Жедел ревматизм қызбасы жəне жүректің ревматизм ауруы



бет8/8
Дата19.10.2023
өлшемі39,78 Kb.
#186859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОРЛ
Java лаб 3 примеры, Стьюдент таралуы (1), ЭССЕ фил 4, АМАНТАЕВ Н. ПАТОЛОГИЯ ГАСТРИТ 2ЛДА, 5 сынып Math, КН., matveeva vkr 2017, бт МО, 2вар, Вопросы к билетам каз, ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз (1), ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз, Зертханалық жұмыс №6 Серіков Алишер, Бунақденелілер, stud.kz 331028
Диспансерлеу. Диспансерлік бақылау кезінде ревматизм процесін жоюға бағытталған ем, жүрек ақауы бар адамда қан айналысын жою емі іске асырылады. Сонымен қатар кардиохирург- тармен бірлесе отырып, жүрек ақауларын хирургиялық емдеу сұрақтары шешіледі.
Еңбекке қабілеттікті қалпына келтіру, науқас адамдарды жұмысқа орналастыру, ревматизм қызбасының екінші ретті профилактикасын іске асыру, ауру рецидивінің алдын алу сұрақтары да диспансерлеу кезінде іске асырылады.
Еңбекке уақытша қабілетсіздік ревматизм қызбасының активтігіне (активті процесс кезінде науқас адам еңбектен босатылады), қан айналысы жетіспеушілігінің дəрежесіне қарай шешіледі. Қан айналысы жетіспеу-шілігінің ауыр түрінде науқас адамға МƏСК жолдама береді.
Профилактикасы. Ревматизм қызбасының бірінші ретті жəне екінші ретті профилак-тикасын ажыратады. Бірінші ретті ревматизм қызбасының профилактикасының мақсаты – ауыз – жұтқыншақ аймағындағы стрептококктік инфекцияны 10 күн бойы тиімді емдеу. Ол үшін қолданылатын дəрілер:

  • аминопенициллиндер (амоксициллин 1500 мг/тəул.);

  • цефалоспориндер (цефалексин – 250-500 мг 2-4 рет тəулігіне; цефаклор – 750 мг/тəул.; цефуроксим 0,25-0,5 2 рет/тəул.;

  • макролидтер (рокситромицин – 150 мг 2 р/тəул.);

  • пенициллиндер + бета – лактамаз ингибиторлары (амоксициллин + клавулон қышқылы, 375 мг 3 рет/тəул.) 10 күн бойы.

Екінші ретті профилактиканы жедел ревматизммен ауырған адамдарда аурудың қайталауын болдырмас үшін іске асырады. Ең жақсы нəтижені жыл бойына іске асырылатын пенициллино- профилактика береді (бензилпе-нициллиннің бензеатині 2400000 ƏБ 1 рет үш аптада; бензилпе- нициллиннің бензеатині + бензилпенициллиннің прокаині əр қайсысы 1500000 ƏБ 1 рет 10-12 күнде). Екінші ретті профилактиканың ұзақтығы:

  • кардит жоқ ревматизм қызбасымен ауырғандардағы ревматизмнің соңғы аптасынан кейін

5 жыл бойы;

  • ревматизмдік кардитпен ауырғандар үшін 5 жыл;

  • ревматизм қайталайтын болса, онда екінші ретті профилактика өмір бойы іске асырылады.

Ревматизмдік жүрек ақауы бар адамдарға қандай болмасын хирургиялық ем қолданған кезде инфекциялық эндокардиттің алдын алу шараларын жасау өте маңызды.
Ауыз қуысын, өңешті, тыныс жолдарына хирургиялық ем қолданғандағы стандартты схема: процедурадан 1 сағат бұрын ішке амоксициллиннің 2,0 қабылдау, ішке қабылдау мүмкін болмаған жағдайда процедураға 30 минут қалғанда венаға немесе бұлшық етке ампициллиннің 2 г егу.
Пенициллинге аллергия болған жағдайда, процедурадан 1 сағат бұрын төмендегі дəрілердің біреуін ішке қабылдайды:
азитромицин 500 мг;
кларитромицин 500 мг;
клиндамицин 600 мг;
цефадроксил 2 г;
цефалексин 2 г.
Пенициллинге аллергия болса жəне дəрілерді ішке қабылдау мүмкін емес жағдайда, процеду- радан 30 мин. бұрын:

  • клиндамициннің 600 мг венаға егіледі;

  • цефазолиннің 1 г бұлшық етке, венаға егіледі.

Асқазан-ішек жолы жəне несеп-жыныс жолдарына операция жасаларда қолданылатын стан- дартты схема:
амоксициллиннің 2 г процедурадан 1 сағат бұрын ішке қабылдайды; ампициллиннің 2 г процедурадан 30 минут бұрын бұлшық етке немесе венаға егеді.
Пенициллинге аллергия болса: 1-2 сағат бойы венаға ванкомициннің 1 г жібереді; процедура- дан 30 минут бұрын аяқтау керек.
Прогнозы. Жедел ревматизм қызбасы өмірге тікелей қауіп төндірмейді. Прогноз жүректің күйіне (жүрек ақауының бар-жоғына, жүрек əлсіздігінің дəрежесіне) қарай анықталады. Емді ба- стау мерзімінің де маңызы бар: ем неғұрлым кеш басталса, соғұрлым жүрек ақауларының қалы- птасу мүмкіншілігі артады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет