«Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн» факультеті «Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы



бет19/27
Дата03.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#108640
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
СРС БУБТ
қмж, қмж, қмж, Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері
БӨЖ №10

Жұмыстың тақырыбы: Үлбір шикізатының негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасы

Жұмыстың мақсаты: Үлбір шикізатының ассортиментімен танысу
Жұмыстың мазмұны

1. Бағалы - үлбір шикізатының ассортименттері

2. Бағалы - үлбір терілерінің құрылымы
Әдістемелік көрсеткіш

1. Қазахстанның кең территориясы әр түрлі бағалы аңдарға бай және аңшылық кәсібі дамыған, адамдар өмірінде алатын орны айтарлықтай, ал терілері үлбір өндірісінің тауар айырбасының маңызды саласын құрайды. Алуан түрлі айлалы тордың көмегімен, өз беттерімен атудың және қақпанның көмегімен тиін, сусар, түлкі, ақ тышқан, сілеусін, бұлғын, қоян, қара күзен, кәмшат, су тышқан, құндыз, қасқыр және аюларды көптеп аулады. Аса бағалы аңшылық аңдары - бұл бұлғын, сусар, кәмшат, сілеусін, күзен, өзендік құндыз, тиін, қара күзен, су тышқаны және ондатр. Аңшылық арқылы жабайы бағалы аңдардың 40 жуық түрі ауланады. Аңдарды өсіру, ұстау және жем беру тәсілдерін тұрақты жетілдіру, аң өсіру шаруашылығын жоғары дәрежеде ұйымдастыруға және рентабельді бағалы аң терісінің өндірісіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бағалы аң терісін дамытумен негізінен арнайы маманданған аң өсіру шаруашылығы айналысады. Аң өндірісі көптеген елдерде бар, сондай-ақ аң өсіру шаруашылығы тұтынушылар арасында үлкен даму алды. Соңғы жылдары саз құндызын өсірумен аң шаруашылығы айналысуда. Торда күзеннің алуан түрлерін түсті түрлерін, күміс-қара, платина, ақ тұмсықты, ақшақарлы, қызыл түлкіні, көгілдір түлкі, бұлғын, саз күзені және күзен өсіріледі. Сонымен қатар шаруашылықта жанат, уссуриялық жанатын, ондатр, көгілдір түлкіні, күміс-қара түлкімен бу- андастыру жұмыстары жүргізіледі.

Мал шаруашылығының барлық салалары: мал, қой, ешкі, бұғы, қоян шаруашылығы үлбір және қой ішігінің шикізатын алатын қайнар көз болып табылады. Ірі мүйізді мал үй жануарларының аса көп тобының бірі. Үлбір өндірісінде бұзау үлбірі деп аталатын ірі мүйізді малдың алғашқы түкті жабыны бар бұзау терісі қолданылады. Ең жақсысына биіктігі 1 см дейін болатын қалың, құлпырмалы немесе тегіс, жылтыр түкті қабаты бар терілер жатады. Түкті қабатының биіктігі 2,5 см бо- латын терілер былғары өндірісінде қолданылады. Түкті жабынның үзындығы жон арқасының ортасынан миллиметрлік сызғышпен өлшенеді. Біздің еліміздің кең территориясында сыртқы ортаның әсерінен қалыптасқан және будандастыру жүмыстарын жүргізу арқылы шығарылған - асыл түқымды ат түқымдарын өсіріледі. Түқымына қарай аттар: мінетін, жеңіл жегілетін және ауыр көтеретін деп бөлінеді. Үлбірге биіктігі 2 см аспайтын қалың түкті қүлын терілері қолданылады. Үлбірлі қүлын терілерін жасына тәуелді келесі түрлерге жіктейді: қүлын - түсік және жылбысқы терілері; қүлын - еметін - үш айға дейінгі қүлын терісі; қүлын - өскінді- үш айдан 6 алты айға дейінгі қүлын терісі. Үлбірлі бүзау және қүлынның өңделген терілерін боялған және боялмаған түрде, ерлер және әйелдер пальтосын және жартылай паль- тосын дайындау үшін қолданылады. Қаракөл малын өсіретін негізгі елдер Өзбекстан, Қазақстан, Түркмения, Украйна және Ресей болып табылады. Қаракөл дайындамаларының жартысынан көбі қара түсті, 10%- сүр және 15% - қанық-сүр түсті, қалғаны будандастырылған қаракөл. Үлбір шикізатын алу үшін, жас және өскен ешкі терілері қолданылады. Малдардың түлегеннен кейінгі қазан-қараша айында сойылған терілері қолданылады. Өңделген табиғи және боялған ешкі терілерінен, үлкен ешкі терілерінен балалардың және әйелдердің паль- тосын, жартылай пальтосын және бас киімдерді дайындайды. Әдемі, жақсы жылу сақтағыштық, қажетті ылғал және бу өткізгіштік қасиеті бар табиғи үлбірлерді қысқы киімдерді дайындау үшін қолданылады (үстіңгі материал ретінде, сондай-ақ сәндік және жылытатын ретінде).

Әр түрлі малдардың өңделмеген терілері бағалы үлбір шикізаты деп аталады. Бағалы - үлбір шикізатының ассортименттерін үш классқа бөледі: бағалы шикізат, үлбірлі шикізат және теңіз аңдарының үлбірлі терілері. Бағалы шикізат деп - аң аулау арқылы алынған жабайы аңдардың өңделмеген терілерін атайды. Үлбір шикізаты деп - түкті қабаты жақсы дамыған кейбір үй жануарларының өңделмеген терілері (қаракөл, қоян, қүлын, елтірі және бүзау терілері). Теңіз аңдарының үлбірлі терілері деп - үлбір бүйымдарын жасауға жарамды, белгілі бір жастағы теңіз мысығының, итбалық және нерп терілерін атайды. Үлбір бүйымдарын тігу үшін түкті жабыны жақсы дамыған, сыртқы түгін жақсартатын және қажетті қасиеттерін қамтамасыз ететін, сәйкес бояудан және әрлеуден, өңдеу операцияларынан өткен терілер қолданылады. Бүндай терілер жартылай фабрикат деп аталады. Бағалы - үлбір жартылай фабрикатының ассортименті келесі топтарға бөлінеді: бағалы жартылай фабрикат - өңделген бағалы аң терілері; қаракөл жартылай фабрикаты - әртүрлі түқымдас қойлардың өңделген терісі; қой - үлбір жартылай фабрикаты - өңделген әр түрлі түқымдас үлкен қой терілері (үлбірлік қой терілері); үлбірлі жартылай фабрикат - өңделген қоян, мысық, ит, бүғы, қүлын, бүзау, ешкі терілері; теңіз аңдарының терілері - өңделген теңіз мысығының ит балықтың және нерптің терілері; пластина және үлбір.

2. Бағалы - үлбір терілерінің құрылымы. Бағалы-үлбір терісі былғарыдан және түкті жабыннан түрады. Былғарыны көлденең кесіндісінде эпидермис, өзең және терасты - май қабаттарын ажыратуға болады. Өзеңінде түкті қабаты бар былғарыньщ негізгі қабатын қүрылымдағы болатын коллагенді, эласты, ретикулинді талшықтар, өзара тоқылу нәтижесінде түкті қабаты бекітіліп, бағалы - үлбір терісінің негізін қүрайтын тығыз және берік, қалыңдығы жоғары тоқыма түзеді. Былғары астары. Әр түрлі қалыңдықты, тығыздықты болады, сондықтан алдымен созылуға беріктігін, созылғыштығын және салмағын анықтайды. Түкті жабын үлбірді сипаттаудағы анықтағыш көрсеткіші болып табылады, себебі бүл көрсеткіштен үлбірдің эстетикалық қасиеті ғана емес және басқада пайдалану қасиеттері тәуелді. Түкті жабынды қүрайтын түктер, әр түрлі, қалыңдығы, биіктігі, бүйралылығымен және ішкі қүрылымымен ажыратылады.

Түкті жабын үш негізгі шаш түріне бөлінеді: мамық, қылшық және бағыттауыш. Мүның әрқайсысы теріде өзінің функцияларын орындайды. Мамық түктер - аса жүқа және қысқа, әрдайым қатты бүйраланған. Олар негізінен түктің негізгі көлемінің көпшілігін қүрайды, сонымен қатар жартылай фабрикаттың эстетикалық және пайдалану қасиетіне әсер етеді. Қылшық - жуан әрі үзын және бағыттаушы жүндерге қарағанда жиі өскен. Багыттауыш түктер - ең жуан, үзын, серпімді, сирек өскен, басқа жүндерге қарағанда үшы шығып түрады. Олардың боялуы айтарлықтай бір түсті. Түкті жабындағы бағыттауыш түктердің саны 1 см2 10-15 да- надан келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет