Жедел ревматизм қызбасы жəне жүректің ревматизм ауруы



бет2/8
Дата19.10.2023
өлшемі39,78 Kb.
#186859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОРЛ
Java лаб 3 примеры, Стьюдент таралуы (1), ЭССЕ фил 4, АМАНТАЕВ Н. ПАТОЛОГИЯ ГАСТРИТ 2ЛДА, 5 сынып Math, КН., matveeva vkr 2017, бт МО, 2вар, Вопросы к билетам каз, ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз (1), ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз, Зертханалық жұмыс №6 Серіков Алишер, Бунақденелілер, stud.kz 331028
Патоморфологиясы. Ревматизм қызбасында болатын жүйелі қабыну процесі фазалық өз- герістермен сиапатталады. Бірінші мукоидты ісіну фазасында дəнекер тінінің негізгі затының деполимеризациясының нəтижесінде зақымданған жерде гидрофильді қышқыл мукополисаха- ридтер (гиалурон қышқылы жəне хондроитинсульфат) жиналады, оның салдарынан коллаген талшықтарының беткей қабаты ісінеді. Екінші фазада (фибриноидтық өзгерістер фазасы) дəнекер
тінінің дезорганизациясы мен коллаген талшықтарының некрозы дамып, зақымданған ошақта фибрин пайда болады. Үшінші фаза пролиферациямен жəне ревматизмдік гранулемалар (Ашоф – Талалаев гранулемалары) түзілуімен сипатталады. Гистологиялық тұрғыдан ревматизм грануле- масы дəнекер тінінің некрозы жəне коллаген талшықтарының ыдырауы бар орталық зонадан жəне одан тарамдалып орналасқан клеткалық элементтерден, негізінен макрофагтардан тұратын шеткі зонадан тұрады. Некроз массасы біртіндеп резорбцияға ұшырайды, түйіннің клеткалары созылып, фибробласттар мен фиброциттерге айналады, олардың арасында коллаген талшықтары пайда болады. Ревматизмдік процестің ақыры – склероздану. Склероздық процестің дамуы жəне оның салдары ревматизмдік процестің 4-ші фазасын құрайды, ескертетін жағдай – склероздану сатысы патологиялық процестің кез келген фазасынан кейін көрініс беруі мүмкін.
Жүрек бұлшық етіндегі склероз кардиосклероз қалыптасуымен, эндокардтағы склероз – жүрек ақауларының қалыптасуымен, эпикардтағы склероз – жүрек қапшығы қуысының облитераци- ясымен аяқталады. Ревматизм қызбасында бəрінен жиі митральдық қақпақ зақымданады, одан кейін қолқа жəне үш жармалы қақпақтар зақымданады. Өкпе артериясының қақпақтары ревма- тизмдік процесте зақымданбайды дерліктей. Жүрек ақауларының ревматизм қызбасының бірінші өршуінен кейін қалыптасу мерзімдері əр түрлі: қос жармалы қақпақ кемістігі бірінші өршуден кейін 6 ай өткен соң (қолқа қақпақтары кемістігінің қалыптасуы аздап ертерек) бой көрсетеді, митральдық стеноз 2 жыл өткен соң, ал қолқа сағасының стенозы одан да кеш қалыптасады. Рев- матизм қызбасында басқа органдар да (буындар, ми, тері жəне т.б.) зақымданады. Барлық орган- дар мен жүйелердің зақымдануының негізін ревматизмдік васкулиттер құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет