"жазушы" баспасы



бет13/17
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41631
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ЖАҢҒЫРҒАН ЖАҢААРҚАДА


«Сүйем сені, туған жер – ата-мекен, Абзал анам сенсің ғой, құшағың кең. Жер мен көктің жәннәті бір өзінсің, Сенен артық не табам, қайда кетем?»

Қасым Аманжолов.
Сарыарқа сары дала, кұлазыған қуаң жер еді, сай-саласын паналап, Сарысуын жағалап көшіп жүрген ел еді. Жайлаудан қайтқанда, Қара Нұрадан өтіп, Атасуға жеткенде – тоғайын кезіп аралап, тұщы суын сағалап, аунап-қунап кенелуші еді еліміз!

Дәл бүгін өткен өмірдің елшісіндей, кәрі тарихтың көршісіндей болып егде тартқанда, сол өңірге тағы бардым.



Кешегі сең соққан балықтай тұнжырап, сарылып жатқан сары құм енді жаңғырып, өлкесіне жан кіріп, көріктеніп гүлденіп, құбылып, неше түрленіп тұрған Жаңаарқаны көргенде қуанышымыз кенересінен асып, мақтанышымыз судай тасыды.

«Жаңаарқа сап-сары алтын жүзген нұрға, Қоналқа мекен болған сан ғасырға.

Сайрам тау, самал жайлау, сырмайлы өзен, Лебімен алар тартып шықсаң қырға»...

деген Қасым ақынның толғаулары еріксіз есіңе түседі.

Жаңаарқа ауданының шығысына қарай серпіліп «Сәкен» совхозына келдік. Үгіт-насихат жұмысын басқаратын аупартком секретары жас әйел Орынбасар Жақаева өзі алып жүрді.

Ертедегі айтылатын батыр Қоңтажының қанатты тұлпары –



«Қолжан жауыр» тәрізді қоңыр машина, әне-міне дегенше Жақсы Иманақ тауына жүйткітіп жетті. Бұл Жақсы Иманақ 1964 жылы Сәкен ағаға ас берген, 25 мың кісі жиналып, 80 ақ үй тігіліп, Жаңаарқа түгел бас қосып, той-думан жасаған, құт дарыған жер еді. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанған осы мекендегі «Сәкен» совхозы көзімізге оттай басылды. Сол аста «Расцвет» совхозының бор маңдай торысы бәйгіден келді. Жаңа Арқаны ң жел жетпес ақ боз атына желбегей мініп, Сәбит ағаның арындата шауып, әлгі бәйгі торыны тартқанын да көріп едік. Әрине, тосын көргеннің бәрін байқай алмауың мүмкін, ал байқамасаң байыптай алмайсың. Бірақ бұрын көз қаныққан –туған, өскен жердің ой-шұқыры аз болса керек.
* * *

Кешкі сағат жетіде Иманақтан тоқсан шақырым жерде орналасқан «Расцвет» совхозына біз де келіп тоқтадық, он минут өтпей-ақ таңертеңнен кеңсесінде кездескен ауданның бірінші хатшысы Мұқан Медеубаев та, сол күні арасы алшақ бір-екі совхозды аралап, олардың бөлімшелерінде, бригадаларында болып, Көрұғлының көгаласындай «көк бедеумен» аңыратып жетіп келді. Көңілі бір демдегендей, ішкі сыры сыртына теуіп күреңітіп тұр. Машина соғып, күн қақса да, жас шіркін елемейді екен. Келісімен осы совхозда да мәжіліс өткізіп, ертеңгі еңбек бағытын ақылдасып жатқандай, түн ортасында әрең босады.

Қазақстандағы мал өсіретін аудандардың бірі – Жаңаарқа. Күні ертең қылышын сүйреткен қысқа арнап, малға жем-шөп дайындайтын қарбалас кезең, бір күні жылға бара-бар мезгіл кей совхоз үкімет жоспарын жүзден асырып, кейбіреуі жете алмай, жеде-қабыл қимылдап, жан беріп жатқан кезіне килігіппіз.



«Айнабұлақ» пен «Расцвет» (ЬІнталы) совхоздары ежелден белгілі қалың тоғай Қараағаштың төңірегінде. Бұл Қараағаш Арқаның сауыры, ертеде Телғозының Шоңы мекендеген құйқалы да жел өтпейтін қалың ағашты жер. Қараағаштың сілемі Құланөтпес өзенінің бойындағы Баймақанның Қызыл ағашына тіреледі. Сары құмды Сарыарқаға әкеліп шебер қол егіп шығарғандай шөбі шүйгін құйқалы арал тәрізді:

«Жайлауы біздің елдің – Құланөтпес, Бөріге ит қарғысы сірә жетпес.

Жігітке қыз қарғысы майдай жағар, Десең де «ішің толғыр» еш нәрсе етпес? —

дейтін көне жыр әлі ел аузында жүр. Арқаға әйгілі Қара Нұра өзенімен терістікке қарай жарыса ағатын Құланөтпес осы.

* * *

Енді «Атасу» совхозынан Қаражалға қарай жөнеп бердік. Бұл Қаражал кен орыны, жапанда жалғыз жорытқан жампоз атандай Қаныш ағамыз ашқан Совет Одағының игілікті ісіне үлес қосқан мекен.

«Үлкен Жезқазған мәселесін» шешкеннен кейін, осы табысына масаттанып тоқырап қалмай, данышпан ағамыз Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұнып жатқан Сарыарқаны жаңғыртып, қойнын ақтарып, көптеген кең байлығын үйірге қосты, соның бірі де, бірегейі де осы Қаражал: суық суы кір ашатын, үстінен Атасу өзені тыным таппай ағып өтіп жататын Қаражал осы. Мұны көргенде «кен кіндігі Қаражал» деген сөз ойға оралады.

Тұратын тұлғасынан мін сезілмей, Ғасырлар сирек табар ұлды езіндей. Далаға мұнара боп тұрып қапты, Елімнің елдігінің күмбезіндей,—



деген Сырбай ақынның сөзі шындықтың дәл өзі екенін байқайсыз.
Көңілден жүйрік көк дөнен Атасуды өрлеп, қияға қанат қаққан ақ сұңқардай, Ақтауға қарап, ор қояндай өршелене орғып келеді.

      • Мынау пионер лагері «Клич», деді Қаражал кенішінің басқарма бастығы Михаил Михайлович Герасимов анадай жерде тұрған, төбешікке күмбездеп салған, әрі сұлу, әрі шағын дөңгелек үйлерді көрсетіп. Атасуды бөгеп, тоған байлап, айналасы ат шаптырым шалқар көл жасапты. Тоғанның түбіне пионер лагерін, демалыс үйлерін салыпты. Әрбір демалыс күндері Қара- жалдың еңбекшілері осы араға ағыла келіп, аунап- қу- нап, салқын суына шомылып, құс атып, балық аулап, рахатқа бататын жерлері осы «Клич» екен. Атасу атырабы қалың тоғай. Құлпырып шешек атқан гүл-бақша тәрізді.

      • Мен, орыс болсам да, қазақ тілінен құр-алақан емеспін. Өйткені менің достарым қазақтар. Бүгін таңертеңнен «Ақтау» совхозының директоры Жолкен Дүйсенов маған телефон соқты, сондағы айтқан сөзі мынау болды: Қаражалдағы «Ши» аулына бәріміздің де ағамыз, құрметті қонағымыз Секең (Серғали) кеше келіп түссе керек. Сол кісіні «Ақтау» совхозына алып келуді аудан басшысы Мұқан Медеубаев маған тапсырды. Егер сен өзің мұнда келетін болсаң, сол кісіні өзіңмен бірге ала кел, екі қолға бір жұмыс, әйтеуір демалыста жүрсің ғой, деп мәселені қабырғасынан қойды. Сонсоң, бүгін шөп науқаны жөнінде облыстан шыққан уәкіл «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы Сейфулла Оспанов пен аупартком хатшысы Әбілғазы Күленовтер де осы арада кездеспек дегенді қоса ескертті жолдасым Жолкен. Михаил ойын осылай жеткізді де, маған жымия бір қарап қойды. Қаражалдан шыққаннан бері үн қатпай көңілсіз келе жатқан мені әңгімеге шақырғысы келгендей.

* * *



      • Осы мен түсінбеймін, біздің орыс діншілдері үш құдайға табынады. Солардың біреуі «Әулие рух» (святой дух) әке құдай, оның әйелі жебірей қызы Мария, ал Иса (Иисус) Мариядан туған (әулие рухтың) баласы. Осы үшеуі аспанды мекендейді-міс. Ал мұсылмандардың құдайы біреу-ақ, оның тұрған жері мүлде белгісіз. Хабаршысы Мұхаммет, бұл өзі араб еліндегі бәдәуй ұлысынан шыққан, хат танымайтын адам деседі. Сонда осылардың қайсысы дұрыс! Аспан әлемінде шарлап жүрген космонавтардың біреуінің көзіне олар түспейді, ендеше одан да әрі бір жәйлі мекеннің болуы мүмкін-ау, сірә?» деп, бүйіріңді бүлкілдететін қияс сұрақ берді.

«Қартайған адамның шықшыты босайды, ол білгенін ағыта айтуға құмартады», деуші еді құрдасым Ахмет Жұбанов, ал жастар болса тыңдауға әуес, ертең өзі айтады ғой. Михаил осыны ескерді ме, немесе жол қысқарсын деді ме, тіпті болмаса мені тұңғиық ойдан айықтырғысы келді ме? Сұрағы жұмыр, сөзі алыс...

      • Михаил Михайлович, дедім мен, дін мәселесі өте көне, адамзат жаратылғаннан бері толастаған емес. Үстіміздегі жыл санауымыздан 4 мың жыл бұрын Қос өзенде (Месопотамияда) 50 мың кұдай дәурен сүріпті, солардың ішінде жалғыз-ақ адам Лугальбанда екен, басқа екі аяқты, қанатсыз тірі пенде болмағандықтан, ол Нинсун деген кұдай әйелге үйленіпті. Осы құдай әйел Нинсун мен әлгі Лугальбанда екеуінен Гильгамеш батыр туыпты-мыс...

      • Мәңгі өлмейтін құдайлар арасында қырғын-жорық, тартыс- талас күн құрғатпапты. Осыларға қарсы тұрып, Гильгамеш көбінің көзін кұрытып беттерін қайырыпты- мыс...

Бері келе, әлгі Шумер, Аккада елдері жер бетінен жойылып, енді тарих сахнасына көтерілген Эллин (грек) елі болыпты. Эллин жұрты есепсіз көп құдайдан береке табылмайтынын біліп, әрбір салаға
бір-бір құдай атастырады. Мәселен: жауын-шашын, бау-бақша, арақ-шарап құдайы Дионис; сұлулық пен махаббат тәңірі Афродита; еркек әдемілігінің тұлғасы, жер өнімінің, жарық- сәуленің, күн шапағының, теңіз қарым-қатынасының құдайы; көркем өнер тәңірі Аполлон (екінші аты Феб); ғашықтық тәңірі Эрот; адам жанының тірі тұлғасы, жан тәңірі, Эроттың ғашығы Психея, тағы басқа жоғары-төмен құдайлардың құдайы

Зевс. Бұл нажағай ойнатып, жай түсіретін жер мен көктің, бұлт пен жаңбырдың, дауыл мен күркірдің құдайы, әлемнің ұлы қожасы, бас құдай Олимп тауының төбесінде де, көкте де тұрады-мыс, тақымына басқан «көк-дөнені», пырағы (Пегас) аспан дүниесін аралап, Зевсті қыдыртып жүреді-міс деседі. Әлемнің бас құдайы Зевстің әрі туған әпкесі, әрі әйелі Гера көк тәңірі жердегі құдайлардың патшасы, некенің, адал жардың қолдаушысы, төменгі құдайлар арасында болып жатқан өсек-аяң, араз-құразықты күйеуіне жеткізіп тұратын тыңшысы тәрізді. Бас құдай Зевстің әпкесі Демегра жер құдайы, өсімдікті сақтаушы, адамзатты асыраушы деп қастерленген. Бас құдай Зевстің ағасы Посейдон теңіз құдайы, дауыл мен толқын иесі саналған. Зевстің тағы бір ағасы Анд өлгендердің мекенін, жер астын билейтін тәңір делінген... Бертін келе бұл дәуір де өтіпті -міс...



Бұдан кейін көп құдайдың көзін құртып, қысқарта-қысқарта келіп, олардың санын үшеуге түсіріпті. Ғайса діні осылай дейтінін өзің де айттың ғой, ал Ғайсаның 622 жыл кейін Мұхаммет шығып: құдай біреу, оның белгілі мекені жоқ деп уағыздапты...

Миша-ау, бұл ертекті көйіте берсек, түбіне жеткенше иттің өзі де шөлдеп өлуі мүмкін, дей бергенде, машинамыз кілт сүрінгендей болды; жерошаққа кездесіппіз, әңгіме үзіліп кетті де



«Ақтау» совхозына тірелдік. Бұл совхоз да Атасудың нағыз құнарлы қойнында екен. Ұзын жол осылай қысқарды.


***


Жолдасым Михаил Михайловичтің сәйгүлігіне мініп, Ақтаудан енді бес кісі болып аттандық: совхоздың директоры Жолкен Дүйсенов, парткомі Шәкәрім Сәкенов, бас инженері Егінбай Қазымов – бәріміз

«Ортау» совхозына тарттық. Ор, Аба таулары қатар тұрады, Аба та- уының ішінде, Ақшоқының шығыс етегінде Қарашілік бар. Бұл Сәкен Сейфуллиннің ата-мекені, бұзылған қыс- тауының орны әлі бар екен.

...Ор, Аба, Есен, Нұра жерім еді, Қуандық – Қара Тоқа елім еді. Қолдар деп қысылғанда бабаларым, Сендерге асау балаң сеніп еді,—

дейтін жас Сәкеннің сәби жолдары 1919 жылы Колчактің Омбыдағы абақтысынан жаяу қашып келе жатқан жолда, Баянауылда жазылған екен. Міні, біз сол Сәкеннің ата-мекен қыстауы Ор, Абасына талтүсте келдік. Ордың ойы да, адыры да жақпар-жақпар жартасты, терең шатқалды, сай-салалы келеді. Осы араны жайлап жатқан бүгінгі «Ор» совхозының малынан жер қайысады. Ойдым-ойдым бұлақты, үйірім- үйірім тоғайлы, жықпыл-жықпыл. Совхоз директоры жаңа келген жау жүрек жас маман Иса Боранбаев бір ысылған жігіт екен.

Ұмытып бара жатыр екеміз, айта кетелік, республикалық «Білім» қоғамының бастығы Боранбаев Ғазиз маған лекция оқи қайтуды тапсырған-ды. В. И. Ленин заманында қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінің өсіп- өркендеуі жайында, қазақ әдебиетіндегі, әсіресе, Сәкен Сейфуллин шығармаларындағы В. И. Ленин бейнесі туралы еңбекшілерге дәріс сөйлеп, жағалап жүрген сапарым еді. Жаңа өмірді жасаушыларға, әсіресе жастарға ақыл-білім азығы артық болмайды: өнер-білім дәрісін айта жүру, оқыта беру – парызымыз.

В. И. Лениннің томдары, ұлы даналықтан туған терең ойдың, телегей білімнің сарқылмас бұлағындай. Оқыған



сайын, ой сарайың ашыла, сана сезімің ояна түседі. Жаның жаңалық жайлауында жадырап, жаңғырып, жаңарып, бір жасап қаласың.

Бостандықтың таң азаны – Ленин,

Саясаттың мыс қазаны – Ленин,

Алтын сәуле күннің нұры – Ол таң.

Қара албасты түннің соры – Шолпан, –

деп, 1923 жылы революционер ақын Сәкен аға суреттеп еді.

«Сіз В. И. Ленинді дұрыс бағалапсыз. Менің өз басым бақытты адаммын, өйткені В. И. Ленин мен Л. И. Толстой сынды орыс халқының екі ардагерін көрдім...» деп, 1924 жылы М. Горький француздың Ромен Ролланына хат жазған-ды.

Бұл ойды бұдан артық жазу қолымыздан келе қоймас, Владимир Маяковскийше айтқанда:

Партия десек – Ленин деп сенеміз, Ленин десек – партия деп білеміз.

Қоғам қайраткері, әдебиетші, жазушы, ақын болсын немесе сауыншы, қойшы, тракторшы, комбайншы, егінші, кенші болсын

– бәрі де игілігі еңбегіне қарай бағаланады; бірінің орнын бірі баспайды; халық тіршілігінің көркі осылар, қалың бұқараны алға тартатын шарапат осы еңбек сүйгіш жандарда.

***

Өспен – Нілді дуанына сағынышты сезіммен аңсап келіп едік, себебі сонау жас Сәкен Сейфуллин алғашқы орыс мектебінде оқыған, орыс тілін үйрене бастаған, 1905 жылдарғы көтерілісте жұмысшы табының ортасында болып, төңкерісшіл ниеттен алғашқы тәлім алған кенді Нілді – Өспен осы болатын. Нілді жұмысшылармен өткізген әңгімеміз


қызық болған. Көңілі ояу, көзі ашық еңбеккер халық бізді қадірлеп күтіп алды; сүйсіне тыңдап, қимас көңілмен қиылып қоштасып қалды. Орысы, қазағы бәрі де бірге туған бауырдай үрпе-шүрпе болысып, елжіресіп, қол бұлғасып, көпке шейін көздерімен шығарып салды... Сөйтіп жаңғырған Жаңаарқаны аралағанда;

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты, биік таулы жерлері бар.

Өзен-су, көлдер жайлап, тау қыстайтын, Меймандос берекелі елдері бар, –

деген Сәкен сөздерін енді ұққандай болдық. Кешегі Сарыарқаны, бүгінгі Жаңаарқаны жеріне жеткізе мақтаған Жетісудың желмаясы Ілияс ағам еді. Ол:

Қазақтың әсем жері Арқасында, Арқаға жетер Арал, Балқашың ба? Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар, Арқаның тізілгендей алқасына,—

деген болатын. Гүлдене бер, көркейе бер, Советтік Қазақстаным!






КҮЙДІҢ КҮШІ


«Ән мен күйге түйе де Шаттанар. хайуан десек те, Сезбейтін оны адамды Салпаң құлақ есек де!» Сағди-Сәкен.



Қазақ халкының ұлылы-кішілі азаматтарының күйге көңіл аудармағаны некен-саяқ. Күйдің көкесін шерткен Әбунәсір әл Фараби екен. Осы арғы заман күйшісі Әбунәсір Бағдат халифасының алдында домбырасын тартып, жиылған топты күлдіре де, күйдіре де білген; ақырында, тәтті күйдің күшімен балбыратып, маужыратып, қалғытып барып, тыңда-



ған жұртты ұйытып, ұйықтатып тастаған деседі. Күйшісі келіссе, күй құдіреті інгенді де иіткен; қатал тас жүректі де жібіткен. Күй кейде ойнақы өжет, кейде долы, дарқан келеді, зарлы -мұнды қоздырады, ыңыранып шегіне ырғалғанда, сергелдеңнен суырып алып сергітіп те тынады. Күйде бәрі бар күйде адамның жаны да бар, жаннан шыққан зары да бар. Күйде ыстық күн де бар, күйде жылы түн де бар. Күйде көшкен ел де бар, тынбай аққан сел де бар.

Әбунәсір күйші болды, қазақ домбырасымен қазақ күйлерін аңыратты. Бұдан екі түрлі шындық көрінеді. Біріншіден, Қыпшақ тайпалас Әбунәсір басқа түркі елдердің емес, нақ қазақ күйінің шебері болғаны оның тегі тағы заман қазағы екенін аңғартады. Екіншіден, Әбунәсір ұстаған домбыра мен ол тартқан күйлердің болуы бүгінгі қазақтың күй өнерінің басы Әбунәсірден де бұрыннан бар ежелгі дәстүр, бағы замандардан келе жатқан байырғы өнер екенін айтып тұр. Ендеше, Әбунәсірден де бұрын алдағашан басталған ән мен күйдің дәстүрі қазақ тарихында толастаған емес. Әбунәсір алдында да талай тұлпар, талай сұңқар өткен шығар-ау!

«Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?!»

деп, әуелі данышпан Абай күйді ұға білмеуге күйіне толғайды да артынан ән мен күйге ұйыған өз жүрегінің қылын шертеді:

Әннің де естісі бар, есері бар.

Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда, көңілдің өсері бар —

деп, ұлы сыншылық, нәзік сарапшылық танытады.

Бір кезде қазақ совет әдебиетінің атасы Сәкен жырлары:

«Сәулімнің қолында ыңырсып толғанған дом-


242

быра әндете сұңқылдайтын. Домбыра дыбысы қалтырап толғанатын. Торғып, жұмсақ, тұнық ауаны дірілдететін. Нәзік әдемі дыбыс маужыраған қотанды, тыныс тартқан дүниені әлдилеп тербеткендей естілетін». Міне, домбырашы, ақын Сәкен өзінің ішкі сырын осылай шертті.

Күй жөнінде Сәкен аға ерекше тебіренетін. «Ықылас қобыз тартқанда, сауулы інген иіп тұрады екен...» деп отырушы еді. «Қобыздың құлағы Ықыластың сүйекті шықшытына қатты жабысып калған екен. Ықыластың екі қолы қобызды есіп еңіретіп отыр; еңіреген қобыз күйімен бірге өзінің шүңгіл көзінен жас тарамданып ағып, сақалына тамшылап отыр екен... Менің көз-алдыма Шу бойында қалың дүлей қамыс ішіндегі төрт-бес үйлі ауылда қобызын сызып еңіретіп, көзінен жасын тарам- тарам парлатып ағызып отырған Ықыластың суреті келеді...»

«Осындай бір түн... Бетпақтың, Шудың түні... Қанау- шылар билеген патша заманы...»



«Үй айнала қалың, биік дүлей қамыстар. Ызыңдап ескен қоңыр жел... Биік дүлей қамыс қоңыр желмен бірге теңселіп, сарнап шулайды. Сылдырап, сыбырлап, сыңсып, сызғырып шулайды дүлей қамыс! Тыста қара түнде шулаған, сарнаған қамыстың үнімен бірге Ықыластың қобызы да сарнап, еңіреп жылайды. Түнгі қамыстың шуына, түнгі қобыздың зарына қосылып, Ықылас та еңірейді... Ол қанаушылар билеген дүлей замандағы терең сырлы күйші еңіремегенде қайтеді?!» – деп толғайды Сәкен аға. Сол замандағы қиядан көретін қырағы күйшінің бейнесін, өнер иесі – абыз Ықыластың кескінін сезімпаз ақын, ән мен күйдің түпкі тамырын тесіле зерттеп, тебірене ұға алатын Сәкен осылайша суреттеп еді.

Өз заманында, сонау сығыр заманда бағаланбаған көмескі тұлғаның бетін ашты. Сол дәуірдің ұлы күйшісі, қобыздың қылына жан бітірген өнерпаз Ықылас күйінің адам түгіл,

243

хайуанға да ететін эстетикалык әсерін анық көрсетті.



«Хабиба домбыраны дыңылдатып бұрап, күйге келтіріп, әдемі сүйріктей саусақтары лашынның қаққан қанатындай ойнап, пернелерді сыдыртып, екінші қолының саусақтары күміс табаққа алтын бұршақ атқылағандай домбыраны шертіп, қағып-қағып жіберді.

Кеудесін қозғап, ілгері керіңкіреп тастап, Хабиба домбырамен бірге шырқап қоя береді.



Үйдегі лық толған жұрт тым-тырс. Барлық жұрттың көзі Хабибада. Сылдыраған әдемі дауыспен Хабиба шырқады. Әнінің, домбыраның ырғағына ертіп, домбыраны да шырқатты... Жазды күні жырлаған боз торғай жерден ұшып қалықтап, шырқап- шырқап, мың кұбылтып, дауысын құйқылжытып, көкке қарай өрленді. Қалтыраған, сылдыраған дауыспен бірге қанаттарын қағып, биік шарыққа көтеріледі. Бір уакытта төңкеріліп, ұйтқып құйқылжыған дауыспен төмен түседі. Бір уақытта шарқ ұрып, серпіліп қайта көкке шығады. Көкте жүзіп шыр-көбелек айналып, тағы мың құбылып жырлайды. Бір уақытта дөңгеленіп тұра қалып қанаттарын қалтыратып, әдемі, зарлы сұлу дауыспен жырды үзілтіп, түйдек-түйдек тізбектейді. Ойнаған әннің тізбегін жібекке тізген меруерттей тізбектейді... Сөйтіп, бозторғай мың құбылтып жырлайды...

Бозторғайдың жырын тындайсың. Жалғыз сен емес, бозторғайдың жырын жер мен көк те тыңдайды. Бозторғайдың жыры маужыраған жер мен көкті тербетеді... Міні, тап сол бозторғай Хабиба. Хабиба да шырқап сұлу даусын көкке өрлетті. Бұ да даусын көкте неше түрлі құбылтып төңкерді. Бұл да даусын қалтыратып, жалтылдатып, неше түрлі ойнатты, неше түрлі ұйтқытып даусын төмен қалықтатты. Және неше рет шарқ ұрып, серпілдіріп, даусын биік көкке шығарды... Бір уақытта даусын үзіп, Хабиба тоқтатты. Отырған жұрт әрең қозғалды. Әнге сұқтанды...

244


Үйге келіп ұйқыға кіргенше Ғалымжанның ақыл-есі кіріп жеткен жоқ еді:

Но, Сәкен, қазақты мен жаңа ғана білдім. Шарық (шығыс) музыкасының не екенін жаңа ғана аңладым. Мен, уаллаһи, қазақ болмағаныма өкінемін. Қазақ ішінде өспегеніме өкінемін!» деді. «Және үйленбей тұрған кезімде қазақтың мұндай екенін білсем, міні, уаллаһи, қаладан безіп, қазақ арасына сіңіп кетер едім!» деді.



Осыны Ғалымжан көпке дейін аузынан тастамай жүрді... деп жырлады Сәкен! Ән мен күйдің қуанышты ырғағына, әдемі әуезіне сүйсінді, сүйсіне білді ол!

Бұдан кейін әдебиетіміздің бетке ұстар майталманы Ілияс Жансүгіров Молқыбай күйін –«Боз інгенді» шертті.

«Қыңқылдап қыл ішегі қыңсылады, Жә, әлде танысқан қыз сыңсығаны. Жүректің қылмен қабат шегін шерткен

Саусақтың ыршығаны, шымшығаны.

Кейде күй талмаураған, талықсыған, Кейде өжет, кейде долы албыртсынған, Кейде паң, кейде дарқан, кейде сергек, Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған.

Қайырған, текектеткен, жорғалатқан, Сарқыған, екшеп қағып, сорғалатқан. Талмаурап самайдан тер сыпырғанда Тартуын «Боз інгенді қолқалатқан»...



деп қобыздың ішегінен шыққан күйдің, Молқыбай күйшінің сиқырлы саусақтарын Ілияс аға осылай төгілте жырлап берді.

Әрі қарай күйдің көкейін жете ұғынған Ілияс аға Сары Үйсіннің майталман «Күйшісіне» қайта оралды:


«Тайпалын жорға болып салдырған күй, Мейірін тыңдағанның қандырған күй, Тартқанда зырылдатып, сұңқылдатып, Аққуды аспандағы қондырған күй.
Лапылдап мұз көңілді күйдірген күй, Балқытып мұз жүректі сүйдірген күй; Тасытып тас емшекті тандыр болған, Бота боп нар інгенді идірген күй.

Қажытып қам көңілді жылатқан күй, Бекітіп жылағанды жұбатқан күй, Пәлен деп бір ауыз сөз айтпаса да, Әркімнің өз көңіліне тіл қатқан күй.

Кейде күй қыран болып қылаңдаған Алдыңнан қызыл алтай бұлаңдаған. Саңқылдап домбырадан бір құмар күй, Сағынып сар балақты жұмарлаған.

Күңреніп «Асан қайғы» күй толғанды, Алатау, Алтай, Арқа, Кырды, Сырды Желмая желе жортып жерді шалды.

Аралап қоныс таппай күй зарланды.

Осылайша еліге, екпіндете сөйлей келіп, алғыр ақын «Күйші» жігітке бет бұрды.

«Соқ жігіт! Соқ-соқ, жігіт! Күйіңді тарт! Лапылдат! Жандыр, күйдір! Құмарт! Құмарт!
Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар, Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Кадалт-Кадалт,—
деп, Ілияс күймен бірге ұшып-қонып, күйшімен бірге,

құшырланады , лапылдайды.

Мұның алдында 1928-жылы ақын Сәбит Мұқанов:

Домбырада бір күй бар «Көкей кескен»,

«Көкей кескен», ұға алсаң, шықпайды естен», Бір кезде сол «Көкейді» алмас қанжар,

Жылы қанын ағызып шаншып тескен. Көкей өлген, көш көшкен, тұрмыс көшкен,

«Көкей кескен» тұрмыспен бірге көшкен...

деп «Сұлушашта» тебіренген еді.

Біздің ардагер ағаларымыз – еліміздің мақтанышы ақын- жазушыларымыз ән мен күйді емешесі құрып, осылай жырлаған екен.Сол қарсаңда сахнаға қазақ совет филологиясының атасы



Құдайберген Қуанұлы Жұбанов шыға келді. Күйдің күшіне табынып, тамылжытып өлең жазған ақындардан өзгеше келді. Ғалым аға төтенше килікті. «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы» жәйлі ғылыми еңбек жазды. Күйге байланысты терминдерді тегін ашты. Қазақ елінің күй жанрын басқа түркі тілдерімен салыстырды. Ағасы Абай ақынның еленбеген ерекшелігін әйгілеп, жеріне жеткізе айтты, өзінің сыбағалы орнын көрсетіп, жоғары бағалады. Ел сүйетін күйді ол да сүйді. Домбыра шегінде, қобыз қылында жүрген ән мен күйді жіліктеп, ғылыми зерттелетін ірі саланың бір екенін алғаш рет түсіндіріп өтті.

Ана тілі ғылымын тереңдете жасаған екінші кемеңгер ғалым Құдайберген Жұбанов ғылым-білім әлемінде сегіз қырлы-бір сырлы еді. Жалғау-жұрнақтың арасында қатып қалған хас дүмше емес еді. Ол философия, тарих, мәдениет тарихы, әдебиет, әуез, сахна, мүсін, сәулет өнерлерінің тарихы мен табиғаты – осының күллісін білетін энциклопедист, шежіре еді. Ол ана тілі мен орыс тіліне жетік еді. Ол көп жұрттың тілін білетін полиглот (көп тілді адам) еді.

Құдайберген Абайды жан-жақты зерттеді. Абайдың Пушкинді қалай аударғанын баяндады.

Осындай ірі, өте өзекті ағаларымыз болған, оларды сол өскелең мезгіл, совет дәуірі маңдайымызға берген-ді. Құдайберген Жұбановтай кісілерден үлгі-өнеге үйрендік, біздің бақытымыз осы болар.

Көне мұраны жаңғыртып, көрнекті совет дәуіріне сай етіп пішіп шығарған Ахмет Қуанұлы Жұбанов, оған ілгеріде өткен өзекті ағалары тәлім-тәрбие берген-ді.

Өз замандасымыз Ахметтің еңбегін бағалай білуіміз, бөгде сыйлайтын Ахметті қадірлей білуіміз елімізге мерей. Ол еңбекқор, үлкен композитор, өз саласында сауырын сипатпайтын ерен жүйрік азаматымыз еді!

Ол Қазақ Совет республикасының өнер саласындағы өзекті қайраткері, өнегелі ұстазы, топтан озған жүйрік- желмаясы болып еді.


247

Өткендегі еліміздің көне мұрасын біздің Ахмет өз заманына, көрнекті совет дәуіріне сай етіп пішіп шығарды. «Замана бұлбұлдарын» әлемнің аспанында сайратты. Осы бір көлемді де күрделі еңбегі 1963-жылы шыға келгенде, өзімізді біраз тербетті. Қазақ елінің ән-күй ардагерлерін, шаршы топтан суырылып озған өнер иелерін алдымызға тартты. Әрбір, әннің түпкі тарихын, тыңдаушыны қозғайтын әсерін, замана құбылыстарының ырғақты лебізін әйгілеп ашты. Біржан сал, Ақан сері, Мұхит. Абай, Құлтума, Мәди, Ыбырай, Майра, Әсет, Нартайлар домбырасын, қобызын қолтығына қысып, сырнайын, сыбызғысын қолына ұстап, сахнаға шықты. Бұдан «Маған бүгін қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді», – деген қарт Г. Потаниннің сөзі есімізге түседі.

Ахмет Қуанұлы Жұбановтың зорлығы бойында емес, ойында екенін байқадық. «...Жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен бір халық әнінің тақырыбы есіңе сан-алуан уақиғаларды түсіреді. Ол – табиғаттың өз туындысы, халық өмірінің үлкен қазынасы екендігі де осы қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында...» – дейді.

Замана бұлбұлдарын Ахмет ылғи салыстыра, астастыра баяндайды.



«Мен көрдім ұзын қайын құлағанын» дейтін Абай өлеңіне Біржан ән шығарады. Мұнда әншінің (Біржанның – С. Т.) өнершеңдік дәстүрі сақталған. Абай музыкасындағы ән бірден үлкен дыбысты секіру арқылы басталмай, баспалдақтап, төменнен жоғары қарай өрлеп шығады. Ой- қиялы арқылы ұзын қайыңның тамырынан бастап басына шейін көз жіберіп, біраз тамашалап тұрғандай. Өте жұмсақ, ойлы, философиялы астары бар шығарма. Ән сөзінің мәнін, сырын Біржан өзінше ашады, өзінше музыка тілімен талқылайды. Мұнда өзінің бұрынғы музыкалық қазынасына Абай аулына барғаннан қосылған жаңа арна бар екені сезіледі. Дарынды композитор, жазба поэзиясының ой-қырын ақтарып, үңіліп, ішкі-сыртқы қасиеттерін... жан байлығы,

өнерпаздық күші арқылы.. музыкалық жағынан меңгере алады...»



  • деп түбегейлі пікір айтады Ахаң. Абай мен Біржан дарынының үндестігін дәлелдейді. Қыранды қырағы алыстан көреді.

Ал енді Ахметтің осы табыстарға жетуіне не нәрсе себеп болды?

  • десек, біз бұл сұрауға іркілмей жауап береміз. Біріншіден, біздің Ахмет бақытты мезгілде совет дәуірінде өсе білді. Екіншіден, шыққан ұясы, тәрбиелеген ата-анасы қойдың тұяғын, сиырдың мүйізін, жылқының құлағын санамаған; өнерді, ән-күйді ғана сыйлаған, әуезелеген жандар екен. Ахаң «ұяда не көрсе ұшқанда соны ілген». Қуан ауылының төңірегіндегі басқа байшікеш ауылдар мал бақпайтын жын-ойнақтың ордасы, тоғышар ауыл деседі екен. Үшіншіден, ол ерте оқып көзі ашылған жас талап. Ол «Уркачевское одноклассное русско- киргизское училищені» 1916 жылы он жасар күнінде бітіріп шыққан. Төртіншіден, алдында тұрған ардагер ағалары болды, солардан үлгі-өнеге үйренді. Сол үлгі Ахметтің бойына ерте дарыды. Бесіншіден, Ахмет өзі дарынды, өнерлі, зерделі, зирек, ерінбейтін еңбекшіл адам болды. Осының күллісі себеп болып, Ахаң казақ совет музыка өнерінің де, ғылымының да ұлы атасы болып шықты. Ахаң өзі де асқан күйші еді. Ендеше, бар гәп осы күйде екен:

Ұлы өмірді сүйдіргендей, Ыстықтығы күйдіргендей Күйде лепті жалын бар; Делебені қоздыратын, Қозғау салып оздыратын

Күйде күшті арын бар!

Күйдің сырын ақын жыры қандай әдемі ашқан!

«...Ғажайып үні бүгін осыншалық өзгеше боп шыққан жаны жаралы өнерпаздың үнімен паш етілді. Бұл саздың сұлулығы, биіктігі күмбездей!.. Көкпеңбек түпсіз биік аспанда қалықтаған аққудың әппақ қанаты күн шұғылысына малына алтындай

жарқырамас па еді?.. Қасиетті құс ақ қанатын қақпастан қалқып, баяу ғана сұңқылдап толқып, тамаша бір үн салмаушы ма еді?.. Өмірінде бір-ақ рет те болса естігенің бар ма?.. Қиялды қозғаған сұлу көрік есіңнен кеткені бар ма?!.

Қазіргі Әйгерімнің Абаймен соңғы рет қоштасып айтқан күйлері сол тәрізді болатын. Осымен Әйгерімнің ең соңғы жыры айтылды. Бір шақта Абайды өзгеше еліттіріп балқытқан ғажайып күйдің ең соңғы үні осымен өшті.



Әйгерімнің күйі, күйікті жаны, қайта оянбас, қайрылмас өнері осы Абай қабырының басында Абаймен бірге өшті де жоқтыққа кетті. «Абаймен бірге құшағым кетті» десе, Абаймен бірге бұның кеудесіндегі күйді сүйген күйініш сөнді. Көмейінде сылдыраған күміс күйлі әсем үн сөнді...» деп, мұңды күйдің азалы пернесін шертті ақын Мұхтар аға.

Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең – менше сүй!,—

деген Абай ойын ақын Мұхаң жете ұққан, жеткізе суреттеген.

Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес, Ой артынан ой туар,

Желге мінсең жеткізбес,—



дегендей, күй туралы толғанғанда, сөз де таусылмас, күйді көксеген көңіл де тынбас-ау, сірә! Күйге ынтық емес жүрек бар ма:

Күй – халықтың жинап терген, Ұрпағына сыйлап берген.

Алтын менен күмісі, Ойды ырғақпен ұмыттырар, Шаршағанда тынықтырар Күй – халықтың тынысы,

деп жырлайды қарт ақын Кенжеғали Райбаев.



Ақын рас айтады: қазақсыз күй жоқ, күйсіз қазақ жоқ. Күй қазақтың жан-жүрегінен туған. Сондықтан да қазақ халқы үшін күй өзгеше ыстық, тәтті, рахат, тыныс!


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет