Жедел ревматизм қызбасы жəне жүректің ревматизм ауруы



бет5/8
Дата19.10.2023
өлшемі39,78 Kb.
#186859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОРЛ
Java лаб 3 примеры, Стьюдент таралуы (1), ЭССЕ фил 4, АМАНТАЕВ Н. ПАТОЛОГИЯ ГАСТРИТ 2ЛДА, 5 сынып Math, КН., matveeva vkr 2017, бт МО, 2вар, Вопросы к билетам каз, ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз (1), ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз, Зертханалық жұмыс №6 Серіков Алишер, Бунақденелілер, stud.kz 331028
Ревматизмдік түйіндер мөлшері тары дəні мен үрме бұршақ арасында, тығыз, көп қимылда- майтын, ауырмайтын түзілістер, шандырларда, сүйек қабығында, буын қапшықтарында, тері асты шелде орналасады. Шынтақ, тізе, алақан – бунақтар буындарының жазылу беттерінде, жіліншік үстінде, омыртқалардың қылқан өсінділерінің үстінде орналасқан.
Сақина тəрізді эритема мен ревматизмдік түйіндер тез пайда болып, тез жойылып кетеді
(көбіне қабыну процесі əлсіреген кезде).
Өкпенің ревматизммен зақымдануы классикалық ревматизмдік пневмония немесе өкпе васку- литі түрінде көрініс береді, көбіне балаларда кездеседі. Басты шағым – ентігу. Өкпе дыбысының тұйықталуы болмайды. Тыңдағанда – ылғалды сырылдар аз естіледі. Рентгенологиялық тексер- генде көптеген ұсақ тығыз ошақтар немесе екі жақты, түбір маңынан басталатын, көбелек қана- тына ұқсас процесс көрінеді.
Васкулитте – жөтел, қан қақыру, ылғалды сырыл жəне рентгенологиялық тексергенде өкпе суретінің жайылмалы күшейгені анықталады.
Жиі плеврит, плевра қуысында шамалы сұйықтық жиналғаны анықталады.
Бүйректің зақымдануы əр түрлі - өткінші несеп синдромынан (инфекциялық нефрит белгісі) жайылмалы нефритке дейінгі өзгерістер болуы мүмкін.
Абдоминальдық синдром ревматизмдік перитонитпен байланысты болады, сирек кездеседі, негізінен балаларда кездеседі.
Қосымша тексерулер
Лабораториялық тексеру бейспецификалық жіті физикалық көрсеткіштер мен өзгерген имму- нологиялық көрсеткіштерді анықтайды.
Жіті физикалық көрсеткіштерге нейтрофилез жəне лейкоформулада солға ығысу (12-15х109/л лейкоцитоз ревматизмнің жоғарғы активтілігінде анықталады), гамма – глобулиннің көбеюі, фибриногеннің көбеюі, С-реактивті белоктың пайда болуы, ЭТЖ көбеюі жатады.
Иммунологиялық көрсеткіштердің ішінде стрептококқа қарсы антиденелердің титры көбейеді (антигиалуронидаза мен антистрептокиназаның титры 1:300 жоғары, анти-О-стрептолизиннің титры 1:250 жоғары көбейеді).
ЭКГ-да жүрек ырғағының тахи- немесе брадикардия, синоаурикулярлық блокада, көшпелі ритм жетекшісі т.б. түрлері анықталады. Атриовентрикулярлық блокада (І дəрежесі) миокардит- тің ауыр түрінде тіркеледі. Жыбыр аритмиясы мен жүрекшелер дірілі негізінен қайталамалы ревматизм қызбасында кездеседі.
ФКГ-да тондардың əлсіреген белгілері, протодиастолалық шоқырақ ырғағы, кейде жүректің ІІІ жəне IV тондары мен систолалық шу тіркеледі.
Рентгенологиялық тексергенде жүректің ұлғайғаны, негізінен сол жақ қарыншаның ұлғайғаны көрінеді.
Эхокардиографиялық тексеру ЖРҚ ешқандай өзгерістер таппауы мүмкін (перикардитте пери- кард қуысында сұйықтық болуы мүмкін). Қайталамалы ревматизм қызбасында жүрек ақаулары- ның белгілері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет