округіндегі

қара жолмен және қатты жабынды жолмен (грейдер) басталып оңтүстік-батыс бағытында Сұңқар тауы арқылы Жаушоқыға барып тіреледі.

Маршрут кезінде туристер республикалық маңызы бар Астана-Павлодар жол торабы бойынан 12 км қашықтықта орналасқан Балықты ауылынан өтеді. Ауылда 20 жанұя тұрады. 9 сыныпты мектеп, медициналық пункт, мәдениет үйі және дүкен бар.

Турмаршрут экожүйесі: орманды-далалы (орманмен қатар жазықтар, бұталар кездеседі) аралас тоғайлар, даламен және бұталармен араласып жатыр. Маршрут бағытында суырды кездестіруге болады.


13. Маршрут бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:

Объектідегі негізгі көрініс алаңдары: Жаушоқы елді мекені - Жаушоқы тауы - Қарағайлы ауылы - Қос батыр түркі ескерткіші.

14. Маршруттың күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы: барлық маршрут бойынша қара жол, жаңбырлы, қарлы кезде жүру, сондай-ақ «Жаушоқыға» көтерілу және түсу қиындық туғызуы мүмкін.

15. Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың iс-қимылы: Апат құбылыстар – дауылды жел, найзағай, орман және дала өрттері.



Турға шығар алдында жергілікті метеоқызмет мәліметтерін ескеру қажет, дауылды жел немесе найзағай болжамдалса, турды тоқтата тұру қажет. Жаңбырдан қорған ретінде плащ-жамылғы алынып, жаңбыр жауса орман ішінде тұрақтау ұсынылады, ал найзағай ойнаса қандағаштар жанында тұруға немесе жазық алаңға шығуға болмайды.

Өрт шыққан кезде шапшаң болжам жасап, өрт бағытын анықтап алу қажет. Туристерге тиер зардабы болған жағдайда тез уақытта қауіпсіз орынға ауысып, өрт жайында мәліметті ұлттық парк орманды қорғау бөліміне немесе 101 телефон нөміріне хабарлау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет